1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ыстамбұлдағы жарылыстан 11 адам қаза тапты

© REUTERS © REUTERS

Ыстамбұлдағы жарылыстан 11 адам қаза тапты, оның жетеуі полицей, - деп хабарлайды РИА Новости. Тағы 36 адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарға қала губернаторы Васип Шахин хабарлады.

"Жарылыс кезінде жеті полицей және төрт бейбіт тұрғын қаза тапты. 36 адам жарақат алды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Автотұрақта тұрған көлікке мина қойылған екен", - деді тілшілерге Шахин. 

Еске салайық, Ыстамбұлдағы автобус аялдамасында жарылыс болған еді. Оқиғадан кейін атыс болғаны айтылған еді.


© REUTERS

Доллар арзандады
ШҚО-да ұшақ өртенді