< Назад к документу

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 34 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 ақпанда № 8060 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 1300 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Аltynsai Progress" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін 2026 жылдың 6 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

Назад к документу

Заңдар - Қауымдық сервитут белгілеу туралы (өзгертулер 22 ақпан 2021) V21CM008060

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 303432
    Қазақ тілінде 150868
    Орыс тілінде 150955
    Ағылшын тілінде 1609
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы