10 наурыз 2017 16:08

Ыстамбұлда тікұшақ құлап, бес адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұл түбінде тікұшақ құлап, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды жергілікті NTV арнасы. 


Ыстамбұл түбінде тікұшақ құлап, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды жергілікті NTV арнасы. 

Бююкчекмедже ауданы муниципалитетінің басшысы Хасан Акгюн автожолға құлаған тікұшақтан кем дегенде бес адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Қайғылы оқиға Астана уақытымен 14.20-де болған. Тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 5-6 минуттан соң апатқа ұшыраған. 

Акгюннің айтуынша, қаза тапқан бес адамның тікұшақ бортында болғанын айтып отыр. Сондай-ақ, шенеуніктің айтуынша, оқиға кезінде қалың тұман болған. Тікұшақ телевизиялық мачтаның істен шығуынан апатқа ұшыраған боулы мүмкін. 

БАҚ-тың мәліметінше, тікұшақ Eczacibasi компаниялар тобының иелігінде. Тікұшақта жеті адам болған, олардың екеуі пилот. Жолаушылардың ішінде компания басшылары мен шетелдік қонақтар болғаны айтылады. 

Hurriet басылымының мәліметінше, TUYAP тікұшағы құлаған. 

Ал NTV арнасының мәліметінше, тікұшақта болған төрт адам Ресей азаматы болған, олар Eczacibasi компаниясының шақыртуымен барған. Оқиға орнына өрт сөндіру және құтқару қызметтері жөнелтілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети