19 қыркүйек 2022 09:20

Венгрия премьер-министрі Украина өз аумағының жартысынан айырылуы мүмкін екенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Ресеймен әскери қақтығыс кезінде өз аумағының үштен бірінен немесе жартысынан айырылуы мүмкін. Соғыстың өзі 2030 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жабық отырыста осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Орбан сөзінің қысқаша мазмұнын Szabad Europa жариялады. Венгрия премьер-министрінің айтуынша, соғыс жергілікті сипатқа ие болар еді, бірақ Батыс араласып, оны жаһандық етіп жіберді, енді Еуропа санкцияларымен "өз аяғынан шалып отыр".

Орбан санкциялардан туындаған энергетика дағдарысына байланысты Еуропа өнеркәсібінің 40 пайызына дейін қыста жабылуы мүмкін деп болжайды. Еуропа көшбасшылары санкциялар пакетін күзде тағы алты айға ұзарту туралы келіссөздер жүргізеді деп күтіледі және Орбан олардың ұзартылуына жол бермеу үшін күш салуды жоспарлап отыр.

Виктор Орбан қазір Еуроодақтағы санкцияларды ұзартқысы келмейтін іс жүзінде жалғыз үкімет басшысы екенін біледі, бірақ қыркүйектегі сайлаудан кейін Италияда оның ұстанымын қолдайтын үкімет құрылады деп үміттенеді.

ЕО-ның болашағына қатысты Орбан еуроаймақ, тіпті Еуропалық Одақтың өзі 2030 жылға дейін ыдырауы мүмкін екенін мойындады.

Сондай-ақ, саясаткер 2040 жылға қарай мұсылман иммигранттары Франция қалаларында басым болатынын, бұл ЕО-ның басқа қалалары мен астаналарында болуы мүмкін деген болжам айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети