02 желтоқсан 2021 15:18

WTA теннисшінің жоғалып кетуіне байланысты Қытайдағы турнирлерді тоқтатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пэн Шуай. Фото ©REUTERS Пэн Шуай. Фото ©REUTERS

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) басшысы Стив Саймон Пэн Шуайдың жоғалып кетуіне байланысты Қытайдағы турнирлерді тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WTA сайтына сілтеме жасап.


Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) басшысы Стив Саймон Пэн Шуайдың жоғалып кетуіне байланысты Қытайдағы турнирлерді тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WTA сайтына сілтеме жасап.

Қауымдастық басшысы Стив Саймон мәлімдемесінде Қытай билігі теннисшінің жағдайының жақсы екенін айтып, тұрғылықты жерін көрсетсе де қауымдастық Пен Шуайдың қауіпсіз екендігіне, қысымға, цензураға немесе қорқытуға ұшырамайтынына күмән келтіреді.

©REUTERS 

"Мен бұған көз жұмып қарай алмаймын. Егер әйелдердің аузын жауып, жыныстық зорлық-зомбылық туралы оқиғаны жасырып қалуға тырыссақ, WTA-ның атына кір келтіргеніміз. Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсат әйелдер теңдігі еді. Сондықтан мен және WTA, спортшылар бұған жол бермейміз", - деді Стив Саймон.

Пэн Шуаймен еркін сөйлесе алмайтын елде, жыныстық зорлық-зомбылық оқиғаларын жылы жауып қоятын мемлекетте, спортшыларға билік тарапынан қысым көрсетілетін жерде жарыс өткізуге қарсымын. Басқа спортшылардың мұндай жағдайға түспеуіне кім кепіл?

©REUTERS

"WTA директорлар кеңесінің толық қолдауымен мен Қытайдағы, соның ішінде Гонконгтағы барлық WTA іс-шараларының дереу тоқтатылатынын жариялаймын. Қазіргі жағдайды ескере отырып, мен біздің барлық ойыншыларымыз бен қызметкерлеріміздің қауіп-қатеріне қатты алаңдаймын", - деп қосты WTA басшысы.

Еске салайық, қараша айының басында Пэн Шуай қытайлық Weibo әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өзіне 2013-2018 жылдары Қытай премьер-министрі қызметін атқарған саясаткер Чжан Гаоли сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып жазба жариялады.

Пэн Шуай олардың қарым-қатынасы шамамен 10 жылға созылғанын айтты. Жазба жарияланғаннан кейін көп уақыт өтпей жойылды, содан бері спортшының қайда екені белгісіз. Осыдан кейін WTA тергеу жүргізуге шақырды.

Жазба жарияланғаннан кейін 10 күннен астам уақыт бойы Пэн Шуаймен ешкім байланыса алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети