Венадағы атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венадағы атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ REUTERS©

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Венадағы атыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Венадағы атыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2 қарашада кешке Австрия астанасы Венада белгісіз адамдар атыс шығарған. Жергілікті биліктің айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Австрия полициясы терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізіп жатыр. Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын ала мәліметі бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында терроршылардың Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан екі адам - ер адам және әйел қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети