Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының рейстерді қабылдап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Haberturk телеарнасына сілтеме жасап.
Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының рейстерді қабылдап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Haberturk телеарнасына сілтеме жасап.
"Біз әуежайды аштық, әуе хабарламалары қалпына келтірілді", - деп келтіреді премьердің мәлімдемесін телеарна.
Осыған дейін Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында таңғы сағат 8.00-ге дейін барлық рейстің тоқтатылғаны хабарланған еді.
Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 60 адам ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда шабуылды екі лаңкес жасаған, олар граната лақтырған.