17 мамыр 2014 20:14

Ұшақ апатынан үш адам аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АН-74 ұшағы. Сурет globaltrans.ru сайтынан алынған АН-74 ұшағы. Сурет globaltrans.ru сайтынан алынған

"Лаос Халықтық Демократиялық Республикасының әскери әуе күштеріне қарасты АН-74 ұшағының апатынан 17 адам қайтыс болып, үш адам аман қалған" деп мәлімдейді Tengrinews.kz  РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Лаос Халықтық Демократиялық Республикасының әскери әуе күштеріне қарасты АН-74 ұшағының апатынан 17 адам қайтыс болып, үш адам аман қалған" деп мәлімдейді Tengrinews.kz  РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қайтыс болғандар қатарында ЛХДР вице-премьері және қорғаныс министрі Дуангтяй Пхичит пен оның жұбайы, қорғаныс министрлігінде жауапты қызмет атқарған подполковник Тханда Пхичит, сондай-ақ ЛХДР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Тхонгбан Сенгапхон, Вьентьяна мэрі Сукан Махалат және Лаос Халықтық революциялық партиясы ОК хатшылығының мүшесі, партия ОК-нің насихат және тәрбие бөлімінің жетекшісі Чыанг Сомбункхан бар.

Ресми дерек ЛХДР Жоғарғы халықтық жиынның (парламент) төрағасы Пани Ятхотудің өлгенін жоққа шығарады. Өйткені ол оған дейін Сиенгкуанг провинциясына күнделікті авиорейспен келген.

Кейбір дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, аман қалғандардың бірі парламен төрағасының жеке хатшысы көрінеді. Сондай-ақ дерек көздері ұшақ экипажының екі мүшесі аман қалғанын айтады.

Теледидардан көрсетілген бейнетаспаға қарағанда, жолаушылар солоны өрттен қатты зардап жеткен. Жерге соғылғанда бөлініп кеткен пилот кабинасы мен ұшақтың артқы бөлігіне залал келмеген. Ұшақ апатына байланысты Лаос билігі қазірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

АН-74 ұшағы VIP-конфигурация бойынша Лаос әскери әуе күштерінің тапсырысымен 2009 Харьков авиазаводында құрастырылған. Бұған дейін бортында 14 жолаушысы бар авиолайнердің Сиенг Куанг провинциясына барар жолда апатқа ұшырағаны айтылған болатын. Әскери қолбасшылар Лаос халықтық армиясының екінші дивизиясының мерейтойына бара жатқан.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети