25 шілде 2014 09:47

Венесуэла Қытай мен Ресейден қару сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Венесуэла президенті Николас Мадуро. REUTERS/Ueslei Marcelino© Венесуэла президенті Николас Мадуро. REUTERS/Ueslei Marcelino©

"Венесуэла президенті Николас Мадуро Каракастың Қытай мен Ресейден қарудың жаңа партиясын сатып алатыны туралы мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Венесуэла президенті Николас Мадуро Каракастың Қытай мен Ресейден қарудың жаңа партиясын сатып алатыны туралы мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Мадуроның сөзіне қарағанда, бұл туралы ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен және Ресей президенті Владимир Путинмен тиісті келіссөздер жүргізген. "Отанымыздың қару жүйесін алдыңғы қатарлы қару-жарақпен қамтамасыз ету, әскери-техникалық базасын нығайту бойынша, жақын күндері комиссия жұмыс бастайды"-дейді ол.

Агенттік мәліметіне қарағанда, бұған дейін Әлемдік қару-жарақ саудасын саралау орталығының директоры, Игорь Коротченко 2012-2015 жылдардағы кезеңде Венесуэла Ресейдің әскери экспорты бойынша, Үндістаннан кейінгі, екінші орынға шығып, екі ел арасындағы қару-жарақ саудасының көлемі 3,2 миллиард долларға жететінін мәлімдеген болатын. 2005-2009 жылдар аралығында Ресей Венесуэлаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерін, танктер, бір дүркін ату жүйесін, бронетехника мен артиллериялық қарулар сатқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети