Янукович пен Меркель Украинаға қатысты маңызды мәлімдеме жасайды

11 Наурыз 2014, 09:59
0
Янукович пен Меркель Украинаға қатысты маңызды мәлімдеме жасайды - Виктор Янукович и Ангела Меркель. Фотосурет lb.ua сайтынан алынды
Виктор Янукович и Ангела Меркель. Фотосурет lb.ua сайтынан алынды
Қызметінен қуылған Виктор Янукович Украинадағы жағдайға байланысты бүгін, яғни наурыздың 11-і күні мәлімдеме жасайды. Бұл туралы РИА Новости, "Интерфакс" және ИТАР-ТАСС секілді ресейлік үш ақпарат агенттігі Януковичтің айналасында жүргендерге сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәлімдеуінше, Виктор Янукович мәлімдемені Дондағы Ростовта жасамақ. Алайда баспасөз мәслихатының қай жерде және қай уақытта өтері белгісіз күйінде қалып отыр.

Виктор Янукович журналистер алдына соңғы рет ақпанның 28-інде Дондағы Ростовта өткен баспасөз мәслихаты кезінде шыққан болатын. Сол кездесуден кейін кейбір БАҚ өкілдері Янукович қатты науқастанып қалды және Мәскеудегі ауруханалардың біріне жатқызылды деп хабарлаған еді. Одан бөлек, әлдебір тілшілер тіпті экс-президент қайтыс болды деп те ақпарат таратқаны мәлім.

Наурыздың 13-і күні Германия канцлері Ангела Меркель де Украинадағы дағдарысқа қатысты үкіметтік мәлімет жасайтын болады. Меркель ханым өз мәлімдемесін Бундестагта жасайды. Еске сала кетейік, Ангела Меркель наурыздың 9-ы күні Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, наурыздың 16-сы күні Қырымда өткелі отырған референдум украиналық заңдарға да, халықаралық құқықтарға да қайшы келетінін атап өткен болатын.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай