04 мамыр 2021 09:45

Зеленский Еуропа уәдесін орындамады деп шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Келісімге қарамастан Еуропалық одақ елдері Украинаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жібермейді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Варшавада өткен бірінші Польша Конституциясының 230 жылдығына арналған шарада мәлім етті, - деп хабарлайды EADaily.

"Біздің ел ештеңе алған жоқ. Бұл әділетсіз", - деді Зеленский. Ол қазір вакцинаның 200 миллион дозасын жеткізу туралы келісімдер бар екенін, бірақ ол жылдың аяғында - биыл үшінші немесе төртінші тоқсанда жеткізілетінін айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлыбритания, Үндістан және АҚШ-пен келісім жасасқан. Бірақ қазір елде 1 миллионнан аз адам екпе салдырған.

"Бұл халық санын ескерсек, өте аз", - деді Зеленский.

3 мамырда Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов соңғы мәліметтер бойынша, пандемия кезінде елде 2,1 миллионға жуық COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелгенін айтты. Оның ішінде өткен тәулікте 2 758 жағдай. Елде 44 750 адам қайтыс болған. Тек 755,1 мың адам вакцина салдырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети