Зейнетақы жинағын ипотекаға жұмсауға мүмкіндік бергелі жатыр

07 Тамыз, 10:31
0
Зейнетақы жинағын ипотекаға жұмсауға мүмкіндік бергелі жатыр - © akchabar.kg
© akchabar.kg

Қырғызстанда әлеуметтік қор қырғызстандықтарға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына төленген қаражатты бастапқы ипотекалық жарнаға және ауыр дерті болған жағдайда шығындарды жабуға жұмсауға рұқсат беруді ұсынды. Тиісті қаулы жобасын ведомство қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Бұл қаулыда тұрғын үй сатып алуға қаражатты мемлекеттік ипотекалық бағдарламаға қатысу кезінде ғана жұмсауға болатыны айтылады, ал дертке ұшырағандар Үкімет белгілеген тізімде болуы тиіс екен.

Мемлекеттік мұрағаттың мәліметтері бойынша, бастапқы жарна орта есеппен - 50 мың сом. Сондықтан зейнетақы жинақтары осы шектен асатын адамдарға төлем жасау құқығын беру ұсынылады. Сонымен қатар, сақтандырылған тұлға қолма-қол ақша ала алмайды, қаражат белгілі бір банк шоттарына аударылады. Ведомстводағылар бұл олардың ұтымсыз жұмсалуын болдырмауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Әлеуметтік қорда өмірге елеулі қауіп төндіретін және қымбат емдеуді қажет ететін ауыр дерт жағдайында төлем механизмі қарастырылған. Ол үшін елдің Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп төлемдер алу үшін аурулар тізбесін анықтайды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін осындай аурудың болуы туралы анықтама жобасы әзірленіпті.

Ведомстводағылар ұсынылып отырған шаралар азаматтарды қаражат жинақтауға ынталандырады деп санайды.

Айта кетейік, Қырғызстанның зейнетақы жүйесіне міндетті жинақтаушы элемент 2010 жылы енгізілген. Жинақтаушы бөлігі зейнетақы есебінен қалыптасады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналарын төленген әрі  сақтандырылған тұлға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) 2 пайыз мөлшерінде есептелген табыс белгіленеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай