01 ақпан 2022 15:15

Вупи Голдберг Холокост туралы пікірі үшін сынға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/whoopigoldberg Фото:instagram.com/whoopigoldberg

Атақты актриса Вупи Голдберг "Холокосттың нәсілге қатысы жоқ" деген сөзінен кейін сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.


Атақты актриса Вупи Голдберг "Холокосттың нәсілге қатысы жоқ" деген сөзінен кейін сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ABC The View шоуында "Маус: Рассказ выжившего" графикалық романына тыйым салу туралы пікірталас болды. Бұл Холокосттан аман қалған поляк еврейі туралы әңгіме. Роман 1992 жылы Пулитцер сыйлығына ие болған. Әңгіме барысында актриса Холокост нәсілге қатысты мәселе емес екенін айтады.

"Шынымды айтсам, Холокост нәсілге байланысты емес. Бұл нәсіл туралы емес, бұл адамгершілігі жоқ адамның адамға деген қарым-қатынасы туралы. Сіздің қара немесе ақ екеніңіз маңызды емес, өйткені қара, ақ, еврейлер... бәрі бір-бірін жейді", - деді Голдберг сұхбатта.

Актрисаның сөздеріне қалың көрермен де, еврей басшылары да оң сыңай танытпады.

"Холокост бүгінде төменгі нәсіл деп саналатын еврей халқын жоюмен байланысты болды. Олар еврейлердің үстінен қарап, нәсілшіл үгіт-насихатын алты миллион еврейдің өлімін ақтау үшін қолданды. Холокостты бұрмалау аса қауіпті", - деді диффамацияға қарсы лиганың атқарушы директоры Джонатан Гринблатт.

"Біздің алты миллион адам газбен уланып, аштық пен қырғынға ұшырады, өйткені нацистер бізді ең төменгі нәсіл деп санады. Қалайша сіз біздің жарақаттарымыз бен көрген азабымызды аз дейсіз?!" - деген Twitter-дегі Stopantisemitism.org тобының мәлімдемесінде.

Кейінірек Голдберг осы мәлімдемеге жауап ретінде Twitter-де хабарлама жариялады.

"Бүгінгі шоуда мен Холокост нәсіл туралы емес, адамның адамға деген қарым-қатынасы туралы деп айттым. Мен мұның осыған да, басқаға да қатысты екенін айтуым керек еді. Бүкіл әлемдегі еврей халқына мен әрқашан қолдауымды аямаймын және ешқашан тоқтатпаймын да. Менің тарапымнан кеткен ағаттық үшін өкінемін. Баршаңыздан шын жүректен кешірім сұраймын. Вупи Голдберг", - деген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети