Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 14 маусымдағы № 290-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж, № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:
      "166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің —
                  Елбасының өміріне қол сұғушылық

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, —
      он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      2) 233-баптың ескертуінің 2-тармағы "163," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-баптармен толықтырылсын:
      "317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін —
                  Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы
                  мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан
                  Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының
                  бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш
                  Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі
                  жасау

      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін — Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін бүлдіру —
      айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекеттер, —
      айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету —
      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дел сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне —
                 Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке жене қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы мен қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға қол сұғылмаушылық кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу, —
      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар: № 23, 114-құжат; 2009 ж.. № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат):
      1) 58-баптың бірінші бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      2) 192-баптың бірінші бөлігі "306-бабында," деген сөздерден кейін "317-1-бабында, 317-2-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 301-баптың 3-1-бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 543-баптың, бірінші бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен;н толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-2-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша "Президенті" деген сөзден іс кейін "— Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;
      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат: 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15. 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17,; 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):
      1) 11-баптың үшінші абзацы "Президенті" деген сөзден кейін "— Елбасы" деген сөзбен, "Первый Президент Республики Казахстан" деген сөздерден кейін "— Лидер Нации" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 12-1-баптағы "Тұңғыш Президенті" деген сөздер "Тұңғыш Президенті — Елбасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 34-баптағы "Тұңғыш Президенті" деген сөздер "Тұңғыш Президенті — Елбасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001.ж., № 15-16, 223-құжат):
      тақырып пен мәтін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" деген сөздерден кейін тиісінше "— Елбасының", "— Елбасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат):
      7-баптың 2-тармағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "— Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осы Заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы