14 желтоқсан 2016 23:23

Зимбабвенің 92 жастағы президенті жаңа мерзімге сайлануды ойлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Utro.ru © Utro.ru

Зимбабвенің биліктегі партиясы ZANU-PF қазіргі президент - 92 жастағы Роберт Мугабені сайлауға кандидат ретінде ұсынбақ, - деп хабарлайды Lenta.ru Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Президент сайлауы елде 2018 жылы өтеді.

Партияның хатшысы Игнатиус Чомбо ел президентінің билігін "даналық пен бірлік" үлгісі деп атады. Оның кандидатурасы осы аптада қаралады. 

Мугабе елді 1980 жылдан бері басқарып келеді. Зимбабведе сайлау соңғы рет 2013 жылы өткен. Ол кезде Мугабе  оппозицияның сайлау кезінде белден басушылық болды дегеніне қарамастан жеңіп шыққан. 

Мемлекет басшысының өзі көз жұмғанша ел басқара беруге дайын екенін бірнеше рет айтқан. 

Зимбабве ең кедей елдер қатарында. Ел қиын экономикалық жағдайда, мұнда гиперинфляция және бюджет жетіспеушілігі өршіп тұр. Ал Мугабені диктатура орнатып, оппозицияны қыспаққа алды деп айыптап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети