Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 12360 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _______________И.Н.Тасмағанбетов

      2015 жылғы 30 қазан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 978 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық әуеайлақтарды пайдалануды жүзеге асыратын немесе қарамағында Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтары бар заңды және жеке тұлғаларға таратылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) әуеайлақтық қамтамасыз ету – бұл әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, рөлдеуі және тұрақтауы үшін тұрақты пайдалану даярлығында әуеайлақтың ұшу алаңын (ҰҚЖ, РЖ, перрондар мен әуе кемелерінің тұрақ орындары) ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;

      2) тау әуеайлағы – жер бедерімен қилысатын және әуеайлақтың бақылау нүктесінен 25 километр (бұдан әрі - км) радиустан астам салыстырмалы түрде 500 метр (бұдан әрі - м) қатыстық биіктігі бар жерде орналасқан әуеайлақ, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 м және одан астам биікте орналасқан әуеайлақ;

      3) межелі әуеайлағы – қонуға белгіленген әуеайлақ ретінде ұшу жоспарында және ұшуға тапсырмада көрсетілген әуеайлақ;

      4) әуеайлақтың таңбалық белгі – аэронавигациялық ақпаратты беруге арналған әуеайлақтың немесе құрылыстың үстінде орналасқан белгі;

      5) аэронавигациялық маяк – барлық бағыттан көрінетін және жер бетіндегі белгілі бір нүктені белгілеуге қызмет ететін тұрақты немесе жарқырауық сәуле шығаратын аэронавигациялық жер үсті оты;

      6) әуеайлақ қызметі – әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай объектілерін қауіпсіз пайдалануды, ұстауды, жөндеуді қамтамасыз етуге арналған әуежайдың құрымдық бөлімшесі (азаматтық авиация ұйымы);

      7) ұшып көтерілу-қону жолағы (бұдан әрі – ҰҚЖ) – әуе кемелерінің қонуы мен ұшып көтерілуі үшін дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың белгілі бір тікбұрышты учаскесі;

      8) басты ҰҚЖ – әуеайлақта әдетте жел өті бағытында орналасқан және барынша ұзындығы бар ҰҚЖ;

      9) ҰҚЖ-дағы (RVR) көріну қашықтығы – ҰҚЖ-ның осьтiк сызығындағы әуе кемесiнiң ұшқышы ҰҚЖ жамылғысының таңбалану белгісі немесе ұшу-қону жолағын шектейтiн немесе оның осьтiк сызығын белгiлейтiн оттарды көре алатындай шектегi қашықтық;

      10) жерге қону аймағы – жерге қонатын ұшақтардың ҰҚЖ-ға бірінші жанасуына арналған ҰҚЖ табаны сыртындағы оның учаскесі;

      11) әуе кемесінің жіктелген саны (ACN) – табанның стандартты беріктігінің белгіленген санаттары үшін жасанды жабында әуе кемесінің салыстырмалы әсерін білдіретін сан;

      12) жабындының жіктелген саны (РCN) – шектелусіз пайдалану үшін жасанды жабындының әсерін білдіретін сан;

      13) соңғы тежеу жолағы (бұдан әрі – ТАЖ) – ұшып көтерілу үзілген жағдайда әуе кемесін тоқтатуға арналған орын алған екпін алу қашықтығы соңындағы арнайы дайындалған тікбұрышты учаске;

      14) ұшу алаңы – бір немесе бірнеше ұшу жолағы, рулеждік жолдар, перрондар мен арнайы мақсаттағы алаңдар орналасқан әуеайлақ бөлігі;

      15) ұшу жолағы – ҰҚЖ және егер ол болса, тежеудің аяқталу жолағын қамтитын белгілі бір учаске, ол мыналарға:

      ҰҚЖ-дан тыс шығып кеткен әуе кемелерінің зақымдану қатерін азайтуға;

      ұшып көтерілу немесе қону кезінде оның үстінен ұшып өтетін әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған;

      16) маркер – кедергілерді немесе шекараны белгілеу үшін жер деңгейінен жоғары орнатылған объекті;

      17) таңбалау белгісі – аэронавигациялық ақпаратты беру үшін жұмыс алаңының бетінде орналасатын нышан немесе нышандар тобы;

      18) қозғалу бағыттары – тек көлік құралдарының пайдалануына арналған, жұмыс алаңының шегінде орнатылған жер үсті бағыттары;

      19) қозғалу бағытындағы күту орны – көлік құралдарына тоқтау ұсынылатын белгілі бір орын;

      20) ҰҚЖ-дағы күту орны – бұрылатын әуе кемесі және көлік құралдары тоқтайтын, егер әуеайлақ диспетчері пунктінен өзге нұсқау болмаса, күтетін, ҰҚЖ-ны, кедергілерді шектеу бетін, ILS/MLS сындарлы, сезімтал аймағын қорғауға арналған белгілі бір орын;

      21) тұрақ орны (бұдан әрі – ТО) – әуе кемесінің тұрағына арналған перронда бөлінген учаске;

      22) жабдықталған ұшып көтерілу-қону жолағы – аспаптар бойынша қонуға бет алуды орындайтын әуе кемелеріне арналған ҰҚЖ типтерінің бірі;

      23) қонуға нақты емес кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – көзбен шолу құралдарымен және ең азы әуе кемесін тікелей қону бағытына апаруды қамтамасыз ететін көзбен шолынбайтын құралдардың қандай да бір түрімен жабдықталған ҰҚЖ;

      24) І санат бойынша қонуға нақты кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – ILS қағидаты (бұдан әрі – ILS) бойынша жұмыс істейтін толқындардың метрлік диапазонын қондыру жүйесінің жер үсті жабдығы жүйесімен және/немесе MLS жүйесімен және шешім қабылдау биіктігінен кемінде 60 м (200 фут) не кемінде 800 м көріну кезінде не ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы кемінде 550 м кезінде ұшуға кіруге арналған көзбен шолу құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;

      25) ІІ санат бойынша қонуға дәл бет алуы үшін жабдықталған ҰҚЖ – ILS жүйесімен және/немесе MLS жүйесімен және шешім қабылдау биіктігінен 60 м (200 фут) кем, бірақ кемінде 30 м (100 фут) және ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы кемінде 350 м кезінде ұшуға бет алуға арналған көрнекі құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;

      26) ІІІ санат бойынша қонуға нақты кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – ILS жүйесімен және/немесе MLS жүйесімен жабдықталған, ҰҚЖ-ға дейін және оның барлық бетінің бойына әрекет ететін және мыналарға:

      А – қонуға кіру үшін және шешім қабылдау биіктігінен кемінде 30 м (100 фут) немесе шешім қабылдау биіктігі бойынша шектеусіз және ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы кемінде 175 м кезінде қонуға;

      В - қонуға кіру үшін және шешім қабылдау биіктігінен кемінде 15 м (50 фут) немесе шешім қабылдау биіктігі бойынша шектеусіз және ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы 175 м кем, бірақ кемінде 50 м кезінде қонуға;

      С – қонуға кіру үшін және ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығында шешім қабылдау биіктігі бойынша шектеусіз қонуға арналған;

      27) перрон – жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, пошта жөнелтілімдері мен жүктерді тиеп, түсіру, жанар май құю, тұрақ немесе техникалық қызмет көрсету мақсатында әуе кемелерін орналастыруға арналған құрлықтағы айлақтың белгілі бір алаңы;

      28) маневрлеу алаңы – әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және бұрылуына арналған әуеайлақ бөлігі, пайдаланылатын перрондар;

      29) рулеждік жолдар жолағы - рулеждік жолды қамтитын және рулеждік жолда пайдаланылатын әуе кемелерін қорғауға және рулеждік жолдан тыс кездейсоқ шыққан әуе кемесінің зақымдану қатерін төмендетуге арналған учаске;

      30) ҰҚЖ шегі – қону үшін пайдаланылатын ҰҚЖ учаскесінің басы;

      31) кедергілерден бос жолақ - орын алған екпін алу қашықтығының соңына жалғанатын, әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) белгіленген жерге дейін алғашқы ұшу биіктігін алу үшін таңдалған, әуежай қызметтерінің бақылауында орналасқан жердің немесе су бетінің тікбұрышты учаскесі;

      32) кедергі – жер бетімен әуе кемесінің қозғалысына арналған аймақта орналасқан немесе әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған белгілі бір биіктікке көтерілген барлық қозғалмайтын (уақытша немесе тұрақты) қозғалатын объектілер немесе олардың бөліктері;

      33) аралық күту орны – бұрылатын әуе кемелері мен көлік құралдары тоқтайтын және әуеайлақтың диспетчерлік пункті одан әрі қозғалысты жалғастыруға рұқсат бергенге дейін күтетін қозғалысты басқаруға арналған белгілі бір орын;

      34) жұмыс алаңы – әуе кемелерінің ұшып көтерілуі, қонуы мен бұрылуына арналған, перронның (перрондардың) маневрлеу алаңынан тұратын әуеайлақ бөлігі;

      35) рулеждік жол (бұдан әрі - РЖ) – құрлықтағы әуеайлақта әуеайлақтың бір бөлігін екіншісімен қосуға арналған әуе кемелерінің бұрылуына орнатылған белгілі бір жол, оның ішінде:

      әуе кемесінің тұрақта бұрылу жолағы – рулеждік жол ретінде белгіленген және әуе кемелерінің тұрақ орындарына ғана жақындауын қамтамасыз етуге арналған перрон бөлігі;

      перронның рулеждік жолы – перронда орналасқан және перрон арқылы бұрылу бағытын қамтамасыз етуге арналған рулеждік жол жүйесінің бөлігі;

      36) қонуға кірудің және ұшып көтерілудің түпкі кезеңі аймағы (FАТО) – үстінен қалықтап тұру немесе қону режиміне дейін қонуға кіру маневрінің түпкі кезеңі орындалатын және одан көтеріліп ұшу маневрі басталатын белгіленген аймақ. FАТО-ны 1-сыныптың ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес ұшуды орындайтын тікұшақтар пайдаланған жағдайда, бұл белгіленген аймақ үзілген ұшып көтерілудің орналастыратын аймағын қамтиды;

      37) ылғалды ҰҚЖ – ылғалдың болу салдарларынан ҰҚЖ беті түсін өзгертеді;

      38) дымқыл ҰҚЖ – ҰҚЖ беті суды сіңіріп алған, бірақ тұрып қалған су жоқ (шалшықтарды ескермегенде);

      39) батпақ – соғылу кезінде жан-жаққа шашырайтын, тығыздығы 0,5-тен 0,8 г/см3-ге дейін су сіңген қар;

      40) құрғақ қар – борпылдақ күйінде жел ұшырып әкететін немесе қолмен қысқаннан кейін суситын қар; үлес салмағы - 0,35 г/см3-ге дейін, бірақ 0,35 г/см3-ді қоспағанда;

      41) сулы қар – қолмен қысқаннан кейін сусымайтын және қарлы кесек құрайтын қар; диапазондағы үлес салмағы 0,35-тен 0,5 г/см3-ге дейін, бірақ 0,5 г/см3-ді қоспағанда;

      42) тығыздалған қар – жерден ажырау кезінде сусымайтын, үлкен кесектерге бөлінетін, одан әрі тығыздауға келмейтін қатты массаға тығыздалған қар; үлес салмағы 0,5 г/см3 және одан астам.

      4. Азаматтық авиациядағы әуеайлақтар мыналарға бөлінеді:

      1) түрлері бойынша – жасанды жабыны бар әуеайлақ, топырақ бетіндегі, қар бетіндегі, мұз бетіндегі және су бетіндегі әуеайлақтар, сондай-ақ жүзетін баржалардың, кемелердің және басқа да құрылыстардың үстіндегі әуеайлақтар;

      2) пайдалану сипаты бойынша – тұрақты және уақытша, күндізгі және тәуліктік әрекет ететін;

      3) мақсаты бойынша – трассалық, зауыттық, жаттығу және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған;

      4) орналасуы және пайдалануы бойынша – базалық, аралық, ұшыру, бағыталған және қосалқы;

      5) теңіз деңгейінен биіктігі мен жер бедері сипаты бойынша – таулы және жазықты;

      6) жіктелуі бойынша – азаматтық авиацияда жіктелетін және жіктелмейтін;

      7) мезеттік, ауысымдық ұшулар үшін әуеайлақтардан басқа мөлшері тиісті типтегі әуе кемелері қауіпсіз ұшып көтерілуі мен қонуын қамтамасыз ететін қону алаңдары пайдаланылады. Мұндай алаңдардағы ұшу қауіпсіздігін, алаңдардың есебі мен тіркелуін азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы қамтамасыз етеді.

2. Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Әуеайлақ қызметін ұйымдастыру

      5. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету әдеттегідей, азаматтық авиация ұйымдарының әуеайлақ қызметімен (әуеайлақты пайдаланушы) жүзеге асырылады, оның штатында әуеайлақ қызметінің әуеайлақты пайдалану жөніндегі инженерлері мен техниктері, шеберлері, жұмысшылары болуымен.

      Штат бойынша әуеайлақтық қызмет қарастырылмаған, санаты жоқ әуеайлақтар мен қону алаңдарында, әуеайлақтық қызмет көрсету штатында азаматтық авиация саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар және ұшуларды әуеайлақтық қамтамсыз етуге азаматтық авиация ұйым басшысының бұйрығымен жіберілген тиісті мамандар бар азаматтық авиация ұйымындағы басқа да қызметтермен немесе бөлімдерімен жүзеге асырылады.

      Уақытша әуеайлақтар (тікұшақтық) мен қону алаңдарын пайдалануда ұстауды және ұшуға дайындауды оның иелері жүзеге асырады, ұшу алаңдарының жағдайын бақылау азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен азаматтық авиация саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар қызметкерге жүктеледі.

      6. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етудің (әуеайлақ қызметінің) негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

      1) ұшу алаңдары элементтерінің жағдайын бақылау;

      2) осы Қағидаларға, азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарға, ИКАО құжаттарына сәйкес әуеайлақтың ұшу алаңын тұрақты пайдалану дайындығында ұстау;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес әуеайлақты қауіпсіз пайдалануға жағдайының өзгеруі және/немесе жарамдығы туралы ақпаратты әуе қозғалысын басқару қызметіне және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дұрыс және уақытылы ұсыну;

      4) әуеайлақ жанындағы аумақатардың жағдайын бақылау (таңбалау жағдайы мен бар кедергілерді жарықпен қоршау, келісілмеген объектілерді тұрғызу мен құрылысын анықтау).

      Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде адами фактордың аспектілері ескеріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әуеайлақ қызметінің құрылымы мен саны жұмыс көлеміне қарай және әуеайлақты әуе кемелерін қауіпсіз пайдалануға тұрақты дайындықты қамтамасыз етуді ескере отырып, азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы (әуеайлақ иесі) айқындайды.

      8. Әуеайлақ қызметі мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) әуе кемелерін ұшыруға ұшу алаңын сапалы және қауіпсіз пайдалануда ұстау және дайындау;

      2) ұшу алаңын, оның ішінде курстық радиомаякты (бұдан әрі – КРМ), глассадалық радиомаякты (бұдан әрі – ГРМ) және радиомаяк жүйесін (бұдан әрі – РМЖ) ұшуға уақтылы және сапалы дайындау. КРМ, ГРМ және РМЖ аймақтарын ұстау үшін әуежай мен азаматтық авиация ұйымының арасында шарт жасалады, онда екі тараптың техникалық және қаржылық шығындарының ара-жігі ажыратылады;

      3) параметрлерді өлшеу, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) ұшу алаңы элементтерінің жай-күйін бақылау және бағалау;

      4) ұшу алаңына, ұшып–қону жолағына, рулеждік және магистралдық жолдарға, су бөлу-дренажды жүйелерге, әуежай ішілік жолдар мен вокзал маңы алаңдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын (ағымдық және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды) ұйымдастыру және жүргізу;

      5) ұшу алаңындағы жұмыстарды әуе қозғалысының басқару қызметінің (бұдан әрі – ҰҚБ қызметі) рұқсатымен орындау;

      6) ұшу алаңында құрылыс жұмыстары мен әуежай қызметтері және басқа ұйымдар жүргізетін басқа қызметтерді келісу және мониторинг жүргізу;

      7) техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды орындау;

      8) әуеайлақты ұстауға және техникалық қызметті көрсетуге (жөндеуге) бөлінетін материалдық ресурстарды дұрыс сақтау және жұмсау;

      9) орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      9. Азаматтық авиация ұйымдарында бірінші басшының бұйрығымен әуеайлақтардың сапалы және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін белгілі бір адам тағайындалады, ол:

      1) осы қағидалардың, "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалану жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) талаптарына сәйкес әуеайлақтың ұшу алаңдарын, ҰҚЖ және басқа да объектілерін пайдалануда ұстау және жөндеу бойынша басшылықты қамтамасыз етеді;

      2) басқа ведомстволармен бірлесіп орналасқан әуеайлақты пайдаланумен байланысты ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді шешеді;

      3) ұшу алаңдарын жоспарлы, мерзімдік, күрделі және ағымдық жөндеуді орындауды қамтамасыз етеді;

      4) ұшу алаңдарының жай-күйі бойынша әуе кемелері ұшуларының кідіруі мен ұшпауын болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      5) әуеайлақ қызметі бойынша жұмыс құжаттамасына, әуеайлақтарды ұстау мен пайдалануды регламенттейтін құжаттамаға, оның ішінде әуеайлақ жөніндегі нұсқауға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулардың есебін жүргізеді;

      6) әуеайлақты ұшуға дайындау мен қамтамасыз ету кезінде әуежайда орналасқан немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын әуеажай қызметтері мен азаматтық авиация ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілердің жұмысын өзара үйлестіруді жүргізеді;

      7) әуеайлақта әуе кемелерінің қозғалысын ұйымдастыру мен зақымдануын алдын алу жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде ҰҚЖ, перронда, магистралды РЖ (бұдан әрі - МРЖ), РЖ, ТО және әуеайлақ аумағындағы тиісті таңбалау мен белгілер жағдайына бақылауды жүзеге асырады;

      8) ұшулардың қауіпсіздігі жөніндегі инспектормен бірлесіп, жер үсті қызметтерінің кінәсі бойынша әуе кемелерінің ұшу реттілігінің бұзылуы жағдайларын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, енгізуді және бақылауды жүзеге асырады;

      9) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектормен бірлесіп, әуеайлақ ауданындағы, сондай-ақ әуеайлақ маңы аумағындағы ұшу қауіпсіздігіне, құрылыс жұмыстары мен басқа қызметтерге қауіп төндіретін кедергілерді, оның ішінде аэронавигациялық емес оттарды бағалау және мониторингілеу (есепке алу) жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және шаралар кабылдайды және қажет болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әуеайлақтың ұшуға дайындығын айқындайтын адамдар әуеайлақ қызметінің бастығы (егер әуеайлақтық қамтамасыз ету осы бөлімнің функциясына кірсе, жер үсті құрылыстарын пайдалану бөлімінің бастығы), әуеайлақ қызметінің аға (ауысым) инженері, әуеайлақ қызметінің шебері немесе азаматтық авиация саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар, ұшу алаңын ұшуға дайындауға жауапты, азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етуге жіберілген басқа белгілі бір адам болып табылады, олар:

      1) ұшу алаңын тұрақты пайдалану дайындығында ұстау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      2) ұшу алаңының жай-күйін және әуе кемелерінің ұшуына дайындығын бақылайды;

      3) әуеайлақтық диспетчерлік пункте ұшу алаңындағы жөндеу және құрылыс жұмыстарын есепке алу журналында алда болатын жөндеу және құрылыс жұмыстары туралы жазбаларды уақтылы жазады;

      4) ҰҚЖ-дағы жөндеу және басқа да жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін оның әуе кемелерін қабылдау, шығару дайындығына жеке бақылау жүргізеді;

      5) әуеайлақтың әуе қозғалыстарын басқару қызметтеріне істелініп жатқан жұмыстар мен ұшу алаңының жағдайы туралы хабардар етеді және қажет болған жағдайда, аэронавигациялық жабдықты іс-әрекетке қосу, оның жағдайы немесе оның кез келген өзгерісі, қызмет көрсетуі туралы қағидаларды немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты, ұшуларды орындауға байланысты персоналға маңызды хабарды өз уақытында ескерту туралы ақпаратты қамтитын, электр байланыстарының құралдары арқылы таратылатын NOTAM хабарлама беріледі (бұдан ары - NOTAM);

      6) қызметтің жеке құрамына, арнайы көлік қызметінің жүргізушілер құрамына әуеайлақ қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сынақтар қабылдай отырып, сабақтар жүргізеді;

      7) ұшу алаңында жұмыстарды орындау кезінде әр 15 минут сайын мұнара диспетчерлік пунктінің (бұдан әрі – МДП) және/немесе старттық диспетчерлік пунктінің (бұдан әрі – СДП) диспетчерімен радиобайланысты бақылаулы тексеруден өткізеді. Радиобайланыс жоғалған немесе ол тұрақты болмаған кезде және ұшу қауіпсіздігінің басқа да талаптарының бұзылуы мен қажет болған жағдайда әуе кемелерін ұшыруды (қондыруды) қамтамасыз ету кезінде жолағынан тыс арнайы техникалар мен әуеайлақтық механизацияларды әуайлақта жұмысын тоқтату және шығару жөніндегі шараларды қабылдайды;

      8) ілінісу коэффициентіне өлшеу жүргізеді және өлшеу нәтижелері бойынша ҰҚЖ-ның әуе кемелерін қабылдауы мен шығаруына дайындығы туралы шешім қабылдайды;

      9) ұшу басшысының (бұдан әрі – ҰБ) немесе МДП (СДП) диспетчерінің командасы бойынша ұшу алаңы мен РМЖ-ның сындарлы аймағын әуеайлақ механикаландыру құралдары мен адамдардан дереу босату шараларын қабылдайды;

      10) қажет болған жағдайда ұшу кезеңінде ұшу-қону жолағына, рулеждік жолдарына, перрондарға мониторингті жүзеге асырады;

      11) ҰҚЖ-ға ауқымды және жылтылдау (импульсті) оттарымен, радиостанциялармен немесе көлік құралдарының позициялық жүйелерінің қабылдау-бергіштерімен және сүйреу құрылғыларымен жабдықталмаған арнайы техника мен әуеайлақ механизациясына шығуға тыйым салады.

      11. Әуеайлақ қызметіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында азаматтық авиация ұйымының арнайы көлік қызметінің бастығы:

      1) әуеайлақ қызметі бастығының және/немесе маманының қарамағында оның талабы бойынша қыс мезгілінде 20 минуттан кешіктірмей, кез-келген метеожағдайларда, ауаның төмен температурасы және басқа да ауа райының құбылыстары кезінде, ал жаз мезгілінде бір тәулік бұрын алдын ала өтінім бойынша ауқымды және жарқырауық оттармен, радиостанциялармен немесе көлік құралдарының позициялық жүйесінің қабылдау-бергіштерімен және сүйреу құрылғыларымен жабдықталған жарамды күндегі техниканы бөлуді қамтамасыз етеді;

      2) арнайы көлік қызметінен тиісті адамдарды және әуеайлаққа шығар алдында жүргізушілердің нұсқаулық пен медициналық бақылаудан өтуін қамтамасыз ете отырып, әуеайлақтағы орын ауыстыруға рұқсаты бар азаматтық авиация ұйымының басшының бұйрығымен ресімделген жүргізушілерді бөледі;

      Арнайы техника және әуеайлақ механизациясының жүргізушілері әр әуеайлақта әуеайлақ бойынша белгіленген қозғалыс тәртібін білуі керек.

      3) мол қар жауған жағдайда, әуеайлақта қар жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін жүргізушілер құрамының, арнайы машиналар мен механизмдердің қосымша резервтерімен қамтамасыз етеді.

      ҰҚЖ-ға ауқымды және жылтылдау оттарымен, радиостанцияларымен немесе көлік құралдарының позициялық жүйесінің қабылдау-бергіштерімен және сүйреу құрылғыларымен жабдықталмаған, сондай-ақ ДПВ (СДП) диспетчерімен және жұмыстар жүргізіп жатқан қызметтің белгілі бір адамымен байланыс үшін радиостанциясы бар арнайы машинаның ілесіп жүруінсіз техника мен автокөлік құралдарына шығуға тыйым салынады.

      12. Әуеайлақ қызметі мамандарын өздік жұмысқа рұқсат беру мынадай кезекте жүзеге асырылады:

      жұмысқа маманды қабылдау туралы бұйрықты шығару;

      анағұрлым тәжірибесі мол маманның басшылығымен маманды сынақтан өткізу (әуеайлақтың ерекшеліктерімен танысу және зерделеу, әуеайлақты ұстау бойынша технологиялар, әуеайлақта ұшуларды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын басқа қызметтермен және ұйымдармен өзара әс-әрекеттесу тәртібі, қызмет мамандарының жұмыс технологиялары, ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар);

      ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттамаларды, әуеайлақты ұстау жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтарды және технологияларды білуі бойынша сынақ алу;

      өздік жұмысқа рұқсат беру туралы бұйрықты шығару.

      Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша (әуеайлақ қызметі) мамандарына үш жылда бір рет біліктіліктерін арттыру курстарынан өтуге ұсынылады.

2-параграф. Ұшу алаңын ұшуға дайындау және ұстау

      13. Ұшуға ұшу алаңын тұрақты пайдалануды дайындауды қамтамасыз ету мақсатында әр әуеайлақта оның техникалық жағдайына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыруы тиіс.

      Ұшу алаңының жағдайына жүйелі бақылау мыналарды қамтиды:

      күнделікті жедел тексеріп қарау;

      бақылаулы тексеріп қарау;

      жоспарлы тексеріп қарау;

      жоспардан тыс тексеріп қарау.

      Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша мамандар (әуеайлақ қызметі) ауысымға түсер алдында күнделікті жедел тексеру жүргізеді. Бұл ретте жасанды жабын мен топырақты ҰҚЖ ұшу алаңының элементтерінің жағдайын жедел тексеру жүргізіледі. Анықталған ақаулар бойынша пайдалануға ұшу алаңы элементтерінің жарамдығын анықтау мақсатында олардың рұқсатты шектеулі мәніне сай екендігіне талдау жасалады.

      Бақылаулы тексеріп қарау әуеайлақтың жұмыс алаңында бөгде заттардың болу мәніне жүргізіледі. Бақылаулы тексеріп қарау үш сағаттан астам емес интервалмен жүргізіледі, ал ұшудағы үш сағаттан астам үзіліс кезінде бақылаулы тексеріп қарау ұшуларды жаңарту алдында (әуе кемесінің әрбір ұшу немесе қонар алдында) жүргізіледі. Тексеріп қарау нәтижелері бойынша бөгде заттардан әуеайлақ жабынын жедел тазалау шаралары қабылданады.

      Жоспарлы тексеріп қарау күз-қыс маусымында кезеңге (бұдан әрі - КҚМ) немесе көктем-жаз маусымында (бұдан әрі - КЖМ) жұмыстарға дайындық кезінде жүргізіледі. Жоспарлы тексеріп қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысанға сәйкес ақаулар актісі жасалып, ақаулар акітісінің негізінде анықталған жасанды жабындының ақауларын жою бойынша жоспарлар жасалады.

      Жоспардан тыс тексеріп қарау қарқынды жауын-шашын түскеннен, ұйтқыған желден, табиғи апаттардан немесе басқа да қолайсыз факторлардың әуеайлаққа әсер етуінен кейін жүргізіледі.

      14. Әуеайлақтың ұшу алаңы элементтерінің мынадай параметрлері келесі бақылауларға жатады:

      1) ЖҰҚЖ жасанды жабындыда:

      ілінісу коэффициенті;

      жабындының тазалығы мен бөгде заттардың болуы;

      таңбалаудың көрінісі мен жағдайы және таңбалау белгілері;

      жабындының ақаулары мен зақымдануының болуы;

      атмосфералық жауын-шашынның болуы, түрі мен қалыңдығы, оның ішінде қар үйіндісінің болуы мен биіктігі;

      жауын қабылдағыш және шолу құдықтарының жағдайы;

      шөп қалыңдығының болуы мен биіктігі.

      2) әуе кемелерінің МЖЖ, РЖ, перронында және ТО:

      таңбалау белгілерінің жағдайы және көрінуі;

      Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) ұшу алаңының параметрлерін өлшеу, элементтерінің жай-күйін бақылау және бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Әуеайлақ қызметінің мамандары ауысымға түсуі (кезекшілік) және ауысым (кезекшілік) кезінде:

      1) ұшуларға ұшу алаңын дайындауды жүйелі бақылау жүргізеді;

      2) коэффициентті өлшеу үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған, бөлінген арнайы автомашиналарды пайдалана отырып, жасанды ҰҚЖ (бұдан әрі - ЖҰҚЖ) ілінісу коэффициентінің мәнін анықтайды;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшадағы нысанға сәйкес жүргізілетін ұшу алаңының жай-күйі журналына (бұдан әрі - Журнал) тексеріп қарау нәтижелерін тіркейді.

      4) ұшу басшысына (МДП (СДП) диспетчеріне) ұшу алаңының жай-күйі туралы телефон арқылы және (немесе) магнитофон таспасына жаза отырып, радиобайланыстың УҚТ немесе басқа жазу құрылгылары арқылы хабарлайды.

      16. Журналдағы жазба ауысымға түскен кезде және ауысымның аяқталуы кезінде, ұшу алаңы бетінің, элементтерінің жай-күйі өзгерген кезде және ұшу алаңын ұшуға дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      17. Журнал нөмірленген, тігілген және азаматтық авиация ұйымының мөрімен бекітілген кітап. Журналдағы жазба тек өшірілмейтін сиямен немесе қаламмен жазылады. Қарындашпен жазуға, өшіруге, бұрын жазбада жазылғандарды дұрыстауға рұқсат етілмейді.

      18. Журналды әуеайлақ қызметінің бастығы (бас инженері, технигі) немесе азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған және тиісті білімі бар басқа лауазымды адам толтырады.

      19. Журналды жүргізудің дұрыстығын бақылауды азаматтық авиация ұйымының басшысына жүктеледі.

      20. Журнал әуеайлақ қызметінде болуы тиіс. Толығымен аяқталған журнал әуеайлақ қызметініі мұрағатына тапсырылып, онда үш жыл сақталады.

      21. Әуеайлақты жабумен байланысты жөндеу және алдын алу жұмыстары ұшу басшысымен келісім бойынша және аэронавигациялық ақпарат қызметінің (бұдан әрі – ААҚ) хабарламасы бойынша жүргізіледі, бұл ретте ААҚ бұл хабарламаны алғандығы туралы ұшу басшысына (немесе әуеайлақ пайдаланушысына) растайды.

      22. Әуеайлақтық техникалық қызмет көрсету (жөндеу) ұшуларға әуеайлақты тұрақты пайдалану дайындығын және онда әуе кемелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақтың өзін, сондай-ақ оның элементтерін және конструкцияларын ұстауға немесе оның алғашқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық іс-шаралар кешеніне кіреді.

      Ұшу алаңына техникалық қызмет көрсету ҰҚЖ, топырақты ҰҚЖ (бұдан әрі – ТҰҚЖ), РЖ, Магистралды РЖ, ТО мен перронның ақауларын, жол берілмеген бұзылулар мен түрленуді жоюды білдіреді.

      23. Көлемі мен сипатына қарай әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету (жөндеу) жұмыстары бойынша ағымдағы және күрделі болып бөлінеді.

      24. Ағымдағы техникалық қызмет көрсетуге (жөндеуге) ұшу алаңының элементтерін және олардың құрылыстарының алдын ала қираудан, тозудан ұсақ ақауларды және жөнсіздіктерді дер кезінде жою арқылы жүйелі сақтау бойынша жұмыстар жатады.

      Ағымдағы жөндеу жоспарлы және күтпеген болып бөлінеді.

      Жоспарлы жөндеу азаматтық авиация ұйымының басшысымен бекітілген, алдын ала дайындалған жоспар бойынша жасалады.

      Күтпеген жөндеу әуеайлақты пайдалану процесінде қажеттілік туындаған жағдайда орындалады.

      Күтпеген немесе апаттық сипаттағы ақаулар, сондай-ақ жасанды жабын ақаулары немесе шектеулі-рұқсат етілген шектен асатын ұшу алаңының элементтерінің топырақ бетінің ақаулары (осы Қағидалардың 35-тармағы) жедел түрде жойылуы тиіс.

      Ағымдағы жөндеуге ұшу алаңы элементтерін және олардың құрылыстарын алдын ала тозудан, бұзылудан ақауларды жою арқылы жүйелі және уақтылы сақтау бойынша жұмыстар жатады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары ұшуларды тоқтатпай орындалуы мүмкін.

      25. Күрделі жөндеу процесінде бұзылған, түрленген және тозған елеулі көлемдегі конструкцияларды түзету немесе ауыстыру, не оларды анағұрлым төзімділерге және үнемділерге ауыстыру, сондай-ақ ұшу алаңының (әуеайлақтың) бастапқы негізгі техникалық сипаттамаларын өзгертпей микробедерлерді түзету жүргізілетін жұмыстар жатады.

      Әуеайлақ жабындарын күрделі жөндеу көлемі мен тәсілі ақау жоспары бойынша олардың техникалық жай-күйін бағалау негізінде белгіленеді. Әуеайлақ жабындарын күрделі жөндеуді, қайта жаңартуды "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабымен белгіленген лицензиясы бар құрылыс ұйымдары орындайды.

      26. Жөндеу түрінің қажеттілігі және мақсаты шектеулі жағдай критерилерімен бағаланатын, жасанды жабындының техникалық жағдайына байланысты болады, бұл ретте жабындарды одан әрі пайдалануға жол берілмейді. Шектеулі жағдайды бағалау критериіне, жабындының бұзылуы, әсіресе оның беткі қабатының бұзылуы басты әсер етеді, сондықтан бағалау жабынның бұзылу, түрлену, тегіс емес және тозу деңгейін сандық анықтау арқылы жүргізіледі.

      27. Ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеу жүргізу бойынша негізгі ережелер, олардың кезеңділігі, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және бекіту тәртібі, құны "Қазақстан Республикасындаңы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабымен белгіленген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесімен анықталады.

      28. Ұшуды тоқтатпай жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды уақтылы жүзеге асыруға айрықша назар аударылады.

      Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін ұшу алаңы элементтерінің ақаулығы мен жарамсыздығы ұшу басталғанға дейін дереу жойылады.

      29. Қатты дауылдан, жауын-шашыннан, табиғат апатынан кейін ұшу алаңының элементтерімен құрылымдардың жағдайына жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

      30. Тексерулер нәтижесінде ұшу алаңының жағдайы және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бағасы анықталады және осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жабындының, ұшу алаңының және таңбалаудың элементтері, әуеайлақтағы белгілердің Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның Халықаралық стандарттарға және ИКАО тәжірибесінде ұсынылған әуеайлақтардың (тікүшақ алаңдарының) жарамдылық нормаларына сәйкес қорытындысымен бірге ақаулар актісі ресімделеді және анықталған ақауларды жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      31. Анықталған ақауларды жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мен пайдалануға ұшу алаңын дайындау тексеру нәтижесінің негізі болып табылады.

      32. Ұшу алаңы элементтерінің алдын ала бұзылушылықтарын алдын алу үшін мыналарға жол берілмейді:

      1) осы кезеңдегі есептен артық әуе кемелерін пайдалану;

      2) әуеайлақ элементтерінің жасанды жабындысының бетіне жанар- жағармай материалдарын төгу;

      3) жабындылардың негіздерінің ылғалданудан сақтау үшін суды беткі жақта ұстау.

      33. Жазғы кезеңде жасанды жабындысы бар ұшу алаңын үстауға мыналар кіреді:

      1) беткі жабыныдардың, оларға жақын ұшу алаңының топырақ учаскелерінің, жасанды ҰҚЖ жанындағы бекітілген топырақ алаңдардың жағдайын тексеру;

      2) жасанды жабындылардың тегістігін тексеру және жабындылардағы жол берілмейтін ақауларды анықтау;

      3) жасанды жабындыларды шаңнан, тастардан және басқа заттардан тазарту;

      4) ұшу алаңын бөгде заттардан тазарту;

      5) жасанды жабындылардағы таңбаларда және таңбалау белгілерін олардың тозуына қарай жаңарту. Тасымалданатын таңбалау белгілері құрылымы тозуына байланысты және бояу қажеттілігіне байланысты жөнделеді;

      6) тігістерді, жырықтарды бітеу;

      7) су ағызу дренаж құрылымдарының өткізу қабілетін қамтамасыз ету;

      8) ұшу алаңының топырақ бөлігінің тегістігін және беріктігін, шөптің белгіленген биіктігін ұстау.

      34. Жасанды жабындылардың жағдайын күнделікті тексеру нәтижесі бойынша олардың ұшуға жарамдылығына баға беріледі және ол ұшу алаңының жағдайын тіркеу жүрналында тіркеледі.

      35. ҰҚЖ, РЖ, перрондар және ұшу жолағының бекітілген учаскелерінде, ҰҚЖ жақын тұрған нысандарда келесілерге жол берілмейді:

      1) бөтен заттардың және жабындылардың бұзылу өнімдерінің болуына;

      2) арматура торлары және қаңқаларының жалаңаш стерженьдерінің болуына;

      3) тақтайлар арасындағы және сызаттардың 25 миллиметрден (бұдан әрі -мм) және РЖ мен әуе кемелерінің ТО арасында 30 мм ден артық ара қашықтықтың болуына;

      4) көлемі 50 мм ден және тереңдігі 25 мм ден артық мастика құйылмаған сызаттардың болуына;

      5) үш метрлік рейканың астында 25 мм артық ойық түсіретін толқындардың пайда болуына (екі айналмалы және жаңбыр қабылдау лотоктардан басқа);

      6) 15 мм астам биіктіктегі шайыр томпақтары;

      7) плита жиектерінің шайырмен құйылмаған, ені 30 мм астам сынықтары болмауы тиіс;

      8) атмосфералық жауын-шашын: сулы – 10 мм.астам, лайсаң және ылғалды қар – 12 мм. астам, құрғақ қар - 50 мм астам.

      Ұшу алаңының топырақтық жабындасында 30 см. астам биіктікте шөп қабатының болуына жол берілмейді.

      36. Қажеттілікке байланысты жабынды шаңнан, лайдан және басқа заттардан тазарту металл түгі бар щеткалармен жабдықталған вакуумды - жинау машиналарының көмегімен жүргізіледі.

      37. ҰҚЖ жабынын көктемгі лайсаң аяқталғаннан кейін, сондай-ақ олардың ластануына қарай жуу қажет. Суару-жуу машиналарының қозғалысы жабын еңістіктерін, су бөлу жүйесі орналасуын ескере отырып жүргізіледі.

      38. Бұзылған тігістер толтырғышын қалпына келтіру тігістер резеңке-битум тұтқырымен немесе басқа да герметикалық материалдармен жүйелі түрде құю арқылы орындалады.

      Жіктерді толтыру алдында олардағы ескі толтырғыш пен бетон үгінділері тазартылады. Жіктердегі бұзылған толтырғышта алмай, тазаламай, үрлемей және тегістемей жіктерге құюды жүргізуге жол берілмейді.

      39. Әуеайлақ жабындарының тігістері мен жарықтарын қымтау үшін сертификатталған әуеайлақ герметикасы қолданылады. ЖҰҚЖ беткі жабындысының түрін және жол –климат аймағына қарай шайыр маркасын іріктеу қажет. Тігістерге жабын деңгейіне дейін немесе 1-3 мм төмен деңгейде шайыр құю қажет.

      40. Тігістерге герметикті толтыру олар барынша ашық болған жағдайда, құрғақ, салқын ауа-райы күндері құю қажет.

3-параграф. Әуеайлақ пен кедергілерді таңбалау
және таңбалау белгілері

      41. Жасанды ұшып-көтерілу қону жолақтарын магистралды РЖ, РЖ, ТО, перрондарды таңбалау және таңбалау белгілері әуе кемелердің ұшып-көтерілу қону және бұрылуы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған.

      42. Ұшу алаңының элементтерінің жасанды таңбалау және таңбалау белгілерін таңбалау, ИКАО тәжірибесінде ұсынылған және халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) бекітілген, азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалану жарамдылығы нормаларына сәйкес болуы тиіс.

      Әуеайлақты пайдалану үрдісінде тозуына байланысты, ұшу элементтерін таңбалау және ұшу элементтерінің таңбалауын жаңартуы тиіс.

      Таңбалау және таңбалау белгілерін жаңарту бойынша жұмыстар, "+100С" төмен термература кезінде көктемгі-жазғы кезеңде орындалады.

      43. Әр әуеайлақта жергілікті жер жағдайында қолданатын төмендегі сұлбалар азаматтық авиация ұйым басшысымен бекітіледі және дайындалады:

      әуеайлақ элементтерін таңбалау және таңбалау белгілерін орналастыру сұлбасы;

      перронда әуе кемелерінің қозғалысы мен орналастыру сұлбасы;

      әуеайлақта арнайы көліктің қозғалыс сұлбасы.

      44. Жол және әуеайлақтық жабындыларын лакпен бояу материалдарымен таңбалауға арналған таңбалау жұмысы, лакпен бояу материалдарының бекітілген өндірушілерінің техникалық құжаттамаларының технолгияларында көрсетілген. Жарықтың барлық жерінен түсуі кезінде материалдар түстерінің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс және олар ұшақтардың дөңгелектерінің тежеуіштеріне қауіп төндірмеуі тиіс.

      Жасанды жабындыны таңбалауда ЭП-5155, НЦ-25 және тағы басқа эмальдар түрі қолданылады. Механикалық әдіспен бояуды жағу кезіндегі материалдардың орташа шығыны– 0,4 кг/м2, қолмен – 0,5 кг/м2 құрайды.

      45. Таңбалау және таңбалау белгілерін сәйкестік түсті бояуларымен белгілейді және таңбалау машиналарының көмегімен немесе дайын сұлбалар арқылы қолмен орындайды (бояуды бірінің үстіне бірі екі қабатта боялады):

      1) ҰҚЖ жасанды жолағын–ақ түсті бояумен, жабындының беткі қабаты бояумен дұрыс жабылмаса оны қара түспен жиектеуге болады;

      2) РЖ, ТО және перрондар – сары түсті бояумен (тоқсары);

      3) әуе кемелеріне қызмет көрсету аймағы (қауіпсіз қашықтық сызығы) – қызыл түсті бояумен;

      4) арнайы көлік қозғалысының жолдары – ақ түсті бояумен;

      5) жасанды кедергілермен құрылыстар – ақ түсті және қызыл түсті бояумен;

      6) қаупі жоғары аймақтың шекарасы - қызылмен, арнайымашина қозғалатын жолдар – ақ бояумен боялады.

      46. Әуеайлақ жабындыларын лакпен бояу материалдарымен жабу технологиясына мыналар кіреді:

      1) әуеайлақтық жабындысын майлы дақтардан, шаңнан, батпақтан, ескі бояуларының кеткен жерін және басқа да ластану түрлерінен тазарту;

      2) таңбалау белгілерін белгілеу және таңбалау;

      3) әуеайлақ жабындысының беткі қабатына лакпен бояу материалдарын жабуға дайындау.

      47. Лакпен бояу жұмыстары кезінде лакпен бояу материалдарының өндірушілерінің қойылған санитарлық және қауіпсіздік талаптарын сақтауы керек.

4-параграф. Топырақты ұшу алаңын ұстау

      48. Жаз кезеңінде топырақты ұшу алаңын ұстау мыналарды:

      1) ұшу алаңының пайдалануға жарамдылығын бағалауды;

      2) топырақтың тегістігін, беріктігі мен жазықтығын қамтамасыз етуді;

      3) ұшу алаңының бетіндегі су ағуды қамтамасыз етуді;

      4) ұшпайтын кезеңді қысқарту бойынша іс-шаралар өткізуді;

      5) ұшу алаңының бетіндегі бөгде заттарды жинауды;

      6) шаңсыздандыру бойынша іс-шаралар жүргізуді;

      7) таңбалық белгілерді жаңартуды;

      8) агротехникалық іс-шараларды жүргізуді қамтиды.

      49. Топырақты ұшу алаңының пайдалану жай-күйі ұшу алаңы топырағының беріктігі мен бетінің тегістігі көрсеткішімен сипатталады.

      Топырақ беріктігі оның ылғалдылығына, тығыздалу дәрежесіне, топырақ үлгісіне және оның түйіршікті-өлшемдік құрамына байланысты болады.

      Топырақ беріктігінің рұқсат етілген көрсеткіші деп рұқсат етілген белгілі бір ұшып көтерілу, қону және жерде жүру соқпағын құрауы кезіндегі осы уақыт сәтінде әуе кемелері дөңгелегі жүктемесіне шыдау қабілеті түсініледі.

      50. Топырақты ұшу алаңының әуе кемелері белгілі бір үлгісінің пайдалануына жарамдылығын бағалау ұшу алаңының талап етілетін және нақты сипаттамаларын, топырақтың тегістігі мен беріктігін салыстыру арқылы жүргізіледі.

      51. Ұшу алаңы бетінің тегістігін бақылау шектік рұқсат етілетін мәннен асатын микро және мезо тегіс болмаушылықты (ұзындығы 40 м. дейінгі учаскеде жер беті бейінінің өзгеруін (ойлы-қырлы, адырлы, ойыс) айқындаудан тұрады. Микро тегіс еместік көзбен немесе автомобильмен жүріп өту арқылы айқындалады. Микро тегіс болмаушылық шамасы рейка астынан көрінушілігі 10 см аспайтын үш метрлік рейкамен тексеріледі. Микро тегіс болмаушылық рұқсат етілетін мәндерден астам болған кезде топырақты бет жөнделеді. Жөндеуден кейінгі микро тегіс болмаушылық 3 см. аспайды.

      52. Мезобедердің аралас қиылысу еңістігінің алынған нәтижелері ол бойынша біркелкі суретке түсіру жүргізілген ақаулы учаскенің жанына түсіріп, жөндеу мен жоспарлануы тиіс аралас қиылысатын еңістердің жол берілетін мәндерінен басталатын орынды белгілеу қажет.

      53. Әуе кемелерінінің топырақ бойынша өтушілігі деп осы әуе кемесі үшін беріктігі ең аз топырақтан өз қозғалтқыштарының тартымы бойынша орнынан қозғалу және ТҰҚЖ шегінде ұшып көтерілуді (қонуды) орындай алу қабілеті түсініледі).

      54. Әуе кемелерінінің топырақ бойынша өтушілігі мына көрсеткіштермен сипатталады:

      1) әуе кемелері орнынан қозғалған, екпін алу және екпіннен пайда боған ұңғыма кезінде, жабындысыз топырақ қабатының минималды беріктігімен;

      2) топырақ тығыздығының көрсеткішінің мәні әртүрлі типті әуе кемелері үшін ұшуларды пайдалану басшылығында көрсетілген (бұдан әрі - ҰПБ).

      55. Топырақтың жоғары қабаты ылғалданған топырақты әуеайлақтарында ӘК пайдалануға рұқсат етілмейді.

      56. Тікұшақ ҰҚЖ мен қону алаңының жұмыс алаңындағы топырақтың беріктік көрсеткіші барлық үлгідегі тікұшақтар үшін кемінде 293,3 Ка (3 гс/см2) құрайды.

      57. ТҰҚЖ, қону алаңы жұмыс алаңының және жермен жүру жолдарының жарамдылығы

Q10 және

Q30 арасындағы топырақ беріктігінің орташа арифметикалық мәндерін тиісінше 10 және 30 см тереңдігіне рұқсат етілетін бөлшектеумен бағаланады, ол барлық өлшемдер ішінде мынадай мәндермен сипатталады:

      1) әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтарының және қону алаңы жұмыс алаңының ТҰҚЖ старттық учаскелерінде – 10%;

      2) ТҚҰЖ орташа учаскелерінде - 20%;

      3) бұрылу жолдарында – 15%.

      58. Топырақты тығыздау олардың барынша жоғары тығыздығына қол жеткізілетін оңтайлы ылғалдылық кезінде жүргізіледі. ТҰҚЖ старттық учаскелерінде, ӘК тұрақ орындарында, қозғалтқыштарды сынай орындары мен жермен жүру жолдарында құмды және құмайтты топырақ үшін 0,95-ге тең, құмайтты-сазды топырақ үшін – 1,0, ТҰҚЖ орташа учаскелерінде тиісінше 0,9 және 0,95 тең коэффициенті қабылданады.

      59. ӘК тұрақ орындары мен қозғалтқышты сынау жүргізілетін орындарда топырақ беріктігінің көрсеткіші ТҰҚЖ мен қону алаңы жұмыс алаңындағыдан кем емес көрсеткішті құрайды, ал топырақ беріктігінің бөлшектелуі 10 %-дан аспайды.

      60. Топырақ беріктігі көрсеткіші көктем мен күзде лайсаң уақытта, жазда жаңбыр кезеңінде, сондай-ақ жөндеу жұмыстарынан кейін топырақ беріктігі өзгерген әрбір жағдайда бақыланады. Ол У-1 соққылағышы көмегімен немесе кейіннен соқпақ тереңдігін өзгерте отырып (осы Қағидалардың 4-қосымшасы), 2,2-4,2 м/с (8-15 км/с) жылдамдығымен жүктелген ӘК жермен сынама жүргізумен айқындалады.

      61. ҰҚЖ өлшеу аймақтың басынан аяғына дейін 50 м сайын, ал орта учаскеде 200 м сайын ТҰҚЖ аяғында (басындағы) учаскелерінде жүргізіледі.

      62. Топырақтың беріктігі оның беріктігі төмен болжамды учаскелерінде өлшенеді. Жермен жүру үшін жоспарланған учаскелерде ұзындығы бойынша өлшеу 200 м сайын жүргізіледі. ТҰҚЖ немесе тікұшақтарға арналған қону алаңының жұмыс алаңында өлшеу 25 м сайын, ал жермен жүру жолдарында 50 м сайын жүргізіледі. Әрбір нүктедегі өлшемдердің қайталанушылығы үш мәртелік болып табылады, одан кейін соққылағыштың өзегі 10 және 30 см тереңдігіне батырылған кезде соққылар саны бұл нүкте (орын) үшін орташа арифметикалық ретінде айқындалады. Топырақ беріктігі көрсеткіші талап етілгеннен аз (рұқсат етілген бөлшектеуді ескере отырып) орындар топырақтың жай-күйін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін қосымша тексерілуі тиіс.

      63. Шым жабынсыз топырақты ұшу алаңын ұстауға мыналар кіреді:

      1) ұңғымаларды бітеу;

      2) беткі жабынды жоспарлау және тегістеу (нығыздау);

      3) шаңның пайда болуымен күрес.

      64. Микробедерді түзету, егер олар рұқсат етілгеннен аспаса тегіс болмаушылықтың жинақталуына қарай және, егер оймалар, дөңестер, ойыстар т.б. ӘК ұшуы үшін қауіп төндірсе дереу жүргізіледі.

      65. Тереңдігі 6 см дейінгі ұңғымалар топырақтың қолайлығы таяу ылғалдылығы кезінде 3-5 тонналық металл баспалармен тегістеу арқылы жойылады. 15 см аспайтын ұңғымалар, оймалар мен тегіс болмаушылықтар негізін 5 см тереңдікке дейін алдын ала қопсыту арқылы жергілікті өскін аралас топырақпен жабылады, ал 15 см астамдары әуелі әуеайлақта бар кәдімгі топырақпен, одан соң 10-12 см қабатты өскін аралас топырақпен жабылады. Ұңғымалардың тереңдігі 20 см дейін болған кезде топырақты тығыздау бір қабатпен, 20 см астам болған кезде екі қабатпен жүргізіледі.

      66. Ұңғымаларды құммен, қиыршық таспен, қожбен немесе ҰА топырағынан ерекше басқа да материалдармен жабуға рұқсат етілмейді.

      67. Топырағы тас (малта тас, қиыршық тас) аралас әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) байланыспайтын тастарды жою мақсатында кейіннен ылғалдандырып, ауыр тегіс баспалармен тегістей отырып, оның бетіне жүйелі түрде жоспарлау жүргізу қажет.

      68. Катоктар пневматикалық шинада жұмыс істеген кезде топырақты анағұрлым жақсы нығыздауға қол жеткізеді.

      69. Топырақты әуеайлақтарында шаңмен күресу үшін мынадай материалдар:

      1) гигроскопиялық тұздар;

      2) целлилюза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтары;

      3) органикалық тұтқырлар;

      4) синтетикалық смола мен полимер материалдар қолданылады.

      70. Шым жамылғы көп жылдық шым түзетін өсімдігі бар топырақтың жоғарғы қабатын білдіреді, ол топырақтың ӘК-ден түсетін жүктемеге қарсылығын арттырады, топырақтың неғұрлым жылдам құрғауына мүмкіндік туғызады, топырақтың газ-ауа ағысынан ісінуінің алдын алады.

      Шым мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

      1) жақсы қоюлығы мен тамырының өрімі;

      2) қажалуға байланыстылыққа, серпімділік пен орнықтылыққа ие болуы;

      3) шөптің биіктігі 30 см көп емес, ал шауып алғаннан кейін кемінде 8 см болуын қамтамасыз етеді.

      71. Шым жамылғысының сапасы алаңның бір бөлігіне шым түзетін шөптің жас өркенінің санымен анықталады.

      72. Шым жамылғысын күтіп ұстау мына жұмыстардан:

      1) шөпті тараудан;

      2) шым жамылғысын тегістеуден;

      3) шөпті минералдық тыңайтқыштармен қоректендіруден;

      4) шөпті шауып алудан;

      5) шөп өсімдігін жасанды жолмен суарудан тұрады.

      73. Шым жамылғысын тарау көктемде солған өсімдіктерді жұлу және топырақтың ауамен қанығуын жақсарту үшін жүргізіледі. Тарау жеңіл тісті тырмамен орындалады.

      74. Шым жамылғысын тегістеу ерте көктемде құрғатуды тездету, төмен өсетін дәнді шөптердің түптенуін күшейту үшін жүргізіледі. Тегістеуді топырақтың ылғалдылығы қалыптағыдан 2-3% жоғары: құмайтта - 5 тонналық катокпен, саздақта - 10 тонналық каткамен орындау керек.

      75. Биіктігі 8 см дейінгі шөпті соңғы шауып алу күзде орындалады. Жылдың құрғақ уақытында шөптің өсуін күшейту үшін жасанды суаруды жүзеге асыру қажет. Суару суару-жуу машинасымен таңертең немесе кешке жүргізіледі.

      76. Кеміргіштермен күресті ықтимал: механикалық, бактериологиялық және химиялық тәсілдердің бірімен жүйелі жүргізу қажет. Бұл жұмысты жергілікті ауыл шаруашылығы органдарының және санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімімен орындау керек.

      77. Шым жамылғысын жөндеуді жазда пайдалануды тоқтатпай жүргізу керек.

      78. Шым жамылғысын сақтау үшін ТҰҚЖ біркелкі пайдалануды шым жамылғысының тозуына қарай бастау сәтін өзгерте отырып жүзеге асыру қажет.

      79. Топырақтың беріктігі жыл бойы және азғантай уақыт кезеңінде мол шекте өзгереді. Топырақтың жоғарғы қабаты өзінің беріктігін төмендететін жыл мерзімі немесе жеке уақыт аралығын лайсаң немесе ұшуға болмайтын кезең анықтайды. Лайсаң күзгі, көктемгі және қысқа мерзімді болып бөлінеді.

      80. Күзгі лайсаң жиі жауған жаңбырдан және ауа температурасының төмендеуінен пайда болады және топырақтың жоғарғы қабатының ылғалдылығын ұлғайтуға және оның беріктігін төмендетуге алып келеді.

      81. Көктемгі лайсаңды қар жай еріген кезде қар жамылғысын оның қалыңдығын топырақтың қатқан бетіне дейін төмендете отырып қарқынды нығыздау қажет. Таптап тегістеу кешке таман басталады және түнгі суықтың әсерінен ұшу алаңының беті келесі күнгі жұмыс үшін қажетті беріктікке ие болу үшін ең жоғарғы тығыздыққа жеткенге дейін жалғасады. Бір күн бұрын пайда болған ойдым-ойдым іздер мен кедір-бұдырлық жойылады.

      82. Жазғы лайсаң жауын-шашынның мөлшері тәулігіне 40 мм көп ұзаққа созылған кезінде пайда болады.

      83. Жазғы лайсаңның басталу мерзімі нақты әуеайлақты күтіп ұстаудың көп жылдық тәжірибесі негізінде анықталады. Ұшуға болмайтын кезең мен оның басталу мерзімі көктемгі дайындық жұмыстары кезінде ескеріледі.

      84. Жолақты қардан толық тазартқаннан кейін кедір-бұдырды жою және оның бетінен субұрғышты қамтамасыз ету қажет.

      85. Ұшу жолағын қысқа дайындау үдерісінде ұшуға болмайтын кезеңді қысқарту үшін топырақты талап етілетін тығыздыққа дейін уақтылы тегістеу қажет.

      Күзде ұшу жолағының шекарасында тұрақты жағымсыз температура басталған кезде қар суы ағыны жағынан субұрғыш арналар салу керек.

      86. ҰҚЖ жерлеріндегі басылған қардың тығыздығы тығыздық өлшеуішімен өлшенеді

      87. Топырақты ұшу алаңдарын тазалап күтіп ұстау немесе қарды тығыздап ұстау әуе кемесінің пайдаланатын типтерін есепке ала отырып және сол жердің климаттық ерекшеліктеріне қарап, сонымен қатар ұшу алаңының орналасқан орнына қарап белгіленеді. Қардан тазалау әдісі ұшу алаңын күтіп ұстаудың ең тиімдісі болып табылады, өйткені ол қыстағы қардың еруі кезінде және ауа-райы құбылмалы болған кезде ұшу алаңын жарамсыз болып қалу қаупінен сақтайды.

      88. Қардан тазалауға дайындап қойған ТҰҚЖ-на жабындыларын тегістеу мақсатында және қатып қалудан қорғау үшін қыс мезгілінің бастапқы кезеңінде қардың қабатын тығыздау үшін қарды 6-8 сантиметр қалыңдықпен орайды.

      89. Тығыздалған қар қабатын жасаған соң ары қарай тазалау әдісімен орындалады.

      90. Екі аптада бір реттен кем емес, кезең сайын тығыздалған қардың қалыңдығын өлшеу қажет, егер қардың қалыңдығы 6 см-ден көп болса, осы учаскелерді тазалаудың орнына қарды тығыздау керек.

      91. ТҰҚЖ-ны және шаңғы шассиімен Ан-2 ұшағын пайдалану үшін қону алаңдарын дайындау тегіс емес беттері 25 см-ден асып кетсе жою (қардың томпиып үрленіп қалған жері, төмпешік, сүргі) болып табылады. Ұшу жолағының жұмыс бөлігіндегі қар бір реттік үтіктеп жүру арқылы тығыздалады. Қардың бетінде қабыршақ мұздың болуына жол берілмейді.

      92. Қарды тығыздау әдісімен дайындалған ТҰҚЖ-да жаңа жауған қардың қалыңдығы 5 см-ге жеткен кезде тазалауды бастап кетіп, оны қар жауу тоқтағанша тазалауды жалғастыра беру керек.

      93. Қар жаууға немесе ұшу жолағында жаңа жауған қардың қабаты бар болса да температура жоғарылаған кезде қардың тығыздығы мен беріктігін көтеру үшін ұшу жолағының қарын орау керек.

      94. Әуе кемелерін пайдалануға әсер ететін ТҰҚЖ-да негізгі көрсеткіштердің бірі тығыздалған қардың беріктігі (қабілеті бар) болып табылады. Әр ұшақ түріне өзінің пайдалануға рұқсат етілген пайдалану және минималды қар тығыздығының беріктігі орнатылады. Пайдалануға жарамды тығыздалған қырдың беріктігі кезінде тұрақты ұшақтардың ұшуына рұқсат беріледі, бұл жағдайда ұшақ дөңгелегінің тереңдігінің ұңғымасы 2 см аспауы тиіс. Минималды пайдалануға жарамды тығыздылаған қардың беріктігі кезінде бір реттік ұшақтардың ұшуына рұқсат беріледі, бұл жағдайда ұшақ дөңгелегінің тереңдігінің ұңғымасы 6 см. аспауы тиіс.

      95. Тығыздалған қардың беріктігі (қабілеті бар) қардың салыстырмалы тығыздығына, оның температурасына және жабындыда қардың қалыптасу уақытына байланысты болады.

      96. ТҰҚЖ қар жамылғысының салыстырмалы тығыздығын және беріктігін өлшеу әр 50 м сайын аяққы учаскеде (ТҰҚЖ осі арқылы), 200 м сайын орта учаскеде орындалады. Қардың тығыздық әдісімен ТҰҚЖ ұстау және дайындау технологиясы осы Қағидалардың 5-қосымшасында анықталған.

      97. Тығыздалған қардың температурасын өлшеу тығыздалған қардың қалыңдығының жартысына термометрді батыру арқылы 200-300 м. сайын ТҰҚЖ осі бойынша орындалады.Тығыздалған қардың қалыңдығы 8 см-ге дейін болса, онда қардың температурасы өлшенбейді, өйткені ол ауа температурасына тең болып саналады.

      98. Қар жамылғысының қалыңдығы мен беріктігі ұшу алдында тығыздалған қардан кейін, ауа температурасының жоғарылауы кезінде орындалып, ұшу алаңының жай-күйі журналында тіркеледі.

      99. ТҰҚЖ бүйір шегінің, бұру жолдарының және ӘК тұрақ орындарының сыртынан ылдыйлы еңістеулер жасауы керек.

      100. Ұшулар тоқтатылғаннан кейін дер кезінде ұшақ дөңгелектерінің іздерінен пайда болған ұңғымаларды ауа температурасының төмендеуіне дейін жойылады. Ұңғыма бітелгеннен кейін қар жабындысы тиянақты түрде тегістелген болады, егер ұшу алаңы тегістелмесе онда ұшуларды орындауға кедергі келтіретін сүргі мен үрленулердің қалыптасуына жағдай туындайды.

      101. Қарды тығыздау мен тазалау әдістері арқылы дайындалған топырақты және мұзды әуеайлақтарда дөңгелекті шассиі бар ұшақтардың әртүрлі түрлерін пайдалану жабындыларда жаңа жауған қардың әуе кемелерінің РЭЛ-ында көрсетілген қалыңдығынан аспайтын кезде ғана рұқсат етіледі.

      102. ТҰҚЖ-ны көру мен сай келуің арттыру үшін қардың жаууына және оның тығыздығына байланысты кезең сайын жерге қону учаскелерінің шетіне шырша ағаштарының бұтақтарын лақтырып тастауға рұқсат етіледі.

      103. Көктем алды кезеңде "ұшу емес кезеңін" қысқарту үшін ТҰҚЖ-да тығыздалған қардың қалыңдығын азайту керек. Қарды кескеннен кейін ТҰҚЖ-ның бетін қар тегістегіштер мен қарды орау арқылы тығыздау қажет.

      104. Қар тез еріп жатқан кезде тығыздалған қардың қалыңдығы минималды болады. Пайда болған шалшықтарды уақытта тазалап отыру қажет.

      105. Әуеайлақтың топырақтық уақытша учаскесі қыстық аяздар түскенге дейін қыста көзге жақсы көрінетін және басқа бөгде заттардан (ағаш түбірі, тамырлары, бұтақтары және т.б.) ерекшеленетін қарға тығылған ағаш бекіткіштердің көмегімен немесе басқа белгілермен бекітеді, мұқият қаралады, жоспарланады.

5-параграф. Әуеайлақта су ағызу және дренаж жүйесін ұстау

      106. Әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) су бұру және кәріз жүйелері әуеайлақ жабынының орнықтылығы мен ұзақ уақытқа жарамдылығын арттыру мақсатында жабын негіздерінің шектен тыс дымқылдануын болдырмауға арналған.

      107. Жүйенің байқау құдықтары үнемі жабық болады және жүйенің жұмысын бақылау үшін және оларды тазалау кезінде ғана ашылады. Арнайы жобасыз және рұқсатсыз су бұру және кәріз жүйелеріне жақын жер жұмыстарын жүргізуге және олардың трассаларының үстіне құрылыс салуға рұқсат етілмейді.

      108. Су бұру және кәріз жүйелерін байқау көктемде – қар ерігеннен кейін және жазда – мол жаңбыр жауғаннан кейін жүргізіледі.

      Су бұру және кәріз жүйелерін тексеру жұмыстары – қар ерігеннен кейін көктемде және мол жаңбырдан кейін – жазда жүргізіледі.

      109. Су бұру құрылғыларын қатып қалудан және қар басып қалудан қорғау үшін жаңбыр қабылдайтын және тальвежді құдықтардың қақпақтарының астына торльмен төсемесі бар ағаш қалқандар мен металл табақтар қойылады. Коллекторлардың бастары қалқандармен жабылады.

      Қысы ұзақ емес және қары жұқа аудандарда коллекторлардың бастарын жаппайды, бірақ жүйелі түрде қардан тазартады.

      Қысқы уақытта жылымық және жаңбыр кезінде тальвежді және жаңбыр қабылдайтын құдықтар суды әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жабыны мен топырақты бетінен тазарту үшін уақытша ашылады.

      110. Көктемде тальвежді және жаңбыр қабылдайтын құдықтар және коллекторлардың бастары қақпақтар мен қалқандардан босатылады. Науаларды, тау жыраларын, байқау құдықтарын, кәріз шұңқырының шығатын жерін және шымды қардан, мұздан және қоқыстан тазарту керек.

      111. Ұшу алаңы және жабынның су басуын алдын алу үшін:

      1) қар еріген кезде қар суын ұшу алаңынан тысқары бұру үшін қарға уақытша ұстап алатын немесе қар үйіндісін жасау;

      2) қар суының су бұру жүйесімен өтуіне жүйелі бақылау жүргізу қажет.

      Көктемгі тасқын аяқталғаннан кейін су бұру жүйесінің бүлінген учаскелері жөнделеді және қалпына келтіріледі.

      112. Көктемгі, жазғы және күзгі мерзімдерде су бұру жүйелерін лай мен балшықтан тазарту керек. Ашық жыралардағы және жер бедеріндегі құдықтарды, кәріз жүйелерінің шығатын жерлерін тазартуға ерекше көңіл бөлу қажет.

      113. Коллекторлар құбырларының жай-күйі айна мен фонарьдың көмегімен тексеріледі. Айна мен фонарь жақын бақылау құдықтарына орнатылады, фонарьдың жарығы айнаға бақылайтын құбырлар арқылы бағытталады.

      Диаметрі үлкен құбырларды қарау жақын құдықтардың арасындағы құбыр арқылы өткен кезде іштен жүргізіледі. Бұл ретте екі жақты байланыс пен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету қажет.

6-параграф. Күз-қыс маусымында әуеайлақты пайдалануға дайындау ерекшеліктері

      114. Ұшу алаңын күз-қыс маусымында пайдалану жұмысына дайындық кезінде мыналар қажет:

      1) ұшу алаңы жағынан және су бұру құрылғыларына әуеайлақтың жасанды, топырақты жабындысына уақытында ағымдағы жөндеулер мен күрделі жөндеулерді орындау;

      2) қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін әуеайлақ машиналарын, тркторларын және тіркеме құралдары мен механизамдерге жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      3) ұшу алаңында қардан-мұздан тазарту жұмыстарының технологиялық картасын жасау;

      4) орташа және максималды қар жауудан ұшу алаңын тазарту жоспарын, сонымен қатар қарды тазалау жұмыстарына қызметтердің қызметкерлерін жұмысқа жұмылдыру графигін құру;

      5) су қабылдағыш және тальвежді құдықтырды арнайы қақпақтармен жабу;

      6) жоспарланған жұмыстарды, ойықтарды жою және қосалқы ТҰҚЖ негізгі бетіндегі ойықтарды жою, шөпті шабу жұмыстарын орындау;

      7) әуеайлақ жабындысының таңбалауын жаңарту, тасымалданатын таңбалау белгілерін дайындау немесе жаңарту;

      8) қысқы кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс материалдарын, сонымен қатар әуеайлақ ішіндегі тайғанақ жоларды болдырмау үшін дайындау;

      9) әуеайлақ қызметінің штатын арнайы көлік жүргізушілерімен, тракторшылар мен жұмысшылармен толықтырып, олармен күзгі-қысқы кезеңге ұшу алаңын ұстау және әуеайлақ техникаларын пайдалану бойынша техникалық өндірістік сабақтар өткізіп, сынақтар алу.

      115. Әуеайлақты пайдаланушы жергілікті жағдайларды ескере отырып, ұшу алыңын және әуеайлақтық механизация құралдарын күзгі-қысқы жұмыстарға әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау қажет.

      116. Ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және қардан тазарту жұмысының механизациялық құралдарын тиімді пайдалану үшін және ұшу алаңының элементтерін әзірлеу кезектерге бөлінеді:

      1) 1-ші кезек: ЖҰҚЖ, КПТ (бар болса) тазарту, ҰҚЖ шекарасынан еніне қарай 10 м және ұзына бойына тазалау, 10 м енінде қар үйінділерін лақтырумен жұмыс жасаудағы РЖ, МРД, перронды тазалау, жарықсигналды құрылғылардың шамдарын (әрі қарай – ЖСҚ) ҰҚЖ, КПБ, РЖ, МРД шекаралары бойынша тазалау, сондай-ақ, КРМ және ГРМ аймақтарын әзірлеу;

      2) 2-ші кезек: қосымша ГВПП әзірлеу (бар болса), тұрақ орындарын тазарту, қалған РЖ және ені 10 м жол жиегін тазарту;

      3) 3-ші кезек: ҰҚЖ шекарасынан 25 м енінде бүкіл ұзындықта ұшу алаңын тазарту, тұрақ орындарының жиектерін және түйісу жоспарын құрумен перрон жиектерін тазарту, радионавигация және байланыс, ЖЖМ нысандарына апаратын кіреберіс жолдарды (ЭРТОС нысандары),әуеайлақ жолдарының ішін тазарту және басқа жұмыстар.

      Екі және одан көп ЖҰҚЖ бар әуеайлақтарда бірінші кезекте өзгелерге қарағанда, пайдаланысы дұрысырақ болатын, желдің басым бағытына орналасқан басты ЖҰҚЖ тазартады;

      117. Әуеайлақты пайдалану жағдайында ұстау үшін жауын басталған сәттен бастап патрульдеу әдісімен бірінші кезекке жатқызылатын ұшу алаңының элементтерін тазарту үшін көп уақыт қажет етіледі. Бірінші кезектегі жұмыстар аяқталған соң әуе кемелерінің ұшуы және қонуы үшін әуеайлақты ашуға рұқсат беріледі. Соңғы кезектерге жататын жұмыстар алдыңғы кезектегі жұмыстар аяқталған соң бірден басталады.

      Әуе кемелерінің қауіпсіз ұшуын (қонуын) және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әуеайлақтың аумағында арнайы әзірленген алаңқайларға 3 аптадан артық емес мерзімге қарды уақытша жинауға рұқсат етіледі, сондай-ақ, су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды өткізуде алаңқайды қалпына келтіру жүргізіледі.

      118. ҰҚЖ-да, КПТ (бар болса), РЖ-та, перронда, БПБ-да жаңа жауған қар, шалшық, су, сондай-ақ, олардың жиектерінде қар үйінділерінің болуына жол берілмейді.

      119. ЖҰҚЖ-да, ГҰҚЖ-да қардан тазарту немесе нығыздау жұмыстары кезінде жарықсигналдары құрылғылары шамдарының бүлінбеуін қадағалау қажет. Бұл үшін оттар мен құрылғылар белгілермен, қызыл жалаушалармен немесе бұтақтармен белгіленеді, түнгі тазарту жұмыстары кезінде ЖСҚ жанып тұрады.

      120. Қар жинау және қарды тығыздаушы машиналар мен механизмдердің қозғалысы ЖСҚ шамдарынан 1 м қашықтықта рұқсат етіледі. ЖСҚ шамдары жанында қалып қойған қар қолмен немесе шағын механизациялық немесе шағын көлемді роторлы қар тазалағыштармен тазаланады.

      121. Әуеайлақтық жабындысының үстіңгі қабаты болып табылатын арматура түріндегі тереңдетілген шамдардың бүлінуін болдырмау үшін мыналарға жол берілмейді:

      1) ҰҚЖ жабындысын соқалық-қылшақты машиналармен, резеңке төсемелері жоқ, темір пышақтармен жабдықталған машиналармен тазартуға;

      2) шамдар орнатылған сызықтар бойынша автогрейдерлермен өтуге, роторлы қар тазалағыштармен және бульдозерлермен тазартуға;

      3) тереңдетілген типтегі шамдар линзаларына газ ағымының әсер етулеріне;

      4) ҰҚЖ-да жұмыс органдары төмен түсірілген жоғарыда аталған машиналармен шамдар сызықтарының қиылысуымен байланысты маневрларды орындауға.

      122. Тереңдетілген шамдармен жабдықталған жабындарды қараңғы уақыттарда, шамдарды жағып қойып тазарту қажет. Мұнда жарық арналарын қардан және мұздан тазарту оттың жарықтандыру шамынан бөлінетін жылу энергиясының әсер етуі есебінен жүзеге асырылады.

      123. Қатты желде жақын жатқан жерлердегі қардың мөлшерін азайту үшін қарды ұстап тұратын қоршаулар орнату керек.

      124. Температураның уақытша көтерілгеннен кейін немесе ауа-райы тез жылынып кеткен кезде, күн суытқан кезде мұзтайғақтың келгенін алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар болып табылады:

      1) 5,5 м/с (20 км/с) жылдамдықтағы соқалық-қылшықты қар тазалағыш машина тобы тазаланған жабындыларда интенсивті түрде жүріп өтеді, бір- бірден жүріп өтетін машиналар қозғалысының аралығы 30 минуттан аспауы керек, ол жабындыларла мұз қабыршақтарының түзілуі мен атмосфералық қалдықтардың қатып қалуынан сақтауға мүмкіндік береді.

      2) қозғалыс жылдамдығы 1,6-2,2 м/с (6-8 км/ч) жылытқыш машиналар тобының және жабындының беткі қабатын кептіру үшін жылдамдығы 2,2-4,2 м/с (8-15 км/ч) "желдік" патрульдеуі;

      125. Мұзтайғақтың көзін жою және пайда болуының алдын алу химиялық және жылыту, немесе екеуін де аралас тәсілдері арқылы жасалады. Тазалау әдісін таңдар кезде мұзтайғақ түзінділерін жоюда жылыту әдісінен гөрі химиялық жолдың тиімдірек екенін ескерген дұрыс.

      126. Жабындылардың барлық түрлеріндегі мұзтайғақ түзінділерін жою үшін түйіршіктелген немесе сұйық күйіндегі сертифицияланған реагенттер пайдаланылады. Реагентті әуеайлақтың климаттық аймағына және ҰҚЖ жабындыларының түріне қарай таңдаған жөн.

      Жабындылардағы мұзтайғақ түзінділерін химиялық тәсілмен жою тәртібі осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген.

      127. Әуеайлақта мұзтайғақпен күреске химиялық реагенттің қажеттілігі ұшу алаңындағы жасанды жабындылардың аумағына байланысты және мұзтайғақ түзінділерінің орташа жылдық санына, реагенттің қажетті қорының мөлшері мен шығынын есепке ала отырып анықталынады.

      128. Мұзтайғақ түзінділерін химиялық реагенттің көмегімен тазалау кезінде және қар шалшықтарын жою кезінде тереңдетілген типтегі жарықтарды химиялық ерітіндіден 4,2-5,5 м/с (15-20 км/с) жылдамдықтағы осьтік жарықтардан және жерге қону аймағындағышеткі қатардағы жарықтардан арақашықтықтары 3 м болатын желдік машиналардың жүріп өтуімен құрғату керек.

      129. Әуеайлақ жабындыларынан мұзтайғақ түзінділерін жою осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген қардан, мұздан әуеайлақтық жабындыларды тазалау технологиясына сай орындалады және мынадай ретте көрсетілген: ЖҰҚЖ, ЖЖЖ мен ЖҰҚЖ-ның перронға түйісу орындары, ЖЖЖ бұрылу орындары, ЖЖЖ учаскелері, перрон және ӘК тұрағының орындары.

      Мұзтайғақ түзінділерін химиялық реагентпен жойғаннан кейін, мұз қабыршағы бостау болып, жабынды бетімен ілінісу қабілеті азайған кезде соқалы-қылшықты машиналармен жабындыны қар шалшықтарынан тазалау қажет.

      Мұзбен байланысқа түспеген реагентті, бұзылған қардың қалдықтарын, сонымен қатар реагент ерітіндісін жабындыда қалдыруға қатаң тыйым салынады.

      130. Ұшу алаңындағы элементтердің жабындыларыынан мұзтайғақ түзінділерін жылыту әдісімен жою үшін жылытқыш және желдік машиналар қолданылады, мұзтайғақ түзінділері біткенше максимальды аз уақытта орындалады.

      131. Тереңдетілген типтегі жарықтары бар ЖҰҚЖ-дағы мұзтайғақ түзінділерін жылытқыш және желдік машиналармен тазалау кезінде машиналардың қозғалыс схемасы мынадай болуы керек, жерге қону аймағындағы жарықтары бар ЖҰҚЖ учаскелерін тазалауда жарықтардың сыртқы жағынан жүріп өту арқылы жасалады. Осьтік жарықтар осы жарықтарға қарама-қарсы қозғалыста жүретін желдік машинамен тазаланады.

      132. ЖҰҚЖ жабындыларында әуе кемелерін тоқтату талаптары ілінісу коэффициентінің ұлғаюымен, тежеу тиімділігін бағалаумен, ЖҰҚЖ мен ҰҚЖ жабындыларындағы атмосфералық қалдықтардың қалыңдығы мен түрлерімен сипатталады.

      133. Ілінісу коэффициенті - үздіксіз қозғалыстың ілінісуін өлшеудің сертифицияланған құрылғыларымен (мысалы: әуеайлақтық тежегіш арбасы мен оның модификациясы, мю-метр немесе скидометр) немесе деселерометрмен (мысалы: 1155М түрі, теплиметр, брейкметр-динометр) өлшенеді.

      134. Ілінісу коэффициенті мәнін өлшеу осьтің 3-10 метрлік арақашықтығында ҰҚЖ-ның 1/3 әрбір ұзындығында барып-қайту арқылы жүзеге асады.

      ҰҚЖ ұзындығының әрбір үшінші бөлігінде кем дегенде 8 өлшеммен (ҰҚЖ осінің әрбір жағынан 4 өлшемнен) жасалады. 8 өлшем бойынша ҰҚЖ ұзындығының әрбір үшінші бөлігінде ілінісу коэффициент мәнін орташа арифметикалық көлеммен есептелінеді.

      ҰҚЖ жабындысының бірдей емес жағдайында ілінісу коэффициентінің өлшемі жабындының барлық көлемі бойынша жасалынады.

      Өлшенген ілінісу коэффициенттің орташа арифметикалық көлемдері бойынша ҰҚЖ ұзындығының әрбір жеке үшінші бөлігінде ілінісу коэффициентінің нормативті мәніне аударылады (осы Қағидалардың 8-қосымшасындағы 1-кесте).

      ҰҚЖ ұзындығының әрбір жеке үшінші бөлігіндегі ұшу алаңының жай-күйі туралы журналға жазылып, ӘҚБ қызметіне байланыс каналы бойынша жіберіледі.

      135. Ілінісу коэффициентінің нормативті мәндері туралы ақпарат әуе қозғалыстарына қызмет көрсету органдарына (ӘҚҚО) және аэронавигациялық ақпараттар қызметтеріне (ААҚ) жеткізіледі.

      136. Азаматтық авиация ұйымдарында үздіксіз қозғалыстың ілінісу өлшем құрылғылары жоқ болған кезде, жабындылардың жағдайын, ҰҚЖ-да тежеу тиімділігін бағалау деселерометрдің көмегімен жасалады. 1155М типті деселометрдің өлшемдік көрсеткіштері әуе қозғалыстарына қызмет көрсету органдарына және аэронавигациялық ақпараттар қызметтеріне жеткізіледі.

      137. Нормативті ілінісу коэффициентінің мәні 0,3 болған кезде (немесе өлшенген ілінісу коэффициентінің мәні 0,18-ден төмен болғанда) әуеайлақ газтурбинді қозғалтқыштары бар ұшақтарды пайдалануға жарамды болып саналмайды.

      138. Ылғалды ЖҰҚЖ-да (жаңбыр қалдықтарынан кейін, шалшықтар мен су болғанда) коэффициент мәні нормативті коэффициент мәнінен 0,4-ке төмен болған кезде ілінісу коэффициентінің байқау өлшемдері ААҚ-ға NOTAM-ға жариялануы үшін жасалады, ылғалды ҰҚЖ шалшықтар болғаннан кейін тайғанақ болуы мүмкін.

      139. ҰҚЖ жай-күйі туралы ақпарат "SNOWTAM" (бұдан әрі - SNOWTAM) көмегімен беріледі. SNOWTAM – әуеайлақтың жұмыс алаңында (жабыныда) қардың, мұздың, шалшықтың болуымен пайда болатын қауіпті жағдайлардың бар болуы немесе оны жою туралы ақпараты бар белгіленген нысандағы халықаралық тәжірибеде қабылданған хабарлама.

      ҰҚЖ-дағы құрғақ қардың, сулы қардың немесе шалшықтың болуы туралы хабарламаны, ҰҚЖ-ның әрбір үштен бөлігіндегі қабаттың орташа қалыңдығын бағалау құрғақ қар үшін 2 см, сулы қар үшін 1 см, шалшық үшін 0,3 с-ге дейін дәлдікпен жасау қажет.

      Қар SNOWTAM нысаны осы Қағидалардың 9-қосымшасында берілген.

      140. ҰҚЖ жай-күйі туралы ақпаратты әуеайлақ қызметінің лауазымды тұлғалары ІІБ қызметіне береді және/немесе SNOWTAM жариялау үшін аэронавигациялық ақпарат қызметіне (ААҚ) береді.

      141. ҰҚЖ жабынының беткі қабатының сипаттамасы үшін атмосфералық жауын-шашынның түрлерінің (шалшық, құрғақ қар, сулы қар, нығыз қар, сулы ҰҚЖ, дымқыл ҰҚЖ) анықтамасын пайдалану қажет.

      142. Әуеайлақ жабынында қарлы үйінділерінің алдын алу үшін қар тоқтату жұмыстары тұрақты (орман отырғызу, әртүрлі қоршаулар) және уақытша (қарлы траншеялар, тасымалды қалқандар, құрғақ қорғандар) құралдардың көмегімен жүргізіледі.

      143. Ұшу алаңындағы үйінділердің алдын алу мақсатында мыналарды орындау қажет:

      1) жабынның бетін тегіс және қарлы-желді ағыстар үшін ағып кететін күйде ұстау қажет;

      2) барлық үйінді жиналатын учаскелерді сенімді түрде қардан қорғау құралдарымен қоршау.

      144. Ұшу алаңдарында қар үйінділерінің пайда болуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жергілікті табиғи-климаттық факторларды зерделеу және әуеайлақты қыста пайдалану тәжірибесінің негізінде жасалады. Қар үйіндісі климаттық жағдайларға, ҰҚЖ, РЖ, және ӘК тұрақ орындарының екі жақ жиегіндегі өсімдіктердің бар болуына және олардың көлеміне, басым желдің бағытына, қар тазалаудың сапасына қарай болады. Пайдалану процесінде қармен үйілетін орындарды анықтау керек және қар үйінділерін жою немесе азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет.

      145. Ұшу алаңдарының элементтерін ағаштар мен бұталарды отырғызу арқылы қар үйінділерінен қорғау әуеайлақ жанындағы аумақтағы кедергілердің биіктігі бойынша шектеу талаптарына сай жасалады. Егер жергілікті климаттық жағдайлар бойынша қорғаныс көшеттерін отырғызу мүмкін болмаса қолдан жасалған құралдарды пайдалану қажет.

      146. Қарлы білдектерді, білдегі бар траншеяларды автогрейдерлердің, қар жинағыштардың, екібілдекті қар тазалағыштардың және бұрыштамалардың көмегімен қыстың басында қар жабыны 20 см қалыңдықта болғанда орнатылады.

      147. Қалқандар қорғалатын нысандардың (ҰҚЖ, РЖ, МС) қос сызығы бойымен түгелдей орнатылады, ҰҚЖ-дан 60-100 м қашықтықта, алайда барлық жағдайларда ҰЖ сыртында және РЖ пен МС-дан 30-60 м болуы керек.

      148. Бүкіл қыс бойы қар тоқтату қалқандарының қалыпты жұмыс жасауы үшін жете қадағалау қажет және оларды уақытында қайта орнатып, көтеріп отыру қажет.

      149. Қыс біткен соң қалқандар жиналады және арнайы оқшауланған орындарда жинақталады.

7-параграф. Арнайы мақсаттағы алаңдарды, әуеайлақ жабдықтары
мен құрылғыларын дайындау және ұстау

      150. Арнайы мақсаттағы алаңдар шаңнан, лайдан, қардан және мұздан жүйелі түрде тазартылады, сондай-ақ уақытылы жөнделеді.

      151. Алаңдары әуеайлақ жамылғысымен және топырақты учаскелермен түйісу учаскелерін алаңдардың жамылғыларын жалаңалаштауға, алаңдардың конторы бойынша плиталардың шеттерін қирата және топырақ жамылғысына жанасатын эрозиясына жол бермей жарамдылықта ұстау керек.

      152. Авиақозғалтқыштарды (айдау алаңын) сынап көруге арналған ӘК ТО зәкірлік бекіткішпен және ӘК жылжытудан қорғайтын төзімді қалыптары бар арнайы құрылғылармен жабдықталады. Айдау алаңдары құрғақ және таза. Қажет болған жағдайда олар сорғы қабылдамайтын қалқандармен жабдықталады.

      153. Сорғы қабылдамайтын қалқандарды олардың техникалық жай-күйін анықтау үшін жүйелі тексеру керек. Тексеруге мыналар жатады:

      1) металл қалқандардың барлық конструкциялары бойынша, әсіресе қаңқасы бар ауытқитын пластиналар түйісетін жерлердегі пісіру жігі;

      2) металл қалқандардың іргетасқа немесе бетон жамылғысына бекіту түйіні;

      3) металл конструкциялардағы қызуға төзгіш бояу;

      4) бұрандамалық жалғанулар;

      5) монолит немесе құрама плиталардың, топырақ үйіндісі түріндегі қалқандар қаптамасының жұмыс беті мен жігі жатады.

      154. Пісіру жігі мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) тегіс ұсақ қабыршақты бетінің болу (томпақсыз, күйіксіз, тарылусыз және үзіліссіз) және негізгі металға бір қалыпты өту;

      2) сызаттары, шұңқыры және беткі кеуек бауы болмауы (жеке орналасқан беткі кеуек рұқсат етіледі).

      155. Сорғы ауытқитын қалқандардың болат конструкцияларын бояуды 1500 температураға шыдайтын ыстыққа төзімді грифталмен, нитролакпен немесе лак және басқа да бояу материалдарымен жаңарту қажет. Бояр алдында қалқандардың болат конструкциялары лайдан, тоттан, майдан және тұрып қалған бояудан тазартылады.

      156. ҰҚЖ тыс жерге шығару кезінде ӘК зақымдануы мен бүлінуін алдын алу үшін, топырақты тежеуіш алаңдарында (ТТА) жасалынуы тиіс.

      157. ТТА ТАЖ шегінде салынады және ҰҚЖ шет жағынан аластатуына қарай ұлғаятын 5-тен 30 см-ге дейін тереңдікте жыртылған, ұзындығы әртүрлі учаскелерден тұрады. Тежеу алаңының шетінде егер ол алдыңғы жыртылған учаскелерде тежелмейтін болса ӘК кідірту үшін құмды топырақтан үйінді жасайды.

      158. ТТА беті температуралық-ылғал жағдайына байланысты жүйелі түрде оларды қопсыған күйінде тұрақты ұстау үшін тырмалау және жырту керек.

8-параграф. Гидроәуеайлақтарды, тікұшақ палубасын
дайындау және ұстау

      159. Гидроәуеайлақтар теңіз, өзен және көл, сондай-ақ тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Гидроәуеайлақ акваториядан және қызметтік-техникалық аумақтан тұрады.

      160. Акватория су бетінде гидроұшақтардың ұшуы, қонуы, жүруі, тұрақтауы мен қызмет көрсету үшін арнайы жабдықталған су учаскесін білдіреді.

      161. Гидроәуеайлақтардың қызметтік-техникалық аумағы гидроұшақтар мен көліктік тасымалдауларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен имараттар орналасатын жағалау учаскесін білдіреді.

      162. Ұшу бассейні деп ұшу жолақтарының біреуі немесе бірнешеуі орналасатын гидроұшақтардың ұшуына және қонуына арналған акватория бөлігін атайды.

      163. Гавань деп тұрақтауға, маневр жасауға және гидроұшақтар мен жүзу құралдарына қызмет көрсетуге арналған акватория бөлігін атайды.

      164. Гидроәуеайлақ ретінде жел толқындарынан және жай толқындардан (табиғи бухталардан) қорғалған, су басуға тартылмаған жағалау жолағы бар су қоймаларының учаскелерін, сондай-ақ гидроәуеайлаққа кіреберіс жолдарын орнату мүмкін болатын учаскелерді таңдайды.

      165. Акватория мынадай талаптарға сәйкес болады:

      1) су қоймасы жоспарында және тереңдігінде жеткілікті мөлшерлері болады;

      2) гидроұшақтарға қызмет көрсететін жүзу құралдарының қозғалысы үшін фарватерлері, ал акваторияны кеме жүзу трассасымен қиып өткен жағдайда - тиісті кемелер үшін фарватерлері болады;

      3) ағыс жылдамдығы секундына 3 м аспайды;

      4) жағалау жолағына тікелей жақын орналасады.

      166. Ұшу бассейнінің көлемі мен өлшемдері ұшу жолағының санымен және қажетті ұзындығымен айқындалады.

      167. Акваторияны тексеру әуеайлақ қызметінің және қозғалыс қызметінің лауазымды адамдары ұшу басталғанға дейін 1 сағат бұрын, сондай-ақ гидроұшақтардың ұшуы немесе қонуы алдында, оны жүргізуге немесе ұшып көтерілу-қону операцияларына бөгет болатын бөтен заттардан тазарту мақсатында жүргізеді. Бұдан басқа акваториядан кемелерді алуға шаралар қабылданады. Қарап тексеру нәтижелері Қағидалардың 3-қосымшасымен сәйкес "Ұшу алаңының жай-күйі журналына" тіркеледі.

      168. Су қоймаларындағы су деңгейі едәуір шайқалған кезде, трос ұзындығы 1,5

Н

2Н (Н-акватория ұзындығы) жағдайды қанағаттандырмаған кезде су деңгейі артқан кезде тросты ұзарту, төмендеген кезде - қысқарту қажет.

      169. Гидроәуеайлақ су өлшейтін бекетпен жабдықталады, оның көрсеткіштеріне сәйкес су қоймасының тереңдігі өлшенеді. Пайдалану талаптарын қанағаттандырмайтын анықталған ақаулы жерлерді тиісті белгілермен белгілеу қажет.

      170. Су қоймаларында су деңгейі шайқалған кезде қажеттілігіне қарай айлақтарды айлаққа бекітілетін кіші айлақтарды бір уақытта реттеумен итеру немесе тарту қажет.

      171. Зәкір тұрақтарының, басқа жабдықтар пирстері айлақтарының дұрыстығын тексеру күнделікті жүргізіледі. Бензиннің, майдың айлақ табанына төгілуіне және сүртілген матаны лақтыруға жол беруге болмайды.

      172. Айлақтар, гидроеңкістер және маневр жасау алаңдары тазалыққа ұсталады, айлақтардағы бекіту сақиналары жүйелі түрде тазартылады және майланады, зәкірлер үшін тереңдіктер тазартылып отырады.

      173. Ұшу навигациясы аяқталған соң барлық жабдықтар жинастырылады, жағалауға шығарылады және арнайы бөлінген алаңдарға апарылады.

      174. Тікұшақ алаңы- тікұшақ әуеайлағы, ашық теңізде қозғалмайтын немесе судың бетіндегі құрылғыда орналасқан.

      Құрылғы атауы оны әуеден және теңізден жақындағанда негізгі бұрыштар мен бағыттардан оңай айқындауға болатындай құрылғы орындарында белгіленеді. Әуеден айқындау үшін тікұшақ алаңының атауы бар танымдық белгілер мен бүйірлік танымдық тақталар пайдаланылады. Екі танымдық таңбалаулардың атауы бірдей, қарапайым және радиобайланыс жүргізген кезде екі мағынаны қабылдауды болдырмайтындай болып табылады.

      175. Бекітілген радиошақыру құрылғылары тікұшақ алаңының және бүйірлік тақталарының танымдық атауына сәйкес келеді. "Блоктар нөмірлерімен" танымдық белгілерді құрылғылардың бүйірлік тақталарына қосу қажет болған кезде, онда құрылғының атауы да оған қосылады. Мысалы: "АТАУЫ. БЛОК №". Танымдық белгілер кез келген жарықтандыруда, әсіресе түнде және нашар көрінетін жағдайларда анық көрінуі тиіс.

      176. Көзбен шолу белгілерді айқындау күндіз және түнде тікұшақ жақындауының ерте сатысында болатындай жаңа технологияларды пайдалану қажет. Қазіргі заманғы технологиялар көптеген жағдайда тәуліктің кез келген уақытында осы талапқа сәйкестікті қамтамасыз етуге қабілетті. Жоғары қарқынды кластерлік индикаторларды немесе шыны-талшықты жүйелерді пайдалану тіптен ең төменгі көріністе де өз тиімділігін көрсетті.

      177. Тікұшақ алаңын және қондырғы бүйірлік тану панельдерін таңбалауды (әдетте қондырғыны анықтау үшін таңбалау) экипаждар қонуға дұрыс тікұшақ алаңы таңдалғанын түпкілікті растау алу үшін пайдаланады. Тікұшақ алаңын таңбалау және қондырғы бүйірлік тану панельдерін таңбалау барынша жақсы жай-күйде ұсталуға, тұрақты түрде қайта боялуға және көзбен шолу белгілердің көрінісін нашарлататын барлық ластардан тазартылуы қажет.

      178. ӘК иесі немесе пайдаланушысы арнайы инспекциялауды, таңбалау қызметін көрсету бойынша рәсімдерді, тікұшақ алаңдары мен бүйірлік панельдерін таңбалау графикасын осы мақсаттың маңыздылығын ескере отырып, қамтамасыз етеді.

      179. Қондырғының бүйірлік тану панельдері қандай да болмасын заттармен (салбыраңқы шланг) қоршамайды және жоғарғы қондырғыда орнатылады.

      180. Қондырғының атауы тікұшақ алаңының бетінде кедергіден бос секторды білдіретін шеврон мен нысаналы шеңбер арасында кемінде 1,2 м биіктігі және тікұшақ алаңы бетіне қарсы түспен (әдетте ақ) боялған нышандармен таңбаланады. Қону желісі тікұшақ алаңының атауын жаппайды. Тікұшақ алаңының атауын таңбалау үшін көрсетілген орында жеткілікті кеңістік жоқ жерде, оның орналасуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      181. Күндізгі және түнгі жұмыстарды жүргізу кезінде тікұшақ алаңы периметрін таңбалау және жарық түсіру қауіпсіз қону аймағы шекарасын тану үшін қызмет етеді.

      182. Жел бағытының көрсеткіші (жел конусы) қондырғының/кеменің ашық аймағында жел бағытын өлшеу үшін орнатылады. Екінші жел конусы жел көрсеткішінде нақты айырмашылықтарды айқындау үшін қолданылады.

      183. Ені көрсетілмеген нышандар мөлшерін айқындау үшін олардың биіктігінің 15 %-ын пайдалану қажет. Нышандар арасындағы арақашықтық нышан биіктігінің 10%-ына тең (бір нышандың шеткі оң жиегінен келесі нышанның шеткі сол жиегіне дейін). Сөздер арасындағы арақашықтық нышан биіктігінен шамамен 50 %-ды құрайды.

      184. Құрғақтағы тікұшақ алаңдары үшін ұшу жолағы мен қону алаңдарының көлемі шығарушы зауыттар және/немесе пайдалану құжаттамасымен (ӨҰП) анықтайды.

      Тікұшақ алаңы желілерінің көлемі және тікұшақтардың кейбір түрлеріне арналған құрғақтағы ұшып көтерілу жолақтары мен қону алаңдарының өлшемі осы Қағидалардың 10-қосымшасында көрсетілген

9-параграф. Әуеайлақтың апаттық жағдай кезінде
іс-шараларды жоспарлау

      185. Әр әуеайлақта әуежай (әуеайлақ) және әуежайға жақын орналасқан аумақтарда апаттық –құтқару жұмыстарын өткізу және ұйымдастыру бойынша жоспар дайындалып, азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысымен бекітіледі. (бұдан әрі – Апаттық жоспар).

      186. Апаттық жоспар әуежайда әрекет ететін ұйымдармен, басқа да мүдделі азаматтық қорғау саласындағы органдармен келісіледі.

      187. Апаттық жоспар апаттық -құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін жұмылдырылған әуежай қызметтерінің үйлесімді ретін, сонымен қатар әуеайлақтағы апаттық жағдай кезінде жұмылдырылған қызметтер мен басқа органдармен бірігіп жұмыс істеуді анықтайды.

      188. Апаттық жоспар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12216 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуларды апаттық – құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жергілікті жердің жағдайын ескере отырып әзірленеді.

      189. Апаттық жоспарда келесі негізгі ережелер қарастырылады:

      1) апаттық жағдай түрлеріне, Апаттық жоспар жасалады;

      2) апаттық жағдайлар кезінде қатысатын органдар;

      3) апаттық жағдайлар туындаған кездегі хабарландыру және сұлбасы;

      4) апаттық жағдай кезінде басқарушы органды анықтау;

      5) апаттық жағдайлардың барлық түрлері үшін командалық пункт және апаттық жедел орталықтың, әр органның ролі және жауапкершілігі;

      6) нақты апаттық жағдай туындаған кезде байланыс орнатуға қажетті қызметкерлердің немесе тұлғалардың фамилиялары мен телефон номерлері туралық ақпарат;

      7) апаттық жағдайда жұмылдыратын барлық қызметтердің ішінен аз қызметтердің жұмылдыруын қамтамасыз ету мақсатында адами факторлардың аспекттері;

      8) тәжірибелік білімдерін көрсету үшін сабақтар өткізу реті және оларды өткізу мерзімдігі;

      9) координаттары көрсетілген әуеайлақ картасы және оның жанындағы аумақты.

10-параграф. Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулық

      190. Әрбір сертификатталған әуеайлақта әуеайлақтық қызметін жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымдарымен келісілген Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулық әзірленеді және азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысымен бекітіледі (әуеайлақты пайдаланушы).

      191. Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулық осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес әзірленеді.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

      "Бекітемін"

      ______________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___"_____________

№______ақаулар актісі

      АА ұйымы___________________________ 20___ жылғы "___"________________

      Комиссияның құрамында _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерінің лауазымы, тегі, аты-жөні көрсетіледі)

      ____________________________________________ негізінде жұмыс істейтін

      (комиссияның өкілеті, бұйрықтың немесе өкімнің № көрсетіледі)

      20___ жылғы "___"________ бастап 20__ жылғы "____"______ кезеңінде конструкциялардың жекелеген элементтерінің жұмысындағы зақымданулар мен ақаулардың себебі мен көлемін анықтау мақсатында

      ________________________________ техникалық қарап тексеру жүргізілді.

      (ғимарат атауы)

      Заттай техникалық қарап тексеру негізінде ___________________________

      (жалпы ғимарат немесе оның элементтері)

      комиссия ________________________________________________ нәтижесінде

      (ақаудың пайда болуының себебі)

      ____________________________________________________________анықтады.

      (зақымдану көлемі)

      Мынадай жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді:

      1.___________________________________________________________________

      2.___________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ____________________________

      Комиссия мүшелері ____________________________

      ____________________________

      20__ жылғы "___"________________________

Әуеайлақ жабындыларының ақаулар жоспары
Қатты емес жабындылардың ақауларын жіктеу және шартты белгілері

Ақау түрі

Ақау схемасы

Шартты белгісі

1

Өздігінен сызылған ұсақ байланыспаған талшықты (Н) сызаттар (С)

НС

2

3,5-20 м аралығында орналасқан жекелеген, бойлық (Б) немесе көлденең (К) өтпе (асфальт-бетон қабатының барлық қалыңдығы) сызаттар, сондай-ақ жабындының бұрмаламайтын бейіні негізінде тігістер мен сызаттардың сызылуын қайталайтын көрсетілген сызаттар

БС 3,5 – 4м

КС 15 – 20м

БК 4 х 15 м

3

Ұшақтың негізгі тірегі жолтабанының қозғалысы бойынша орналасқан бойлық (Б) және жанама (Ж) немесе өтпе сызаттар

ҰҚЖ

Б

4

Жиектерінің бояуы кеткен және ілінісу негізі одан әрі бұзылып тұйық фигура құрайтын шашыраңқы сұлбалы сызат (С) торы (Т)

Ұяшық мөлшері 0,03-ден 1 м-ге дейін.

СТ 0,1 – 0,5 м

5

Асфальт-бетон қабатының қалыңдығына үстіңгі (Ү) ойықтар (О)

Fяр, м2,

ҮО

6

Жабындының көлденең 3 метрлік рейкамен өлшенген жолтабан (Ж) тереңдігі

hгк, см

Ж – 0,3 см

7

Төменгі қабаты бойынша асфальт-бетонның жоғарғы қабатының толқыны және үстіге жылжуы (Ж)

Dукл, см

ҮЖ

8

... м2 алаңға арналған бояулары бар бетінің тозуы (Т) және өшірілуі

м2

Т 20 м2

9

Жергілікті (Ж) жабындының жауын-шашын (Ж) негізінде,... см тереңдігі себебінен шөгуі

Dеңіс, см

ЖЖ 5 см

10

... м2 алаңда жол шұңқырларын жөндеу (ЖЖ)

Fжж, м2

ЖЖ 6 м2

11

... см жоғары тегіс емес негізде қар еру кезеңінде жабындының суыққа (С) көтерілуі (ісуі)

Dеңіс, см

С 3 см

      Сурет 1. Қатты емес жабынды

Қатты жабындылардың ақауларын жіктеу және шартты белгілері

Ақау түрі

Ақау схемасы

Шартты белгісі

1

Барлық табақ қабыршығы (Қ)

Қ м2

2

Отыру сызаттары (ОС)

ОС, м/м

3

Арматураның бетіне шығуы (Арм)

Арм, м2

4

Ошақты қабыршықтар (Қ), раковиналар (Рак)

ОҚ, Рак, м2

5

Жиектердің сыну (ЖС), ойықтар (О)

ЖС, В, м2

6

Бойлық, көлденең және диагоналды өтпе сызаттар (ӨС)

ӨС, м/м2

7

Үштен асатын өтпе сызаттар – тақталардың бұзылуы (Тб)

Тб, м2

8

Шөгу, ойма (Ш)

Ш, м2

      Әуежай ҰҚЖ жабынының ақаулық жоспары.... ҰҚЖ бүйір жарықтары

      (тексеріп қарау күні...........)

      Сурет 1. Қатты жабынды

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 2-қосымша

Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) ұшу алаңының параметрлерін өлшеу, элементтерінің жай-күйін бақылау және бағалау

      1. Міндетті өлшеуге және есепке алуға жататын ұшу алаңы жай-күйінің параметрлері:

      1) ЖҰҚЖ және ТАЖ жасанды жабындылары бар әуеайлақтар:

      тіркелу коэффициенті;

      атмосфералық жауын-шашынның болуы, түрі және қалыңдығы;

      үстіңгі қабатының жай-күйі және сапасы;

      күндізгі және ауыспалы таңбалық белгілердің жай-күйі және көрінуі;

      2) ҰЖ жоспарланған бөлігі жасанды жабындылары бар әуеайлақтар:

      қардан тазартылған ҰЖ мөлшері;

      тұтас қары бар, ҰЖ тазартылған бөлігінің орайлас еңісінің ауқымы;

      топырақтың тығыздығы және үстіңгі қабаттың тегістігі;

      3) РЖ, ТО және перронда жасанды жабындары бар әуеайлақтар:

      таңбалық белгілердің жай-күйі және көрінуі;

      4) топырақтық әуеайлақтары (тікұшақ айлағы):

      қатқыл жамылғының үстіңгі қабатының жай-күйі және сапасы;

      қату тереңдігі;

      топырақтың (нығыздалған қардың) төзімділігі (тығыздығы);

      топырақты (қар жапқан) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) үстіңгі қабатының тегістігі;

      ауыспалы таңбалық белгілердің жай-күйі және көрінуі;

      ҰЖ жоспарланған бөлігі бар ТҰҚЖ-ның жұмыс бөлігінің орайлас еңісінің ауқымы.

      2. ЖҰҚЖ жабындыларына тіркесу коэффициенті метрологиялық аттестатталған өлшеу құрылғыларының көмегімен өлшенеді.

      3. Топырақты әуеайлақтарда тежеу талаптарының сипаттамасын жабындының жай-күйінің тиісті суреттемелік сипаттамасы бойынша беруге рұқсат етіледі.

      4. ЖҰҚЖ ұзындығы бойынша әрбір үшінші бөлікке арналған ӘК-ның тіркесу коэффициентінің мәні немесе тежеу талаптарының сипаттамасы (өлшеу құралдары болмаған жағдайда) Ұшу алаңының жай-күйін есепке алу журналына өлшеу жүргізілгеннен кейін 15 минуттан кешіктірілмей жазылуы тиіс.

      5. Тіркесу коэффициентін өлшеу нәтижелерін құжаттамалық тіркеуді қамтамасыз ететін өлшеу құрылғылары бар болған кезде олардың жазбалары бар құжат әуеайлақ қызметінде өлшеу жүргізілген сәттен бастап кемінде 72 сағат сақталуы тиіс.

      6. Қар, жылымық қар басқан немесе көктайғақ болатын кезеңде ЖҰҚЖ-ға жабындының үстіңгі қабатының тежеуіш ерекшеліктерін өзгертуі туралы ақпаратты дер уақытында жаңарту мақсатында тіркесу коэффициентіне барынша жиі өлшеу жүргізу ұсынылады.

      7. Атмосфералық қатты жауын-шашындар мен жылымықты қар қабатының қалыңдығы металл миллиметрлік сызғыштың көмегімен, ал су қабаты ОС-1 оптикалық сызғыштың көмегімен айқындалады. Көрсетілген жауын-шашындар қабатының қалыңдығын өлшеу ЖҰҚЖ орындарында және бағаланатын нүктелердегі үш мәрте өлшеулер мен әрбір үшінші ЖҰҚЖ-ға арналған өлшенетін қабаттардың орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы тіркелу коэффициенті жүргізіледі.

      8. Ұшу алаңдарын тексеріп қарау кезінде қатты, сұйық және аралас атмосфералық жауын-шашындардың (судың, құрғақ және сулы қардың, жылымықты қардың, мұздың, қыраудың және т.б.) түрлері мен нақты сипаттамасы айқындалады, олар ЖҰҚЖ-ның әрбір үшінші бөлігіне арналған Ұшу алаңының жай-күйін есепке алу журналында сандық кодты мәнімен көрініс табады және бұдан басқа, қарлы SNOTAM енгізіледі. Бұдан басқа, көзбен шолып бақылау бойынша Ұшу алаңдарының жай-күйін есепке алу журналында, жауын-шашыннан тазартылған жабындылардың үстіңгі қабатының, жауын-шашынмен жабылған ЖҰҚЖ алаңдарының ұзындығы мен ені туралы деректер тіркеледі.

      9. Топырақты әуеайлақтардағы топырақтың төзімділігі әрбір топырақ жай-күйін өлшеген жағдайда айқындалуы тиіс.

      10. Топырақты әуеайлақтардың қар жапқан ұшу алаңдарында, оның ішінде ЖҰҚЖ-да нығыздалған қардың қабаты астындағы нығыздалған қар жамылғысының төзімділігі мен тығыздығын қардың тығыздығы мен ауа температурасының көтерілуі бойынша әрбір орындалған жұмыстардан кейін айқындалады.

      11. Қысқы уақытта топырақты ұшу алаңдарында ӘК пайдалануға беру белгіленген кері ауаның температурасы және белгілі бір тереңдікте топырақтың үстіңгі қабатының қатуы кезінде рұқсат етіледі. Топырақтың қату тереңдігі кезінде аталған ӘК класы үшін белгіленгеннен аз болса, оның төзімділігі қатқан топырақ қабатымен айқындалуы тиіс.

      12. Ұшу алаңының топырақ элементтерін дайындау сапасы ТҰҚЖ, ТО бастапқы және орташа учаскелерінде, қозғалтқыштарды сынап көру және РЖ орындарында, сондай-ақ ҰЖ учаскелерінде нығыздау коэффициентімен сипатталатын топырақ тығыздығын айқындау арқылы бақылануы тиіс.

      13. Топырақты ұшу алаңының үстіңгі қабатының тегістігін бақылау шекті мүмкін болатын мәнінен асатын микро- және мезотегіс еместігін (ұзақтығы 40 м дейінгі учаскелерде толқынды, дөңес және шұңқыр түрінде үстіңгі қабатының бейінін өзгерту) айқындаудан тұрады. Микротегіс еместігі көзбен немесе автомобильмен жүріп өту арқылы тексерілуі мүмкін. Барынша мүмкін болатын мәндердің микротегіс еместігі кезінде топырақтың үстіңгі қабаты жөнделуі тиіс. Микротегіс еместігін жөндегеннен кейін 3 см аспауы қажет.

      14. Мезотегіс еместігі жапсарлас ұштастыратын еңістің айырмасын, (5,10,20) 5, 10, 20 м түсіру қадамымен тікелей кесінділерді кейіннен айқындау арқылы ақаулы учаскеге тән бағыттар бойынша үстіңгі қабаттың нивелирленген бейінін түсірумен айқындалады. 5, 10 және 20 м тең түсіру қадамымен тікелей кесінділердің еңесі мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы hn-1 - мезорельеф бейінінің бастапқы нүктесін белгілеу;

      hn - бастапқыдан бастап түсіру қадамында тұрған мезорельеф бейіні нүктесін белгілеу;

      а - түсіру қадамы.

      Жапсарлас ұштастыратын еңістің айырмасы мынадай формула бойынша айқындалады:

і(5,10,20)=in-1(5,10,20)-in(5,10,20),

      мұндағы in-1(5,10,20) және in(5,10,20) – олардың белгілері бар кескінділердің алдыңғы және кейінгі еңісі;

      ia егер бейінді түсіру барысы бойынша жоғарылау байқалса "+" және егер төмендеу байқалса, "-" таңбасына ие болады.

      15. Аралас тақташалардың тегістігіне, тығыздығына, шектен асуына және үстіңгі беттің тежеуіш ерекшеліктеріне қойылатын нормативтік талаптар 3.06 – 87 Әуеайлақтар СН және Е ережелеріне сәйкес келуге тиіс.

      16. Әуеайлақтардың кәріз жүйесі элементтерінің жай-күйі көктемгі қардың еруі, толассыз жауын-шашындар аяқталғаннан кейін тексеріледі.

      17. Ашық құрылыстардың – арықтардың, науалардың, құдықтардың, коллектор бастарының жай-күйін бақылау көзбен шолу әдісімен жүргізіледі.

      18. Жер асты құбырларының (коллекторлар, құлама арналар) жай-күйі сәулесі тексеріліп қаралатын бақылаушы тұрған құбыр арқылы құдықтан бағытталатын жарық көздерінің көмегімен тексеріледі. Жөнделген құбырда бақылаушы жарық көзін шеңбер түрінде көруге тиіс.

      19. Газ тоқтату құрылғыларының техникалық жай-күйін тексеруді инженерлік-авиациялық қызмет немесе арнайы ұйым орындайды.

      20. Зәкірлі бекітпелердің беріктігін тексеруді инженерлік-авиациялық қызмет мамандары жүргізеді. Олардың техникалық жай-күйін тексеру кемінде екі жылда бір рет орындалады.

      21. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтары) ұшу алаңы элементтерінің техникалық жай-күйін бағалау кезінде олардың беріктігіне (көтеру қабілетіне), тегістігіне және бірінші кезекте жасанды төсемдердің жұмыс қабілетіне және ұшу алаңының топырақты бөлігі мен басқа да құрылыстардың жай-күйіне байланысты басқа да физикалық сипаттамаларға ерекше назар аудару керек. Бағалауды құралдық әдістермен жүргізу ұсынылады.

      22. Төсемдердің пайдалану-техникалық жай-күйін бағалау үшін оларды тексеру және олардың ақауын табуды жүргізу қажет.Әуеайлақ төсемдерінің техникалық жай-күйін тексеру, олардың ақауын табу және бағалау материалдары жөндеу жұмыстарын жоспарлау үшін бастапқы негіз болып табылады, сондай-ақ нығайтудың талап етілетін қабатын есептеуді қоса алғанда, әуеайлақ төсемдерінің беріктігін және бұзылмайтындығын есептеу кезінде пайдаланылады.

      23. Төсемдерді тексеру және олардың ақауын табу мынадай екі жұмыс түрін: көзбен шолып мерзімдік тексеруді және оларды құралдық сынауларды қамтиды. Төсемдердің ақауын табуды жылына бір рет, ал табиғи апаттардан кейін (сел жүру, су тасқындары және т.б.) тез арада жүргізу ұсынылады. Әуеайлақ төсемдерінің беріктік сипаттамаларын ACN - PCN әдісімен бағалау кезінде тексеру мерзімділігі мен ақауын табу төменде келтірілген 1-кестеге сәйкес қолданылады.

      1-кесте. Төсемнің ақауын табу мерзімділігі

ACN/PCN артық жүктеме коэффициенті

Бір жылдағы ақау табу саны

1 және одан көп

4

0,8-1,0

2

0,8–ден аз

1

      24. Тексеру материалдары бойынша акт жасалуы керек, онда мыналар көрсетілуге тиіс:

      1) тексеру күні, құрылыс уақыты, әуеайлақтың жасанды төсемдерінің және әуеайлақ элементтері төсемдерінің конструктивтік кесінділерінің схемасы;

      2) ақаулық жоспары.

      25. Төсемдердің техникалық жай-күйін бағалау үшін осы Қосымшаның 2-кестесіне сәйкес ақаулар сыныптауышын пайдалану керек. Табылған ақаулар осы Қосымшаның 2-кестесінде келтірілгендердің біріне жатқызылады. Бүлінулер көрсеткіші және ақаулық дәрежесі бойынша ақаулардың көлемі анықталып, бүліну дәрежесі бағаланады.

      2-кесте. Жасанды төсемдер ақауларының жіктеуіші

Ақаулардың (бүлінулердің) сипаттамасы

Бүліну көрсеткіші

Ақаулық дәрежесі

0

1 әлсіз

2

3

4 өте күшті

Асфальт-бетондағы бойлық және көлденең жарықшақтар

Жарықшақтар арасындағы орташа арақашықтық (м)

Жоқ

30-дан астам

15-30

5-15

5-тен кем

Асфальт-бетондағы жарықшақтардың жиі орналасқан торы ("қолтырауын терісі")

Төсемдердің бүлінген алаңының пайызы

"

5-тен кем

5-20

20-50

50-ден астам

Асфальт-бетонның мүжілуі

Төсемнің бүлінген алаңының пайызы

"

5-тен кем

5-20

20-50

50-ден астам

Асфальт-бетон төсемінің ұңғымасы

Ұңғыма тереңдігі, мм

"

10-нан кем

10-25

25-40

40-тан астам

Бетон (армобетон) төсем тақталарындағы жарықшақтар

Жарықшағы бар тақталар пайызы(%)

"

5-тен кем

5-10

10-20

20-дан астам

Бетон (армобетон) төсемдері жиектерінің нақыштары

Жиектері нақышталған тақталар пайызы(%)

"

2-ден кем

2-5

5-10

10-нан астам

Бетонның үстіңгі бетінің қабыршықтануы

Үстіңгі беті қабыршақтанған тақталар пайызы (%)

"

5-тен кем

5-10

10-20

20-дан астам

Төсемнің ойыс түріндегі тегіс емес жерлері

Ойықтардың биіктігі, мм

"

5-тен кем

5-15

15-25

25-тен астам

Толқын тәрізді тегіс емес жерлер

3 м ұзындықтағы дөңес биіктігі, мм

"

5-тен кем

5-15

15-25

25-тен астам

      26. Әуеайлақ төсемдері беті тегістігінің жай-күйін R индексімен сипаттау ұсынылады. Жасанды төсемдердің үстіңгі бетінің тегістігін пайдалануға беру үшін олардың құрылысы аяқталған кезде, қайта жаңартудан және жөндеуден кейін бағалау керек. Тегістікті бағалауды қысқа қадаммен біркелкілеу әдісімен немесе тегістікті өлшеуге арналған арнайы тіркеме құрылғыны пайдалану жолымен орындау ұсынылды.

      27. Әуеайлақтардың жасанды төсемдері, егер тегістік индексі R-ге тең немесе 2,0-ден төмен болса, оны пайдалануға рұқсат етілмеуі тиіс. Ол мына формула бойынша есептеледі:

      Мұндағы "С" және "k" – тиісінше тегіс емес жерлердің спектральді тығыздық деңгейі мен пішімін сипаттайтын коэффициенттер.

      Үстіңгі бет тегістігінің жай-күйі.

Тегістік индексі R

Тегістік сипаттамасы

5,0 және жоғары

Өте жақсы

4,9-4,6

Жақсы, жақсырақ

4,5-4,0

Жақсы

3,9-3,6

Жақсы, қанағаттанарлыққа жақын

3,5-3,0

Қанағаттанарлық

2,9-2,6

Қанағаттанарлық, сындарлыға жақын

2,5-2,0

Сындарлы

2,0 төмен

Қанағаттанарлықсыз

      28. Әуеайлақтың жасанды төсемдері тегістігінің жай-күйін бағалау тиісті геодезиялық әдістермен жүргізіледі.

      29. Көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес әуеайлақтың жасанды төсемдерінің тегістігі өзгерген кезде мынадай кезеңдерден тұратын жұмыстар орындалады:

      1) төсемді алдын-ала тексеру және өлшеп белгілеу;

      2) уақытша реперлер салу;

      3) төсемдердің үстіңгі бетін біркелкілеу.

      30. Алдын-ала тексеру төсемдердің барынша деформацияланған учаскелерін айқындау үшін орындалады, сондай-ақ, уақытша реперлер салу үшін пайдаланылатын ҰА-ны тексеруді қамтиды. Бойлық бейін нүктелерін 5 м сайын өлшеп белгілеу ерекше маңызға ие, олар бойынша ЖҰҚЖ осі бойында және ӘК негізгі тіректерінің іздерімен тегістік өлшенеді.

      31. Тексерілетін жасанды әуеайлақ төсемі бойындағы жұмыстың үзілістері кезінде геометриялық біркелкілеу барысында биіктік таңбаларын бекіту үшін әдеттегідей 100 м аралықта уақытша реперлер салынады, ал тексерілетін бейіннің басында және соңында топырақ реперлері салынады. Біркелкілеу не жасанды төсемді бойлай не ӘК қозғалысының қарқындылығына және жұмыс үшін белгілі бір ұзақтық "терезелерінің" болуына байланысты көлденең орындалады.

      32. Геометриялық нивелирлеу жұмыстарының нәтижесі бойынша келесі жағдайларды бағалау жағдайын олардың тегістігін өңдеу үшін қолданатын, жасанды әуеайлақтық нивелирлі профильдерінің нүктелерін биіктік белгілеу каталогын құрайды.

      33. Төсемдерді геометриялық біркелкілеу нәтижелерін пысықтау және олардың тегістігін бағалауды азаматтық авиация ұйымдары немесе басқа да мамандандырылған жобалау ұйымдары жүргізеді.

Әуеайлақтар жабынының пайдаланушылық-техникалық
жай-күйін бағалау әдістемесі

      Әуеайлақ жабынының үстіңгі қабатының нақты жай-күйін бағалау көзбен шолып қарап тексеру нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

      1. Жабынының жай-күйін көзбен шолып бағалау.

      Жабында байқалған барлық ақаулар олардың барлық түрлерін және жоспар ауқымының мөлшерін көрсете отырып, ақаулар жоспарында тіркеледі. (1, 2-суреттер).

      2. Әуеайлақтардың қатты жабындыларын пайдаланушылық-техникалық жай-күйін бағалау.

      Көзбен шолып қарап тексеру нәтижелерінің негізінде тексеру мынадай формула бойынша D зақымданған жабынның жинақталған көрсеткіші айқындалады:

      D = DTP QTP + Dck Qck + DшQш (1)

      мұндағы D - зақымданған жабынының жинақталған көрсеткіші;

      DTP – өтпе жел сызатының көрсеткіші;

      Dck – жиек сынуларының көрсеткіші;

      Dш – қабыршық көрсеткіші;

      QТР – жиек сынуларының ауырлық коэффициенті;

      Qсk - қабыршықтың ауырлық коэффициенті;

      Qш - өтпе жел сызатының ауырлық коэффициенті.

      Dmp көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      Dmp = (n mp/n жалпы)/100 (2)

      мұндағы n mp - өтпе жел сызаты бар тақталар саны;

      n жалпы – тексерілетін әуеайлақ учаскесіндегі тақталар саны.

      Dck көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      Dck = (n k/nжалпы)/100 (3)

      мұндағы n ck – жиек сынуларының бар тақталар саны.

      Dш көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      Dш = (n ш/n жалпы)/100 (4)

      мұндағы n ш – қабыршықты үстіңгі қабаты бар тақталар саны.

      Q Qck Qш сыйымдылық коэффициенті мынадай кесте бойынша айқындалады:

Qmp

Qck

0,05

0,1

0,03

      Қатты әуеайлақ жабындыларын пайдалануға берудің жарамдылығы S жабындының жай-күйі сигнал беруін бағалау көрсеткіштерімен бағаланады, ол мынадай формула бойынша айқындалады: S = 5,0-D (5)

      Жабындының пайдаланушылық-техникалық жай-күйінің сипаттамалық кезеңі үшін сигнал беруді бағалау көрсеткіштері осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы кестеде келтірілген.

      Сигнал беруді бағалау кезеңдері

S

Теміржол жабындыларын пайдаланушылық-техникалық жай-күйінің кезеңі

3,5-5,0

2,5-3,5

S<2,5

Қалыпты пайдалануға беру сатысы

Сындарлы сатысы

Зақымдануы мүмкін болатын кезеңі

      Жыл сайынғы тексерулер нәтижелері кезінде жабындыны пайдалануға берудің уақытынан және желілік экстраполяция арқылы S сигнал беру мәніне байланысты кесте жасалады.

      Мысалы. Жыл сайынғы тексерулер нәтижесінде мыналар белгіленген:

Тақталар саны

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

Өтпе жел сызаттары бар n

20

50

100

Кесек жартасы бар n

80

90

100

Қабыршақты үстіңгі қабаты бар n

90

300

500

      Тексерілетін учаскедегі жалпы тақталар саны nжалпы = 5000 дана. 2007 жылы сигнал беруді бағалау және жабынды ресурстары айқындалды. (2) – (4) формулалары бойынша зақымданудың әрбір түрінің көрсеткіштері айқындалады.

      Dmp = 100/5000*100= 2,0

      Dck = 100/5000*100= 2,0

      Dш = 500/5000*100=10,0

      (1) формуласы бойынша жабынды зақымдануының жинақталған көрсеткіші айқындалады: D = 2х0,05+2х0,1+10,0х0,03=0,6

      (5) формуласы бойынша – жабындының жай-күйіне сигнал беруді бағалау: S = 5-0,6=4,4. "жабынды қалыпты пайдалану сатысы"

      Ұқсас есептеулер 2005-2007 жылдардағы тексерулердің нәтижелері бойынша орындалады. Нәтижелер кестеде көрсетілген.

Көрсеткіш

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

DTP

0,4

1,0

2,0

Dш

2,0

6,0

10,0

Dck

1,6

1,8

2,0

D

0,24

0,41

0,60

S

4,76

4,59

4,4

      Кестедегі деректер бойынша уақыттан жабындының жай-күйіне байланысты сигнал беру кестесі жасалды. Шамамен, желілік экстражылтыратудың көмегімен жабын ресурсы – 8 жылға айқындалады. 2011 жылға дейін жабынды пайдаланудың қалыпты сатысында тұратын болады, ал 2016 жылға қарай ол жол берілмейтін зақымданулар сатысына өтеді.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Ұшу алаңының жай-күйі журналы

      Әуежай: ___________________

      Басталды: _________________

      Аяқталды: _________________

Қарап тексеру күні мен уақыты

Ұшу алаңын дайындауға берілген уақыт

Ұшу алаңы жай-күйінің сипаттамасы

Бастықтың (бас инженердің, инженердің, техниктің) ұшу алаңының ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы

Әуеайлақ қызметі бастығының (бас инженерінің, инженерінің, технигінің) уақытын көрсете отырып қойған қолы

      Журналда мыналар тіркеледі:

      ұшу алаңын қарап бақылау күні мен уақыты;

      ұшу алаңын ұшуға дайындауға берілген уақыт;

      ұшу алаңы жай-күйінің сипаттамасы;

      ұшу алаңының ұшуға жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды;

      ҰЖҚ ілінісу коэффициентінің мәні.

      "Қарап бақылау күні мен уақыты" бағаны мынадай тәртіппен жазылады:

      күні, айы, жыл;

      қарап бақылау уақытының сағаты және минуты;

      қонудың магнитті курсы.

      Ұшуға әуеайлақтың ұшу алаңын дайындау үшін ҰБ жазылған және келісілген уақыты бірінші кезекте жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда журналда жазылады, бұл ретте ҰҚЖ, РЖ, ТО-да және перронда жұмыстардың басталуы және аяқталуы бөлек көрсетіледі.

      Ұшу алаңы элементтері дайындығының жай-күйі туралы сипаттама журналда жұмыс аяқталғаннан, әуеайлақ жабындысының жай-күйін тексергеннен және тіркесу коэффициентін және топырақ (қар) төзімділігін айқындағаннан кейін журналда жазылады.

      Егер "Ұшу алаңы жай-күйінің сипаттамасы" бағанында оның кейбір элементтері көрсетілмесе, онда осы элементтердің жай-күйі осы элементтер көрсетілген соңғы жазба бойынша ескеріледі.

      ҰҚЖ жай-күйі сипаттамасының жазбасы кезінде, оның ішінде тіркелу коэффициенті мәні жұмыс курсынан басталады. ҰҚЖ-ның әрбір 1/3 ұзындығы үшін тіркесу коэффициентінің орташа мәні жолға жазылады және бір-бірінен жанама сызықшалармен алшақтайды.

      Ұшу алаңы элементтерінің жай-күйі және дайындығы сипаттамасы кезінде дайындыққа берілген уақыттың өтуі бойынша жұмыс көрсетіледі және жалғасатын болады (қысқы кезеңде – бірінші кезектегі жұмыстар ішінара, сондай-ақ екінші, егер олар ұшулардың қауіпсіздігіне, ӘК жермен жүруіне және тұрағына арналған кедергілер болып табылса).

      Сипаттаманы, бағалауды және қорытындыларды жасау ықшам және анық болуы тиіс, ал қол қоюлар толық жазылуы керек.

      "Ұшу алаңы жай-күйінің сипаттамасы" бағанын толтыру кезінде әуеайлық жабындысының үстіңгі қабатының жай-күйіне мынадай үлгілік терминологиялық бағалау қолданылуы тиіс:

      ылғалды;

      сулы (шалшықтың болуын қоса алғанда);

      қырау немесе мұз қату (қалыңдығы кемінде 1 мм);

      құрғақ қар (кейбір жерлерде);

      құрғақ қар (жамылған);

      сулы немесе жылымықты қар (кейбір жерлерде);

      сулы немесе жылымықты қар (жамылған);

      мұз (жамылған);

      тығыздалған қар;

      мұзы бар қатып қалған қар;

      құрғақ.

      Ұшу шектеулерінің әртүрлі деңгейлері бар ұшу алаңын дайындаған жағдайда (мысалы, уақыттың жетіспеуінен), "Ұшу алаңының сипаттамасы" бағанында осы шектеулерге рұқсат ететін осы Қағидалардың тармағына сілтеме жасай отырып, тиісінше жазба болуы тиіс.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 4-қосымша

Топырақ беріктігінің көрсеткішін анықтау

      1. Топырақ беріктігінің көрсеткіші У-1 соқпасының көмегімен және тікұшақты сынама басқару арқылы анықталуы мүмкін. Соқпа үш бөліктен: оған әрбір 1 см сайын бөлу сызығы салынған ұштықтан, ұштықты топыраққа қағуға арналған массасы 2,5 кг гирьден, оның бойымен гирьді жылжытуға арналған бағыттағыш өзектен тұрады.

      2. Топырақ беріктігінің көрсеткішін өлшеу үшін У-1 соқпасы ұшымен топыраққа тігінен орнатылады, гирь бағыттағыш өзекке 50 см биіктікке (тірекке дейін) көтеріліп, түсіріледі. Гирь құлап барып, ұштықтың өзекшесін топыраққа соғып кіргізеді.

      3. Гирьді лақтыру ұштық 10 және 30 см тереңдікпен топыраққа енгенше қайталанады. Жұмыс барысында ұштықты 10 см енгізу кезіндегі гирьмен соққылау саны есептеледі және 30 см өспелі қорытындымен тіркеледі.

      4. Одан кейін әрбір орынға 10 және 30 см енгізу үшін жеке жасалған өлшеулерден орташа арифметикалық мәні төмендегідей анықталады:

      5. Топырақтың беріктігі мына формула бойынша анықталады:

      мұндағы

м - өлшеу орнындағы топырақтың беріктігі, кПа (кгс/см2);

10 - топырақтың 10 см тереңдіктегі беріктігі;

30 - топырақтың 30 см тереңдіктегі беріктігі.

      6. Топырақ беріктігінің көрсеткіші олардың санына бөлінген өлшеу орындары топырағының беріктігі көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.

      7. Гирьдің массасын тұрақты түрде тартып, бақылап отыру қажет. Бақыланатын параметрге рұқсат беру + 10 г құрайды.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 5-қосымша

Қарды тығыздау әдісімен ТҰҚЖ дайындау және ұстау технологиясы

      1. Қарды тығыздау тегістегіштермен және каткалармен (ағаш, металл, резіңке-бетон және пневматикалық-резіңке) жүргізіледі. Жаңа жауған қар алдымен тегістегішпен, содан кейін каткалармен тығыздалып, ұшу жолағы осінен шеңбер схемасы бойынша бүйірлік қауіпсіздік жолақтарына қарай тегістегіштермен тегістеледі. Тығыздау құралдарының әрбір кейінгі өтуі алдыңғыны кемінде 0,3 м (30 см) жабуы тиіс.

      2. Тығыздалған қар беріктігінің артуы уақыт бойынша қар бөлшектерінің қайта кристалдануы мен қатуы есебінен жүреді және тапталғаннан кейін 7 және одан артық сағат бойына жалғасады (кесте). Осыған байланысты тығыздалған қардың беріктігін бақылап өлшеуді тығыздағаннан кейін 3-4 сағат өткен соң жүргізу керек.

      3. Қардың тығыздығы тығыздағыш құралдардың өту санына, сондай-ақ, олардың арасындағы аралыққа байланысты болады. Бір ізбен өту саны мыналар үшін бекітіледі:

      омбы қар жарғыштарға – 1-2;

      тегістегіштерге – бір, үрлегіштері мен сүргілері болған кезде – 2-3;

      ағаш және металл каткаларға – 2-3;

      пневматикалық шиналары және резеңке-бетоны бар каткаларға – 1-2.

      Тегістегіштер мен каткалардың бір ізбен өту саны қолданылатын тығыздау құралдарының сипаттамаларына және қардың физикалық механикалық ерекшеліктеріне байланысты орындарды нақтыланады. Тығыздау құралдарының бір ізбен өту арасындағы уақыт аралығын былайша белгілеу ұсынылады:

      ауа температурасы 5 оС-ден төмен болған кезде 1200 с (20 мин);

      ауа температурасы 5 оС-ден төмен болған кезде 1800 с (30 мин).

      4. Тереңдігі 0,2 м (20 см) асатын қарды тығыздау кезінде мынадай жұмыстарды орындау қажет:

      1) қарды тісті немесе дискілі тырмамен қопсыту және араластыру, олардың көмегімен қар кристалдарын қопсытумен және сыпырумен қатар, оны бүкіл қалыңдығы бойынша бастықтыру және біркелкі тығыздау жүргізіледі. Тісті немесе дискілі тырмамен бір ізбен өту саны екіден кем болмауға тиіс;

      2) қарды тегістегіштермен және каткалармен бір ізбен 2-3 реттен өтіп тығыздау.

      Тырмамен араластыру (оның екінші өтуімен) және тегістегіштермен және катоктармен өту арасындағы уақыт аралығы барынша аз болуға тиіс, сондықтан тегістегіштері мен каткалары бар тракторларды бірден тісті немесе дискілі тырмадан кейін жіберу орынды болады.

      5. Тың қары бары учаскелер сыртында ТҰҚЖ дайындағаннан кейін тығыздалған тек қана үстіңгі емес, төменгі қабаттағы да қардың тығыздығы мен беріктігін тексеру қажет. Егер тексеру тығыздық пен беріктік ӘК талап етілетін типін пайдалану үшін жеткіліксіз екенін көрсетсе, онда жұмыс қайта жасау қажет (сол жүйелілікпен).

      6. ТҰҚЖ-дағы (соқпақтар, ойықтар, атыздар және қар бұрқасыны) кедір-бұдырлық жүйелі түрде тегістегіштермен тегістеліп, каткалармен тапталуға тиіс. Бір мезгілде ТҰҚЖ үстіңгі бетіндегі басқа да шамалы кедір-бұдырлықты жоя отырып, тереңдігі 0,03 м (3 см) дейінгі соқпақтарды тегістеу бойлай өту арқылы жүргізілуге тиіс. Тереңдігі 0,03 м (3 см) соқпақтары бар учаскелерді алдымен көлденеңнен, содан кейін бойлай өңдеп алу қажет.

      7. Тығыздалған қардың үстіңгі бөлігін мұз басқан кезде мұз қабығын кертікті немесе бұдырлы каткамен, тісті, дискілі тырмалармен бұзу керек. Мұз қабығын бұзғаннан кейін қар жамылғысының үстіңгі беті тиісті түрде жүктей отырып, тегістегіштермен және каткалармен қарқынды тығыздалып, қайта қалпына келтірілуге тиіс. Тығыздауды мұз қабығын бұзғаннан кейін дереу бастау керек.

      8. Әуеайлақтардың қарлы үстіңгі бетін тегістеу және тығыздау үшін АА кәсіпорындарының күшімен жасалатын әртүрі тегістегіштер қолданылады.

      Тегістегіштер 147,15 кПА (1,5 кгс/см2) дейінгі қарға ауыспалы үлестік қысым жасауға мүмкіндік береді. Тегістегіштердің әрбір кейінгі өтуінен ең жоғары ықтимал үлестік қысым алу үшін қардың тығыздығының арту шамасына қарай оларды балластпен жүктеуді ұлғайту қажет. Егер тегістегіштің алдында қар белдеуі пайда болса, тегістегішті жүктеуді азайту қажет.

      9. Қарды тығыздау үшін қолданылатын ағаш және металл каткаларға құрғақ құм немесе қиыршықтас тиелуге тиіс. Қардың ағаш каткаларға 0 0С жуық температурада, металл каткаларға +0,5 0С – ден жоғары және 7 0С-ден төмен ауа температурасында жабысуын болдырмау үшін соңғысы қағылуға немесе қалыңдығы 3х10-3 м (3-5 мм.) табақ резеңкемен қапталуы тиіс. Ағаш және металл каткалар 196,2 кПа (2 кгс/см2) үлестік қысым қалыптастырады.

      10. Тығыздаудың барынша жақсы дәрежесіне қарды пневматикалық резеңке және резеңке-бетон каткалармен тегістеу кезінде қол жеткізіледі.

      11. Үлестік қысымы балласт санына байланысты 392,4-588,6 кПа (4-6 кгс/см2) құрайтын массасы 10 және 25 тонна пневматикалық-резеңке каткаларын, сондай-ақ, дербес доңғалақ асқыштары бар (ДУ-39 типті) пневматикалық доңғалақты катоктарды қолдану ұсынылады.

      Тіркеме резіңке-бетон каткаларда АА кәсіпорындары жасауы мүмкін. Бұл каткалар қақпақ қызметінің мерзімі өткен ерітінді қоспадан құйылған сегіз бетоннан тұратын бір осьтік конструкцияны білдіреді.

      12. Қарды пневматикалық-резіңке және резіңке-бетон каткаларымен тегістегеннен кейін тығыздалған қардың үстіңгі бетінде тегістегіштермен тапталуға тиіс пневматикалық катка іздері қалады. Тракторлардың тарту күшіне байланысты 2-3 тегістегіштер мен 3-5 ағаш және металл каткаларынан тұратын тіркеме қолданылады.

      13. Тығыздалған қар жамылғысының беріктігін (көтеру қабілетін) анықтау үшін НИАС қаттылықты өлшеу құралын қолдану ұсынылады. НИАС қаттылықты өлшеу құралы конустан, адамның аяқ басуына арналған алаңнан, тік бағаннан және тік тіреуіш тақтадан тұрады. Қаттылықты өлшеу құралының биіктігі 1050 мм.

      Қаттылықты өлшеу құралының конусы қаңылтырмен немесе табақты алюминиймен көмкерілген дюральюминийден немесе ағаштан жасалады және аяқ басуға арналған алаңмен қатты етіп жалғанады. Ең төбесіндегі конус бұрышы – 34012`, биіктігі – 130 мм, негіз диаметрі – 80 мм.

      14. Аяқ басуға арналған алаңның өлшемі 300х120 мм. Тік бағанның биіктігі 700 мм. Төменгі бөлігінде текше тақта - өлшемі 100х100 мм негізі бар. Баған тірек тақтаға бекітілген екі бағыттаушы қапсырмаларда еркін қозғалады. Бағанға конустың қарға бату тереңдігін көрсететін металл тіл бекітілген.

      15. Өлшемі 900х100 мм тірек тақта аяқ басуға арналған көлденең алаң бар екі фанер үшкілмен бекітілген. Тірек тақтада ол бойынша конустың қарға бату тереңдігі есептелетін және оның көрсеткіштері бойынша тығыздалған қардың көтеру қабілеті айқындалатын шкала бар.

      16. Қаттылықты өлшеу құралын пайдалану қағидасы:

      1) қаттылықты өлшеу құралын қар жамылғысына қою.

      2) бағанды тірек тақтамен жалғайтын бекіткішті созу, қолмен сапты алып, аяқ басуға арналған алаңға бір аяқпен тұрып, оған өз дененің тарту орталығын ауыстыру, содан кейін аспап көрсеткішін шкала бойынша жазып алу.Тығыздалған қардың беріктігі салынатын жүктеме мен конустың бату тереңдігіне байланысты төмендегі кесте бойынша анықталады:

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 6-қосымша

Химиялық жолмен көктайғақтың болуын жою

      1. Әуеайлақ жабындыларындағы көктайғақтың болуы гранула немесе сұйық түрдегі сертификатталған реагенттерді қолдану арқылы химиялық тәсілмен жүзеге асады (Антигор, АНС, Нордвей және басқа).

      Цементінің жасы екі жылдан кем емес цемент бетон жабындыда кальций-магний ацетат негізіндегі реагенттер қолданылады.

      СИШ (стироль-инден шайыр) типті мұнайполимер шайыр негізіндегі қорғау сіңіру құрамымен өңделген әуеайлақ жабындыларында және/немесе НЛС (мұнайполимер-лакпен бояу шайыры) типті, сондай-ақ гидрофобизирлеуші кремний органикалық қосындыларды (КОҚ) және мұнайполимер кольмат құрамдардың құрамымен өңделген әуеайлақ жабындыларында цементбетонның жасына қарамастан реагенттерді қолдануға рұқсат етіледі.

      Сертификатталған реагенттер олардың талаптарына сәйкес және өндірушінің ұсынысы бойынша қолданылады.

      2. Химиялық реагенттер мыналар үшін қолданады:

      1) Пайда болған көктайғақты еріту;

      2) Көктайғақтың пайда болуын алдын алу.

      3. Сертификатталған реагенттің қолдану технологиясы төмендегілерден тұрады:

      1) көктайғақ бетіне реагентті төсеу;

      2) жабындының бетінде пайда болған ерітінділерді және мұз қалдықтарын тазалау;

      3) жабындының беткі қабатын жартылай кептіру арқылы тазалау.

      4. Химиялық реагенттер зауыт қорабында жабық құрғақ жайлардағы сөреде сақталады. Сөрелер көлемі 2х2,5 және еденнен 10 см-ден кем емес көтеріліп тұруы керек. Бастырылып қалмау үшін реагенттері бар қаптар сөрелерге тігінен қойылады, сөрелер биіктігі 1,5 метрден кем болмауы тиіс.

      5. АНС типті реагенттер барлық типті жабындыларда қолданыла береді. Ол мұзды мұздың қалыңдығы мен ауа температурасына байланысты минус 120С дейін 10-30 минут ішінде ерітеді. Жасы екі жылдан кем емес цементбетон жабындыларда АНС типті реагенттер қолдануға болмайды. Карбамид типті реагентті асфальтбетон және қара қиыршық тасты жабындыларда 50С кем емес температурада қолдануға болады. Карбамидтерді цементбетон жабындыларда қолдануға болмайды. Аталған температураларда мұзды карбамидпен еріту тиімділігі АНС реагентін қолдану кезіндегімен бірдей. Реагент сапасы әуежайларға келген кезде реагент өндірушінің техникалық талаптарына сай келуі тексеріледі.

      6. АНС типті реагенттің құрылымы іртік әр түйіршігінің (гранула) көлемі 1-4 мм. Бастырылып қалған реагенттердің түйірлері түйіршіктердің алдында ауыл шаруашылық тыңайтқыштарын ұсақтағыштар көмегімен ұсақталады.

      7. Қатты күйінде шашу кезінде негізі талап болып оның беткі жаққа тегіс салынуы және көктайғақ қабаты мен ауа температурасына байланысты. АНС және карбамид реагентінің көктайғақ қалыңдығы 1мм астам кезіндегі 1м2 кететін орташа шығыны келесі кестеде көрсетілген:

Көктайғақ қалыңдығы 1 мм артық болған кезде жабындының
2 АНС пен карбамидтің орташа шығыны

Реагент-ұнтақ жай-күйі

Өлшем бірлігі

Ауа температурасы, 0С

0-ден -3-ке дейін

–3-тен -6-ға дейін

–6-дан –8-ге дейін

–8-ден –10-ға дейін

–10-нан –12-ге дейін

Реагент шығыны

г/м2

25 - 50

40 – 75

50 - 100

125

150

      8. Ауа температурасы - 20оС болған кезде құрғақ жабындыларда көктайғақтың пайда болуын ескеру үшін АНС реагентінің, карбамидтің немесе CLEARWAY/ SAFEWAY ерітіндісі 0,05-0,25 л/м2 –не шығын есебі бойынша қолданыла алады. Ылғалды жабындылардағы химиялық реагент ұнтағының шығын нормасымен 1м3 ерітінді алу үшін су нормасы келесі кестеде көрсетілген:

2 ерітінді алу үшін су және реагентінің шығын нормасы

Ауа температурасы, 0С

Реагенттің қоюлануы, % масса бойынша

Қолданатын ерітіндінің есептеу температурасы, СҮ (қату температурасы)

1 м3 ерітінді алу үшін реагент көлемі, кг

50 %-ерітінді мен судың құрамы (ерітінді: су)

Реагент

су

–5 дейін

25

-8

280

840

1:1

–5 тен -7 дейін

30

-10

340

810

1:0,67

–7 тен –9 дейін

35

-12

410

770

1:0,43

–9 дан –11 дейін

40

-14

490

720

1:0,25

–11 төмен

50

-19

630

630

1:0

      9. Су ерітіндісінің реагентін суғару-жуу машиналарының цистерналарында немесе үлкен ыдыстарда дайындап, соңынан суғару-жуу машиналарына оларды құюмен орындалады. Ерітінділерді дайындау үшін суды 50-60о С температурадағы суды қолдануы тиіс. 50 % артық ерітіндінің қоюлануын стационарлық ыдыстарда дайындап, қолдану алдында суық сумен қажетті қоюланғанға дейін араластыру қажет.

      10. Жабындыға химиялық реагенттерді РУМ лақтырғыштың және құм лақтырғыш машиналардың көмегімен орындалынады. Реагент шығынының нормасына қойылатын талаптар машинаның жылдамдығымен қамтамасыз етіледі және лақтыратын механизм лақтырғышының көлеміндей болады. РУМ жұмысының әртүрлі режимі кезіндегі реагенттің орташа шығыны графикте көрсетілген. ПР-130 құмлақтарғышпен реагентті тарату 1,66 м/с (6 км/с). дейінгі жылдамдықта жүзеге асырылады. Осы жылдамдықта реагент шығыны 70-100 г/м, ал 2,22-2,7 м/с (8-10 км/с) жылдамдық кезінде - 50 г/м2 шамасын құрайды. Екіскаткалық көлденең профильді жамылғыда құмлақтырғыштың қозғалысын шеңберлі (фигуралық) сұлба бойынша осьтен шет жақтарға қарай, ал бірскаткалы көлденең профильді жамылғыда-орын ауыстыратын сұлба бойынша – қар жиектері жоғарыдан төменге қарай орындау керек. Бүйір желдің жылдамдығы 5 м/с артық болғанда, көлденең профильді жамылғыға байланыссыз, машиналардың қозғалысын ауыстыратын сұлба бойынша мақсатқа сәйкес, ҰҚЖ жел жағынан бастап ұйымдастыру керек.

      11. Ілінісу коэффициентінің мөлшерін жақсарту үшін әуеайлақтық тазалау машиналарының көмегімен ҰҚЖ жабындысын кептіруге кеңес беріледі.

      12. Пайда болған көктайғақты химиялық реагентпен бұзудан кейін, мұздың жұқа қабаты жұмсарған кезде және жабындының бетімен ілінісуін жоғалтқан кезде, сыпырғышы бар соқалы-қылшақты машиналарды қолдана отырып, жабындыны шалшықтан тазарту қажет.

      Мұзбен әрекетке ұшырамаған реагентті, бұзылған мұз қалдықтарын, сонымен қатар пайда болған реагент ерітіндісін жабында қалдыруға қатаң тыйым салынады.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 7-қосымша

Әуеайлақ төсемдерін қардан және мұздан тазарту технологиясы

      1. Әуеайлақтың қар жамылғысын тазартуға арналған негізгі машиналар әуеайлақтық жинау машинасы, щеткалы соқасы бар қар тазалағыштар және жел машиналары болып табылады.

      2. Қардан тазартуды мыналар жүргізеді:

      1) әуеайлақтық жинау машиналары және щеткалы соқасы бар қар тазалағыштар:

      ҰҚЖ осінен жол жиегіне бүйірлік желдің жылдамдығы 3 м/с жеткен кезде;

      екі тең емес бөліктен бүйірлік желдің жылдамдығы 3–5 м/с болған кезде, үлкен бөліктен (2/3 дейін) қардан жел бағытымен, кіші бөліктен (1/3 дейін) желге қарама-қарсы тазартады;

      бүйірлік желдің жылдамдығы 5 м/с болған кезде жел бағытымен тазартады, әрбір жүрудің соңында машинаның үйіндіден бұрылып, бос жүруіне рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте тазартуды қар төселген орынға қарама-қарсы ҰҚЖ жиегінен бастау керек;

      2) жел машиналары:

      ҰҚЖ осінен жол жиегіне бүйірлік желдің жылдамдығы 3 м/с дейін жеткен кезде;

      бүйірлік желдің жылдамдығы 3 м/с асқан кезде жел бағытымен ҰҚЖ жиегінен бастап қар төселген орынға қарай.

      Жел машиналары РД-ны төсем жиегінен 6-8 м аралықта РЖ жиегі бойымен қозғала отырып, бір рет өту арқылы тазартады.

      Жел машиналарымен перронды және ТО қардан тазартуды төсемде ӘК және басқа техника болмаған кезде ғимараттар мен құрылыстардан басқа жаққа қарай жүргізу керек.

      3. ҰҚЖ қардан тазарту бүкіл ендік бойымен жүргізілуге тиіс.

      Үйілген қарды роторлы қар тазартқыштар тез арада тазартылатын жолақтардың сыртына шығарады немесе оларға жақын жатқан әуеайлақтың топырақты бөліктеріндегі біркелкі қабатпен теңестіріп тегістейді.

      Қар жауу кезінде келеңсіз температура жағдайларында, егер оның суық жаңбырға немесе қырауға айналуы күтілсе, төсемнен қары ысырылмайды, өйткені бұлай болмаған жағдайда жаңбыр немесе қырау қардан тазартылған үстіңгі бетке түсіп, көктайғақ болады.

      4. ҰҚЖ қардан тазартуды щеткалы соқасы бар қар тазартқыштардың немесе жел машиналарының табиғи әдісімен жүргізу керек. Ұшып-көтерілу қону операциларының арасында минималды уақыт интервалы, қардан және жер жылымықтарынан рұқсат етілген патрульді тазарту ПМ - 130, ДЭ – 7, ДЭ – 224 және ПМ – 63 машиналарымен және басқа да қардан тазарту машиналарының түрімен 25 -30 минуттан кем емес уақытта тазартуы тиіс.

      Төсемдерді қардан тазарту кезінде өнімділігі құрғақ қарды тазартуда 139 м2/с (50 га/сағ.) дейін, дымқыл қарды тазартуда 55,5 м2/с (20 га/сағ.) дейін жететін жел машиналарына айрықша мән беру керек.

      5. Жаңа жауған қарды ысыру жел машинасының ҰҚЖ төсемі бойымен 6,9-8,3 м/с (25-30 км/сағ.) жылдамдықпен қозғалуы арқылы жүзеге асырылады. Жел машиналарын қолданудың барынша жоғары тиімділігіне төсемді құрғақ қардан ауа температурасы минус 100 С-ден төмен болғанда, дымқыл қардан ауа температурасы 00С-ге жуық болғанда тазарту кезінде қол жеткізіледі.

      6. Ауа температурасы минус 70 С-ге дейін жеткен кезде қарды жел машиналарының көмегімен жинау ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайда қар еріп, еріген қар төсемге жабысып қатады.

      7. Щеткалы соқасы бар қар тазалағыштардың жұмысы бірінің соңнан бірі алдыңғы ізді 0,30-0,40 м басып өтіп, ҰҚЖ осінен жиектерге қарай қозғалатындай түрде ұйымдастырылуға тиіс. Қозғалыстағы щеткалы соқасы бар машиналардың арасындағы ең аз арақашықтық 30-35 м болуы керек.

      8. ҰҚЖ-да қар күреу қар жауған кезден бастап ұшақтардың ұшып көтерілуі мен қонуы аралығындағы үзілістерде жүргізілуге тиіс. Қар жауа бастағанда ҰҚЖ-да жауған қар қабаты шамалы (2-3 см.) болған кезде оны тек қана щеткалармен тазартады. Одан кейін қар қабатының ұлғаюына қарай щеткалардың және ауа үрлегіштердің жұмысы тоқтатылмай бір ысырғышы бар соқалар жұмысқа қосылады. Егер қар жауып біткен соң қар күреуді бастау қажет болса, қар қабаты қалың емес кезде щеткалы соқасы бар қар тазалағыштар машиналардың жұмысын екі топқа бөлген жөн: машиналардың бір тобы қарды соқамен күрейді, ал екінші тобы – щеткамен сыпырады. Шнекороторлы тазалағыштар әуеайлақтың жинау машиналары соңғы рет өткеннен кейін үйілген қар үйіндісін ҰҚЖ сыртына лақтырады.

      PAPI жарықтарына (оттарына) және нұсқаулық белгілерге қарды лақтыруға тыйым салынған.

      . ҰҚЖ бүйір жарықтарының (оттарының) сызығынан қардың биіктігі келесі схемадағыдай көрсетілген көрсеткіштен аспауы тиіс:

      10. ЖҰҚЖ тығыздалған қардың астында ұстау барысында бірінші қабат кейіннен үстіңгі бетті тегістегіштермен таптай отырып, қарды пневматикалық катоктармен тығыздау арқылы түзіледі. Бұл ретте тығыздалған қар қабатының төсеммен жеткілікті қабысуын қамтамасыз ету үшін тығыздауды 8 сағаттан кем емес ұшудағы үзіліс және ауа температурасы –50+100 С болған кезде жүргізу керек. ЖҰҚЖ қарды кейіннен тығыздауды алдымен тегістегіштер, одан кейін катоктар жүргізіп, тегістегіштер таптайды. Қалыңдығы 6-8 см. тығыздалған қар қабаты түзілгеннен кейін ЖҰҚЖ одан әрі ұстау қардан тазарту жолымен жүргізіледі.

      11. ЖҰҚЖ пайдалану барысында доңғалақтардың әсерінен ӘК қозғалтқышынан шығатын әуе газы ағынынан қар бұзылып, үрленеді. Ерекше күшті бұзылуға старттық учаскелер мен ЖҰҚЖ ені бойындағы орталық бөлік ұшыраған. Бұл учаскелердегі тығыздалған қар қабатын қалпына келтіру үшін қажеттілігіне қарай тазартудың орнына қарды тығыздау керек.

      12. Қолайлы ауа температурасы қалыптасқанға дейін екі-үш апта ішінде тығыздалған қар қабаты ЖҰҚЖ төсемдерінен ысырылуға тиіс. Тығыздалған қарды қалыңдығы 1-2 см. қабаттармен автогрейдермен ойып алу керек, оның қозғалысы ТҰҚЖ осінен бастап төсемдердің жиектеріне қарай айналма өту арқылы жүргізіледі. Ойып алынған және үйіндіге айналған қар роторлы қар тазалағыштармен ҰҚЖ сыртына шығарылады. ҰҚЖ тығыздалған қардан тазарту төсем қардан толық тазартылып біткенге дейін жалғастырылады.

      13. Перрондағы РД, ТО және ангар жанындағы алаңның қарлы-мұзды қабатын кертікті немесе бұдырлы катоктармен және тісті пышағы бар автогрейдерлермен бұзу керек. Төсемде қалыңдығы 6 мм кем емес қарлы-мұзды қабық қабат болса, оны химиялық реагент немесе жылу машиналарының көмегімен жою керек.

Көктайғақ түзілімдерін жою

      14. Көктайғақ түзілімдерінің алдын алуға және оны жоюға механикалық, жылу және химиялық құралдар арқылы қол жеткізіледі.

      15. Әуеайлақтың метеорологиялық станциялары (ӘМСТ) 2 сағаттан кешіктірмей әуеайлақ қызметіне көктайғақтың түзілуі туралы ескертеді.

      16. Жаңа жауған қардың төсемнің мұздаған үстіңгі бетіне жабысып қатуының алдын алу және дымқыл қардың немесе жаңбырдың жаууымен қатар жүретін температураның көтерілуі кезінде қар қабатының қарлы-мұзды қабыққа айналуына жол бермеу үшін жаңа жауған қарды төсемнен табиғи қар тазалау әдісімен тез арада және толық жою қажет.

      17. Жылу машинасының қозғалысын қамтамасыз ету үшін оның алғашқы жүріп өтуі саптамасы бар реактивті қозғалтқышты бойлық осьті бойлай орналастырған кезде жүргізіледі. Машина реактивті қозғалтқыштың пайдаланылған газының оператор кабинасына енуі жүрмейтін бағытта қозғалады.

      18. Машиналардың кейінгі жүріп өтуі авиақозғалтқыштың бойлық оське 15-450 бұрышпен орнатқан кезде жүргізіледі. Қозғалтқышты орнату бұрышы және оның орналасуы желдің бағытымен және пәрменімен ұштастырылуға тиіс. Ерекше қолайсыз жұмыс жағдайларында қозғалтқыштың орналасу жағдайын өзгерту арқылы пайдаланылған газдың оператор кабинасына желмен енуін толық болдырмау мүмкін емес кезде машиналар қозғалысы кері бағыттағы бос жүріспен тек қана бір бағытқа (желмен) жүргізу керек. Алдыңғы жүріп өту 15-20 см. үзіліп отыруы тиіс, бұл төсемде өңделмеген учаскелердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

      19. Қозғалыс аралығы шамамен 20-25 м саны кемінде үш жылу машиналарын барынша тиімді қолдану.

      20. Жылу машиналарында оның жағдайына, машинаның конструктивтік ерекшеліктеріне және оның үстімен базалық шассидің доңғалақтары жылжитын жабынның жай-күйіне байланысты оларға орнатылған ВК-1 реактивтік қозғалтқышы айналуының ең жоғары рұқсат етілетін жиілігінің есептік шамасы төмендегі кестеде көрсетілген:

      ВК-1 қозғалтқыштың айналуының рұқсат етілетін жиілігінің есептік шамасы:

Үстімен базалық жылу машинасының доңғалақтары жылжитын жабынның жай-күйі (асфальтбетон, цементбетон)

ВК-1 авиақозғалтқышы роторының рұқсат етілетін жиілігі, Гц (об/мин)

Авиақозғалтқыш осі мен ТМ-59М машинасы базалық шассиінің бойлық осі арасындағы бұрыш

00

300

Көктайғақ

66,6 (4000)

41,6 (2500)

Қар

91,6 (5500)

66,6 (4000)

Ылғалды

116,6 (7000)

108,3 (6500)

Дымқыл

150,0 (9000)

141,6 (8500)

Құрғақ

158,3 (9500)

158,3 (9500)

      21. Жылу машинасы қозғалысының 0,55 м/с (2 км/сағ.) кем емес жылдамдығы кезінде немесе ол тоқтағанда төсемнің қалдық газдарымен шамадан тыс қыздырылуы нәтижесінде оның үстіңгі қабатының бұзылуы, сондай-ақ, төсем жапсарынан шыққан битумдық толтырғыш балқып, оның үрленуі болуы мүмкін.

      22. Машина тоқтаған кезде саптама жиектерінен төсемнің жақын жапсарына дейінгі аралық 2,0-2,5 м. кем болмауға тиіс, бұл ретте оператордың турбина роторының айналу жиілігін төмендетуі немесе реактивтік қозғалтқышты тоқтатуы қажет.

      Ескертпе: Жылу машиналарында авиақозғалтқыштардың басқа түрлерін пайдаланған кезде олардың жұмыс режимі оларды жасау және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленеді.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 8-қосымша

Әуе кемелерін тежеу талаптарын бағалау әдістері мен құралдары

      1. ЖҰҚЖ жабындысында ӘК тежелу шарты, тығыздалған қардың қабатытындағы ЖҰҚЖ мен ҰҚЖ жабындысында атмосфералық жауын-шашын түрлерімен, қалыңдығымен, тежелу тиімділігімен, ілінісу коэффициентінің мөлшерімен сипатталады.

      2. Ілінісу коэффициентін өлшеу үздіксіз әрекеттің ілінісуін сертификацияланған өлшеу құрылғысымен (мысалы: әуеайлақтық тежегіш арбасы және олардың нұсқасы, мюметр немесе скидометр ) немесе деселерометрмен (мысалы: 1155 М типті, теплиметр, брейкметр-динометр) жүзеге асырады.

      3. Ілінісу коффицентінің өлшеуіштерін дайындауды және реттеу және өлшеу технологиясы пайдалану бойынша нұсқаулыққа және өндірушінің техникалық құжаттамасына сай жүргізіледі. Өлшеулер cағатына 40-45 шақырым жылдамдықта жүргізу ұсынылады немесе өндірушінің техникалық құжаттамасына сай жүргізіледі.

      4. Ілінісу коэффицентінің мәнін өлшеу ҰҚЖ ұзындығының әр 3\4 әр бағытта оның осінен 3-10 м қашықтықта жүргізіледі.

      ҰҚЖ ұзындығының әр үш бөлігінде 8 кем емес өлшеулер жасалады (ҰҚЖ әр осінен 4 -тен). 8 өлшемдер бойынша ҰҚЖ ұзындығының үш бөлігі бойынша ілінісу коэффицентінің орта арифметикалық көлемі есептеп шығарылады. ҰҚЖ жабындысы біркелкі болмаған жағдайда ілінісу коффицентін өлшеу жабындының бүкіл ені бойынша жүзеге асырылады.

      5. ҰҚЖ үлкен учаскелерінде ілінісу сипаты едәуір айырықша болса, ілінісу көлемі ҰҚЖ әр бөлігі үшін алу қажет болады. Ұзындығы 100 м.

      6. ҰҚЖ бөлігінің әр үшінші бөлігіне өлшенген ілінісу коэффицентінің орташа көлемі 1-кестеге немесе корреляциялық кестеге сәйкес ілінісу коффицентінің нормативтік мағынасына аударылады (1-сурет).

      1-кесте

Өлшенген ілінісу коффицентінің нормативтік
мағынасына аудару кестесі

Өлшенген ілінісу коэффиценті

0,1

0,15

0,18

0,2

0,25

0,26

0,3

0,35

0,39

0,4

0,45

0,5

0,55

0,6

Ілінісу коффицентінің нормативтік мағынасы

0,26

0,29

0,3

0,32

0,35

0,36

0,37

0,39

0,41

0,42

0,45

0,49

0,54

0,57

      1-сурет. Корреляциялық кесте

      7. Ілінісу коффицентінің нормативтік мағынасы ҰҚЖ әр ұзындығының үшінші бөлігі бойынша ұшу алаңы жағдайының журналына жазылады және ӘҚБ байланыс арнасы бойынша беріледі.

      8. Ілінісу коффицентін өлшеу деселерометрлердің көмегімен өлшеу ҰҚЖ ұзындығының әр 3\4 әр бағытта оның осінен 3-10 м қашықтықта жүргізіледі.

      1155М типті деселометрлердің көрсеткіштері ілінісу коффицентінің нормативтік мағынасына сай келеді.

      9. Ілінісу коффицентінің нормативтік мағынасы туралы ақпарат әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ) органдарына және аэронавигациялық ақпарат қызметіне (ААҚ) мәлімденеді.

      10. Ілінісу коэффицентін өлшеу кезінде, ілінісу коэффицентін автоматты өлшеу қарастырылған сандық тіркеу және өлшеу блогы жинағында бар әуеайлақ арбасында (жоғарыда көрсетілген кестені есепке алғанда) 1) әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ) органдарына және аэронавигациялық ақпарат қызметіне (ААҚ) есептелген ілінісу коффицентінің нормативтік мағынасы беріледі.

      11. Мұз немесе құрғақ қармен жабылған ҰҚЖ-да тежеу тиімділігін бағалау 2-кестеге сәйкес жүзеге асады.

      2-кесте

Ілінісудің өлшенген коэффиценті

Тежеу тиімділігінің бағасы

Код

0,42 және жоғары

0,41-0,40

0,39-0,37

0,36-0,35

0,34 және төмен

0,3 және төмен

0,40 және жоғары

0,39-0,36

0,35-0,30

0,29-0,26

0,25 және төмен

0,18 және төмен

Жақсы

Орташа/жақсы

Орташа

Орташа/жаман

Жаман

Сенімсіз

5

4

3

2

1

9

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 9-қосымша

      нысан

Қар SNOWTAM толтыру

      SNOWTAM Кезектілік индексі

      Мекенжайлар

Толтырылған күні

және уақыты

Құрастырушы

индексі

SNOW NOTAM сериялық нөмірі (S сериясы)

NOTAM S

1

2

3

4

5

6

7

Әуеайлақ

А

Бақылау күні және уақыты (өлшеудің аяқталу уақыты)

В

В

В

ҰҚЖ белгіленуі

С

С

С

ҰҚЖ тазартылған бөлігінің ұзындығы (егер ҰҚЖ жарияланған енінен аз болса, м)

Д

Д

Д

ҰҚЖ тазартылған бөлігінің ені (егер ҰҚЖ жарияланған енінен аз болмаса), м, ығысқан кезде ҰҚЖ осьтік желісінен "L" (солға) және "R" (оңға) қосу

Е

Е

Е

ҰҚЖ ұзындығы бойындағы жауын-шашын (барынша төмен белгілеу нөмірі бар шектен бастап ҰҚЖ әрбір үштен бірінде):

NIL – ашық және құрғақ

1 - ылғалды

2 – дымқыл (кей жерлерде)

3 – шық немесе қырау (қабат қалыңдығы әдетте 1 мм кем емес)

4 – құрғақ

5 – ылғалды қар

6 – жылымық қар

7 – мұз

8 – тығыздалған немесе тапталған қар

9 – беті тегіс емес қатқан қар

ҰҚЖ ұзындығының әрбір 1/3 жауын-шашынның орташа тереңдігі, 0 мм

G

G

G

ҰҚЖ ұзындығының әрбір 1/3 тежелу тиімділігі және өлшеу жабдығы

Ілінісу коэффициентінің өлшемді немесе есептік мәні немесе қоса жүретін тежелу тиімділігі (осы Қағидаларға 8-қосымша 2-кесте)

Ескертпе. Өлшенген коэффициентті көрсету үшін екі сан, олардан кейін пайдаланылатын өлшеу жабдығына қатысты қысқару болады, ал тежелудің өлшемді тиімділігін көрсету үшін – бір сан пайдаланылады

Н

Н

Н

Омбы қар (егер бар болса, биіктікті, см/ҰҚЖ шетінен арақашықтық, м және қажеттілігіне қарай "L" (сол жақтан ), "R" (оң жақтан немесе "LR" (сол жақтан – оң жақтан))) көрсету керек

J

J

J

ҰҚЖ оттарын (айырып-ажырату нашар болса, "иә" деп және қажеттілігіне қарай "L" (сол жақтан), "R" (оң жақтан немесе "LR" (сол жақтан-оң жақтан)) көрсету керек

K

K

K

Одан әрі ҰҚЖ тазалау жүзеге асырылады (егер жоспарланып отырса, ұзындығы мен ені көрсетілу керек), Егер бүкіл ҰҚЖ тазартылатын болса, "Бүкіл ҰҚЖ" деп көрсету керек.

L

L

L

Одан әрі тазалауды... қарай аяқтау болжанады

M

M

M

РД (тиісті РД жоқ болған кезде "Жоқ" деп көрсету керек)

N

N

N

РД-дағы омбы қар (егер оның биіктігі 60 см асатын болса, "Иә" деп және олардың арасындағы арақашықтықты, м көрсету керек)

P

P

P

Перрон (егер пайдаланылмайтын болса, "Жоқ" деп көрсету керек)

R

R

R

Келесі жоспарланатын бақылау/өлшеу... (күнін, айын, уақытын көрсету керек) жүргізіледі

S

S

S

Ашық мәтінмен ескертулер (ҰҚЖ ластануы туралы ақпаратты және жедел қатынастағы, мысалы мұз басуға қарсы күрес сияқты басқа да маңызды ақпаратты қоса алғанда)

T

      Екі немесе үш ҰҚЖ-ға қатысты хабар беру кезінде 3-бағаннан (1-ҰҚЖ) бастап, ақпаратты, одан кейін 5 (2-ҰҚЖ) және 7 (3-ҰҚЖ) бағандарының ақпаратын беру керек (егер қажет болса).

      Ақпаратты беру үшін метрлік бірліктер пайдаланылуға тиіс.

      SNOWTAM ең жоғары пайдалану мерзімі – 24 сағат.

      ҰҚЖ жағдайына қатысты маңызды өзгерістер мыналар болып табылады:

      ілінісу коэффициенті мәнінің шамамен 0,05-ке өзгеруі;

      мына шектерден асатын жауын-шашын көлемінің өзгеруі:

      құрғақ қар үшін – 20 мм, дымқыл қар үшін – 10 мм және жылымық қар үшін – 3 мм;

      10 %-ды немесе одан астамды құрайтын пайдаланылатын ҰҚЖ ұзындығына немесе еніне қатысты өзгеріс;

      жауын-шашын түріне немесе оның таралу аймағына қатысты кез келген өзгеріс;

      егер ҰҚЖ бір немесе екі жағында үлкен омбы қар болса, оның биіктігіне немесе ҰҚЖ осьтік желісінен оған дейінгі арақашықтыққа қатысты кез келген өзгеріс;

      ҰҚЖ оттары көрінуінің кез келген өзгерісі.

      А – әуеайлақ (тұрған жерінің төрт әріптік белгіленуі);

      В – күнді/уақытты (бақылау күні, айы және уақыты) белгілейтін 8 саннан тұратын топ.

      С – ҰҚЖ белгіленуі.

      Д – егер ҰҚЖ хабарланған ұзындығынан кем болса, ҰҚЖ-ның тазартылған бөлігінің ұзындығы (ҰҚЖ-ның тазартылған бөлігіне қатысты емес хабар беру үшін Т-бағанын қараңыз).

      Е – егер ҰҚЖ хабарланған енінен кем болса, ҰҚЖ-ның тазартылған бөлігінің ені, ҰҚЖ осьтік желісінен солға немесе оңға ығысу кезінде бұл белгілену нөмірі барынша аз ҰҚЖ шегінен анықталатынын ескере отырып, "L" немесе "R" қосу керек.

      F – SNOWTAM-да көрсетілгендей ҰҚЖ бүкіл ұзындығы. ҰҚЖ жеке учаскелерінде әртүрлі шарттарды белгілеу үшін көрсетілген нөмірлердің тиісті құрамалары пайдаланылуы мүмкін. Егер ҰҚЖ бір учаскесінде жауын-шашынның бірден астам түрі түссе, көрсетілген нөмірлер кіші нөмірден үлкен нөмірге жүйелі түрде берілуге тиіс. Егер жауын-шашын қабатының қалыңдығы рұқсат етілетін мәндерден асып кетсе, онда олар туралы Т-бағанында ашық мәтінмен хабарланады.

      G – жауын-шашынның орташа қалыңдығы, мм, ҰҚЖ ұзындығының әрбір 1/3 баға мынадай нақтылықпен беріледі: құрғақ қар үшін - 20-ға дейін, дымқыл қар үшін – 10 және жылымық қар үшін – 3 мм.

      H – белгілену нөмірі барынша аз шектен бастап жүйелі түрде ҰҚЖ ұзындығының әрбір 1/3 тежелу шарттары және ілініс коэффициентін өлшеу үшін қолданылатын құралдар. Егер үстіңгі беттің жағдайы немесе қолда бар өлшеу жабдығы тежелудің сенімді тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермесе 9 кодын көрсету керек. Ілінісу коэффициентін өлшеу құралдарын ашық мәтінмен көрсету керек.

      J – үлкен омбы қар. Егер бар болса, биіктігін, см және ҰҚЖ шетінен арақашықтықты, м, қажеттілігіне қарай бұл белгілену нөмірі барынша аз ҰҚЖ шегінен анықталатынын ескере отырып, бір жағында "L" (сол жақтан) немесе "R" (оң жақтан) немесе екі жағында "LR" (сол жақтан - оң жақтан) көрсету керек; және биіктік сантиметрмен, ал ҰҚЖ шетінен арақашықтық метрмен өлшенеді;

      K – ҰҚЖ оттарын ажырату нашар болса, "Иә" деген белгіні және тиісінше "L" (сол жақтан), "R" (оң жақтан) немесе бұл белгілену нөмірі барынша аз ҰҚЖ шегінен анықталатынын ескере отырып, екеуін де - "LR" (сол жақтан - оң жақтан) көрсету керек.

      L – егер одан әрі тазарту болжанып отырса, ҰҚЖ ұзындығы мен енін көрсету; егер ҰҚЖ тазартылатын болса, "Бүкіл ҰҚЖ" белгісін көрсету керек.

      М – жұмыстарды аяқтаудың болжамды уақытын көрсету керек.

      N – РД-дағы шарттардың сипаттамасы үшін Р-бағанында көрсетілген кодты пайдалануға болады, ҰҚЖ-мен біріктірілген тиісті РД болмаған кезде, "Жоқ" деп көрсету керек.

      Р – егер қажет болса, "Иә" деген белгіні және бүйірлік аралықты, м, көрсету керек.

      R – перрондағы шарттардың сипаттамасы үшін Р-бағанында көрсетілген кодты пайдалануға болады, егер перрон пайдаланылмаса, "Жоқ" деп көрсету керек.

      S – кейінгі бақылауды/өлшеуді жүргізудің болжамды уақытын көрсету керек.

      T – маңызды жедел мәнге ие кез келген ақпаратты кез келген ақпаратты ашық мәтінмен беру, бірақ әрдайым тазартылмаған ҰҚЖ ұзындығын (Д-бағаны) және мынадай деректерге сәйкес ҰҚЖ ластану сипатын (F-бағаны) көрсету керек:

      ҰҚЖ ластануы – 10 %, егер ол 10 %-дан аз болса;

      ҰҚЖ ластануы – 25 %, егер ол 11-25 %-ды құраса;

      ҰҚЖ ластануы – 50 %, егер ол 26-50 %-ды құраса;

      ҰҚЖ ластануы – 100 %, егер ол 51-100 %-ды құраса.

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 10-қосымша

Тікұшақ алаңы желілерінің көлемі

Шағын

6 метрге 6 метр

Орташа

12 метрге 12 метр

Үлкен

15 метрге 15 метр

Тікұшақтардың кейбір түрлеріне арналған құрғақтағы ұшып көтерілу жолақтары мен қону алаңдарының өлшемі

Өлшем элементтері және бірліктері, м

Тікұшақтарға арнаған элементтердің

өлшемі

Ми-6

Ми-8

Ми-2

Ка-26

Ұшып көтерілу жолақтары

1

ҰЖ ұзындығы

200

120

120

100

2

ҰЖ ені

50

30

25

35

3

TҰҚЖ ұзындығы

190

110

110

80

4

TҰҚЖ ені

20

20

15

15

5

ТАЖ ені

15

5

5

10

6

ТАЖ ұзындығы

5

5

5

10

Қону алаңдары

7

Қону алаңдары

50х50

40х30

35х15

35х15

8

Қону алаңдары жұмыс ауданы

20х20

10х10

5х5

5хN

9

ТАЖ ені, м

15

15

15

15

  Азаматтық авиацияда
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидаларына 11-қосымша

Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулық

      1. Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) осы Қағидаларға және қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы әуеайлақтарды сертификациялау Қағидаларына, Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының 14-қосымшасына, ұшулардың жиілігін және әуеайлақтың орналасуы ерекшеліктерін ескере отырып Doc 9774 AN/969 "Әуеайлақтарды сертификациялау бойынша нұсқаулыққа" сай дайындалады.

      2. Нұсқаулықта ұсынылатын мәліметтер азаматтық әуеайлақтарды пайдалануға жарамдық нормаларына әуеайлақтың сәйкестігін, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында қолданыстағы нормативтік құжаттарға, халықаралық стандарттарға және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының тәжірибесінде ұсынылған стандарттар мен әуеайлақта ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуеайлақтық пайдалануға жарамдығын бағалауды өткізу мүмкіндігін анықтайды.

      3. Нұсқаулықтың болуы әуеайлақты сертификациялау процесі шартының негізі болып табылады.

      4. Әуеайлақты пайдаланушы әзірлеген Нұсқаулықты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіседі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қолданыстағы Нұсқаулықтың даналары әуеайлақты пайдаланушыда және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда сақталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлға (әуеайлақты пайдаланушы) Нұсқаулықты уақытында дайындауға, оған өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге жауапты болады.

Нұсқаулықты әзірлеу және жүргізу

      7. Жалпы сипаттағы ақпарат:

      1) Әуеайлақ бойынша нұсқаулықтың және осының аумағына кіретін сұрақтарға бағытталған;

      2) әуеайлақтың сертификациялық құжатының құқықтық негіз;

      3) әуе кемелерінің барлық пайдаланушыларына арналған әуеайлақ жұмысының регламенті (режимі): әуеайлақты пайдалану талаптары;

      4) аэронавигациялық ақпараттар қызметіне әуеайлақта ұшулардың қауіпсіздік жағдайы туралы мақала басу үшін ақпараттарды, деректерді, олардың шындыққа сәйкестігін (дәлдігін) және сапасын дайындау процедурасы;

      5) әуеайлақты пайдаланушының міндеттері.

      8. Әуеайлақтың орналасуы туралы деректерге:

      1) әуеайлақтың негізгі құралдары көрсетілген әуеайлақ жоспарына әуеайлақты пайдалануға арналған радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз ету кіреді;

      2) әуеайлақтың шекарасы көрсетілген әуеайлақ жоспары;

      3) әуеайлақтан жақын қалаға (жергілікті халқы бар пунктіге) дейінгі және басқа жергілікті халқы бар ауданға дейінгі қашықтық көрсетілген, сонымен қатар әуеайлақ шекарасынан тыс жерлерде орналасқан әуеайлақ құралдары мен жабдықтарын оналастыру орындары көрсетілген әуеайлақ жоспары;

      4) әуеайлақта орналасқан шекарасы көрсетілген жер учаскесінің меншікке құқығы бар туралы деректер.

      9. Аэронавигациялық ақапараттар қызметіне (ААҚ) беруге жататын әуеайлақ туралы деректер. Жалпы сипаттағы ақпараттары мыналар:

      1) әуеайлақтың атауы, әуеайлақтың кодтық белгісі;

      2) әуеайлақтың орналасқан орны (жергілікті халқы бар пунктіге дейінгі бағыты пен алыстығы);

      3) Бүкіләлемдік геодезиялық жүйе-1984 (бұдан ары - WGS-84) - геодезиялық жүйесінде анықталынған координаттар - әуеайлақтың бақылау нүктесінің географиялық координаттары (бұдан ары - БНК);

      4) әуеайлақты ұзартыру;

      5) ҰҚЖ-ның көлемін ұзарту, әрбір баспалдағын ұзарту, ҰҚЖ-ның маңайындағы аз ғана биіктікті көтеру немесе төмендетудің кез келген нүктелерін ұзарту, сонымен қатар қонуға тура кіруге арналған ҰҚЖ-ның қону аймағын аздаған мөлшерде ұзарту;

      6) әуеайлақ ауданында ауаның есептік температурасы (әуеайлақ ауданындағы ауаның есептік температурасы дегеніміз бірнеше жылдағы ең ыстық айдың тәуліктік жоғары температурасының негізінде есептелініп шығарылған орташа айлық температура);

      7) әуеайлақты пайдаланушының аты (атауы), сонымен қатар онымен байланысқа шығу үшін мекенжайы мен телефон нөмірлері.

      10. Әуеайлақтың аумақ мөлшері және соған қатысты ақпарат:

      1) ұшу-қону жолағы – нақты азимут, сандық белгісі, ұзындығы, көлемі, ҰҚЖ-ның араласқан баспалдағының орналасуы, еңістігі, жабындының түрлері, ҰҚЖ-ның түрлері, қонуға тура кіруге жабдықталған ҰҚЖ- үшін – кедергілерден бос аумағының болуы (OZF);

      2) ұшу жолағындағы (STRIP) жабындының түрі, ұзындығы, көлемі, ҰҚЖ (RESA) қауіпсіздігінің аяққы аумақтары, тоқтаудың аяққы жолақтары (SWY);

      3) жермен жүру жолақтарындағы жабындылардың түрлері, ұзындығы, көлемі;

      4) перрон мен әуе кемесі тұрақ орындары жабындыларының түрі;

      5) кедергілерден бос жолақтардың жербеті жабындыларының ұзындығы мен профилі;

      6) қонуға кіру схемасына арналған көзбен көру құралдары: жақындау жарықтары жүйесінің түрі және көзбен көру глиссадалар индикациясының жүйелері (PAPI/ APAPI и T-VASIS/ ATVASIS), ҰҚЖ жарықтарының жүйесі мен таңбалары, жермен жүру жолақтары мен перрондар, жермен жүру жолақтарында (ҰҚЖ-да, "тоқта" сызықтарында, аралық күту орындарының жарықтарын бірге алғанда) және перрондарда басқару мен басқа да көзбен шолу құралдары, телескопиялық сатымен (егер бар болса) көзбен түйісу жүйелерінің түрлері; жарықтарға қордағы қорек көзінің бар болуы:

      7) VOR тексеруінің кез келген әуеайлақтық орындарының орналасуы және олардың радиожілігі;

      8) әуе кемелерін рульдеудегі стандартты бағыттарын белгілеу және олардың орналасуы;

      9) әрбір баспалдақтың геграфиялық координаттары;

      10) жермен жүру жолақтарына сай келетін осьтік сызықтың географиялық координаттары;

      11) әуе кемелері тұратың әрбір тұрақтың географиялық координаттары;

      12) 2 аудандағы (әуеайлақ шекарасы маңайындағы ауданның бөлігі) мен 3 аудандағы (аэронавигациялық ақпараттар жинағын дайындауға қажетті осы ақпараттыкарта түрінде ұсынуға жол беріледі) бар кедергілердің биіктігін ұзарту және географиялық координаттары;

      13) "әуе кемесінің классификациялық саны – жабындының классификациялық саны (АСN-PCN)" әдісі бойынша көрсетілген қабілеті бар жасанды жабындының түрі;

      14) әуеайлақта орнатылған биіктікті өлшеуіштерді ұшу алдындағы тексерудің бір немесе бірнеше алаңшалары және оларды ұзарту;

      15) хабарланған арақашықтықтар: жүріс алудың мөлшермен ұзындығы (ЖМҰ), ұшудың мөлшерлік арақашықтығы (ҰМА), бөлінген ұшудың мөлшерлік арақашықтығы (БҰМА), қонудың мөлшерлік арақашықтығы (ҰМА);

      16) азаматтық авиация ұйымының бастығымен тағайындалған жауапты тұлға (әуеайлақты пайдаланушы) – әуеайлақта орнынан қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін жою бойынша іс-шараларды орындау жұмыстарын үйлестіруге жауапты тұлға, телефон нөмірлері, сонымен қатар қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін жою бойынша әуеайлақта бекіткен процедуралар туралы ақпараттар, осы шараларды орындауға қажетті құралдардың болуы;

      17) әуеайлақтағы ҰҚЖ-да талап етілген қорғаныс деңгейі (бұдан ары - ТҚД) туралы ақпарат.

      11. Әуеайлақтың пайдалану рәсімдері мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер.

      Әуеайлақта белгіленген аэронавигациялық ақпарат жинағында (бұдан әрі - АІР) көрсетілген әуеайлақ туралы ақпарат пен деректердегі кез келген өзгерістер туралы хабарлама рәсімдері, сондай-ақ NOTAM шығаруға сұрау салуларды ұсыну рәсімдері туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) әуеайлақтағы кез келген өзгерістер туралы және әуеайлақтың жұмыс /жұмыстан тыс уақытында осы өзгерістер туралы хабарламаларды тіркеу туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті аэронавигациялық ақпарат қызметтерін хабардар ету тәртібі;

      2) өзгерістер туралы хабарламаларға жауапты лауазымды адамдар мен олардың функциялары және әуеайлақтың жұмыс/жұмыстан тыс уақытында да олармен байланыста болу үшін телефон нөмірлері;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның көрсеткен мекенжайы мен өзгерістер туралы ақпарат келген жердің телефон нөмірі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Әуеайлақтың жұмыс алаңына рұқсат беруді қамтамасыз ету.

      Авиациялық қауіпсіздік бойынша, әуеайлақта азаматтық авиация ісіне заңсыз араласудың алдын алу бойынша, әуеайлақтың аумағына адамдардың, көлік құралдарының, жануарлардың санкциясыз кіруінің алдын алу бойынша бекіткен және орындауға жататын процедуралар туралы нақты мәліметтер:

      әуеайлаққа кіруді бақылайтын жауапты лауазымды тұлғалар және олардың атқаратын қызметтері, сонымен қатар әуеайлақтың жұмыс уақытында, жұмыстан тыс уақытында да олармен байланыста болу үшін телефон нөмірлері;

      13. Әуеайлақта апатты жағдай болған кездегі іс-әрекеттердің жоспары туралы іс-шаралар жоспары.

      Әуеайлақта апатты жағдай болған кездегі іс-әрекеттердің жоспары туралы нақты мәліметтер, оның ішінде:

      1) осы Қағидалардың 185-189 тармақтарына сәйкес құрылған апатты жоспар;

      2) апатты жоспардың тиімділігін тексеру мен өңдеу мақсатында өткізілетін оқулар, тәжірибелік жаттығулар туралы мәліметтер;

      3) әуеайлақта апатты жағдай орын алған кезде жауапты тұлғалардың аты-жөні, телефон нөмірлері көрсетілген ұйымдастырулардың тізімі;

      4) әуеайлақта апатты жағдай болған уақытта хабарлап айту тәртібі;

      5) әуеайлақта апатты жағдай орын алған кезде іс-шараларға жауапты жетекшіні тағайындау туралы әуежай (әуеайлақ) бастығының бұйрығы;

      14. Құтқару және өрт сөндіру

      Әуеайлақта өртке қарсы қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген рәсімдер туралы мәліметтер және әуеайлақта құтқару мен өрт сөндіру саласындағы талаптарға сай келуі:

      1) қабылданатын ең үлкен ұшақтың (ұзындығы мен фюзеляждың көлемі бойынша) және ұшулардың интенсивтігіне қарай әуеайлақтың ҰҚЖ талап қойылған қорғаныстың мәлім етілген деңгейі (бұдан әрі - ТҚД);

      2) әуеайлақтың мәлім етілген ТҚД-іне сай әуежайдың өрт сөндіргіш көліктері алып шығатын өрт сөндіру құралдарының қажетті санын қамтамасыз ету;

      3) өрт сөндіру заттарын үздіксіз беріп тұру үшін өртке қарсы күштердің нормативті уақытын қадағалау;

      4) ҰҚЖ-ға аз бұрылыстармен келудің (ҰҚЖ-ның бекітілген нүктелеріне өрт сөндіру көліктерінің қозғалыс схемалары) алдын ала қарастырылған жолдардың бар болуы және олардың жағдайы;

      5) ПА суымен қайта толтыру үшін су көзінің (су қоймалары мен гидранттардың) бар болуы және оның жағдайы;

      6) апатты-құтқару стансыларының бар болуы (бұдан ары - АҚС) және оларда өрт сөндіру көліктерін сыйғызу;

      7) өрт сөндіруді басқару және АСР орындау үшін байланыс құралдарының бар болуы мен істе болуы;

      8) АСР кезінде қолданылатын инструменттер мен құрал-жабдықтардың бар болуы;

      9) штаттың жинақталуы мен АҚЕ басшыларында БЖК өтуі туралы сертификат немесе куәліктің бар болуы.

      15. Әуеайлақтың жұмыс алаңын және кедергілерді шектеу беттерін әуеайлақты пайдаланушының бақылауы мен тексеруі.

      Әуеайлақтың жұмыс алаңына және кедергілерді шектеу беттеріне инспекциялық тексерулерді (бақылауларды) әуеайлақта бекіткен жүргізу рәсімдері, келесі позицияларды ала отырып:

      1) инспекциялық тексерулерді жүргізу тәртібі, оның ішіне кіреді: ҰҚЖ мен рулеж жолдарында су қабатының қалыңдығы және жабысу коэффициентін өлшеу;

      2) әуеайлақтың жұмыс алаңдарын және қажетті байланыс құралдарын қарау кезінде әуе қозғалысын басқару органдарымен өзара әрекеттестік тәртібі;

      3) тексеру нәтижелерін ұсыну, оларды тіркеу және тексеруде байқалған қауіпті жағдайларды жоюға бағытталған тиісті шараларды қабылдау тәртібі;

      4) тексеруге жауапты лауазымды тұлағалар, олардың атқаратын қызметтері, олармен байланысқа шығу үшін телефон нөмірлері көрсетілген тізім.

      16. Әуеайлақтың көзбен көру құралдары және электрмен қамтамасыз ету.

      Әуеайлақтағы электр қондырғыларына, таңбаларға, белгілерге, аэронавигациялық жарықтарға (кедергілерді шаммен шектеу) техникалық қызмет көрсету мен тексеру бекітіліген рәсімдері туралы мәліметтер:

      1) тексеруді жүргізу тәртібі (электр қондырғылары мен жарық-дабыл құрал-жабдықтарының (бұдан ары - ЖДҚ) жағдайына техникалық тексеру) және осы тексерулердің тізімі, оның ішінде ЖДҚ-ға тән бас тартулар, әуеайлақтың категориялық минимумы сақталады;

      2) тексеру нәтижелерін ұсыну, оларды тіркеу және тексеруде байқалған қауіпті жағдайларды жоюға бағытталған тиісті шараларды қабылдау тәртібі;

      3) апатты жағдай кезінде техникалық қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсетуді өткізу тәртібі;

      4) электрмен қамтудың резервті көздерін пайдалану тәртібі, сонымен қатар жүйенің жалпы немесе жекелей жұмыс істемеушілігін жою туралы басқа әдістер туралы мәліметтер;

      5) тексеруге және жарық жүйесінің техникалық қызмет көрсетуіне жауапты лауазымды тұлағалар, олардың атқаратын қызметтері, олармен байланысқа шығу үшін телефон нөмірлері көрсетілген тізім.

      17. Әуеайлақтағы жұмыс алаңдарына техникалық қызмет көрсету (жөндеу).

      Жұмыс алаңдарына техникалық қызмет көрсетулерді (жөндеуді) бекіткен жүргізу процедуралары, келесі позицияларды ала отырып:

      1) жасанды жабындысы бар әуеайлақтың алаңдарында техникалық қызмет көрсету тәртібі;

      2) жасанды жабындылары жоқ ҰЖҚ мен рулеж жолдарына техникалық қызмет көрсету тәртібі;

      3) ҰЖҚ мен рулеж жолдарына техникалық қызмет көрсету тәртібі;

      4) әуеайлақтың дренаж жүйесіне тенхикалық қызмет көрсету тәртібі.

      18. Әуеайлақта қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз ету.

      Әуеайлақтың жұмыс алаңдарында және оның маңайында құрылыс пен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды (бірінші талап бойынша орындалатын жұмыстар да кіреді) қауіпсіз өткізу мен жоспарлауды бекіткен процедуралар туралы мәліметтер, келесі позицияларды ала отырып:

      1) әуеайлақта жұмыс барысында әуе қозғалыстарын басқару органдарымен байланысты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету тәртібі;

      2) осы жұмыстарды жоспарлау мен орындауға жауапты лауазымды тұлғалар, олардың атқаратын қызметтері, олармен кез келген уақытта байланысқа шығу үшін телефон нөмірлері көрсетілген тізім.

      3) осы жұмыстарды өткізу туралы хабардар етілген әуеайлақта тұрақты түрде базаланған жер беті қызметтерімен және әуе кемелерін пайдаланушылармен жұмыс/жұмыстан тыс уақытта байланысқа шығу үшін олардың телефон нөмірлері, лауазымды тұлғалардың тізімі;

      4) осы жұмыстарды өткізудің жоспарларын ұсынудың (қажет болған жағдайда) тәртібі.

      19. Перрондағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

      Перрондағы істерді ұйымдастыру туралы әуеайлақта бекіткен рәсімдер туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) перрондағы істерді ұйымдастырумен айналысатын әуе қозғалысы мен қызметтерді басқару органдарының арасында өзара әрекеттестік тәртібі;

      2) әуе кемелерінің тұрақтарына орын бөлу тәртібі;

      20. Перрондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      Перрондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әуеайлақта бекіткен рәсімдер туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) реактивті ағыстың әсерінен бетті қорғау;

      2) әуе көліктеріне отын құяр кезде сақтық шараларын орындауды қамтамасыз ету тәртібі;

      3) перронды тазалау мен жинау тәртібі;

      4) перрон бойынша қозғалыс тәртібі;

      5) перрондағы оқиғалар мен инцидент туралы ақпаратты жеткізу тәртібі;

      6) перронда жұмыс атқаратын барлық қызметкерлерге перрондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды тексеруді ұйымдастырудың тәртібі.

      21. Әуеайлақтың бақылауға жататын бөлігінде транспорттық құралдарды басқару.

      Жұмыс алаңдары мен оның маңайындағы жербеті көлік құралдарын басқарудың бекіткен рәсімдері туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) әуеайлаққа бекіткен көлік құралдарының (жылдамдықты шектеу және ережелерді сақтауды қамтамасыз ету құралдарын қоса санағанда) қозғалыс ережелері;

      2) әуеайлақтың жұмыс алаңдарында көлік құралдарын жүргізу құқығына талондарды беру тәртібі.

      22. Әуеайлақта құстар мен жануарлардан келетін қауіптерге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру

      Әуеайлақты орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша бекіткен рәсімдер туралы мәліметтер, ішінде төмендегідей ақпараттарымен:

      1) тірі табиғат тудыратын қауіптіліктің бағасы бойынша іс-шаралар туралы;

      2) орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы;

      3) әуеайлақтағы орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалар, олардың атқаратын қызметтері, олармен жұмыс/жұмыстан тыс уақытта да байланысқа шығу үшін телефон нөмірлері көрсетілген тізім.

      23. Әуеайлақтағы кедергілерді бақылау және мониторинг.

      Әуеайлақта белгіленген рәсімдер туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) кедергілерді шектеу жабындыларын бақылау және ұшу жабындыларына кіретін А типті әуеайлақтық кедергілердің карталары;

      2) әуеайлақ ауданында кедергілерді бақылау мен мониторингті өткізудің тәртібі;

      3) кедергілерді шектеу жабындыларының шекарасындағы ғимараттар немесе конструкциялардың биіктігін бақылау мен мониторингтің тәртібі;

      4) әуеайлақ маңындағы жаңа құрылыстарға бақылау жүргізу тәртібі;

      5) қажетті шараларды қабылдау мен AIP жинақтарына өзгерістер енгізу үшін кедергілердің сипаты мен орналасу орны туралы, сондай-ақ кез келген кедергілердің кейіннен пайда болуы немесе жоюы туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті қызметтерді хабардар ету тәртібі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Әуеайлақта әуе көлігін апатты қондыру кезінде әуе көлігін жою.

      Әуеайлақта әуе көлігін апатты қондыру кезінде немесе сол жерге жақын орналасқан әуе көліктерін жоюдың бекіткен рәсімдері туралы мәліметтер, соның ішінде:

      1) әуеайлақты пайдаланушы мен әуе көлігі тіркеу куәлігін ұстаушының (әуе көлігін пайдаланушының) қызметтері;

      2) әуе көлігі тіркеу куәлігін ұстаушысын хабардар ету тәртібі;

      3) әуе қозғалыстарын басқару органдарымен өзара әрекеттестік тәртібі;

      4) апатты қону кезінде әуе көлігін жою үшін қажетті құрал-жабдықтарды алу мен осы жұмысқа қызметкерлерді тарту тәртібі;

      5) апатты қону кезінде әуе көлігін әуеайлақта жою жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар мен олардың телефон нөмірлері.

      25 Қауіпті материалдармен жұмыс жасау.

      Қауіпті материалдармен қауіпсіз жұмыс жасау мен оларды сақтаудың әуеайлақта бекіткен рәсімдері туралы мәліметтер, төмендегі ақпараттармен бірге:

      1) әуеайлақта тез жанып кететін сұйықтықтарды (ішінде авиациялық отын да) және басқа да қауіпті материалдарды сақтауға арналған арнайы аймақтарды ұйымдастыру тәртібі;

      2) қауіпті материалдарды жеткізу, оларды сақтау, жоюдың бекіткен жолдары туралы.

      26. Көру шектеулі болған жағдайларда әуеайлақты пайдалану.

      Көру шектеулі болған жағдайларда әуеайлақты пайдалану кезінде бекіткен рәсімдер туралы мәліметтер және сол кездегі әуеайлақты пайдаланушының міндетті түрдегі іс-әрекеттері, оның ішінде ҰҚЖ-ны алыстан көру рәсімдері, ол туралы деректерді беру, сонымен қатар ҰҚЖ-ны алыстан көруге жауапты тұлғалар, жұмыс/жұмыстан тыс уақытта олармен байланысқа шығу үшін телефон нөмірлері.

      27. Радиолокациялық және навигациялық құралдардың орналасқан орындарын күтіп қарауда әуеайлақта бекіткен процедуралар туралы мәліметтер, төмендегі ақпараттармен бірге:

      1) радиолокациялық және навигациялық құралдардың орналасқан орындарының маңайындағы іс-әрекетеріне бақылауды ұйымдастыру тәртібі;

      2) радиолокациялық және навигациялық құралдардың және жақындап келу жолдарының орналасқан орындарын күтіп қарау тәртібі;

      3) қауіпті микротолқынды сәуле туралы ескерту белгілерін орнату реті.

      28. Әкімшілік және әуеайлақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі

      Әуеайлақ әкімшілігі туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) әуежайдың ұйымдастыру құрылымы, фамилиясын көрсетумен, негізгі қызметкерлердің лауазымдарымен, олардың міндеттерін қоса алғанда;

      2) әуеайлақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде әуеайлақта орнатылған мәліметтер туралы.

      29. Қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету

      Әуеайлақта орнатылған қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету туралы мәліметтің, негізгі элементтері мыналар болып табылады:

      1) қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісінде және оның техникалық қызмет көрсету мен пайдалану үрдісінің ара қатынасын қолдануындағы қауіпсіздік саласында орнатылған саясат;

      2) қауіпсіздікке байланысты мәселелерді шешу үшін жеке немесе топтық жауапкершілікті орнату мен қызметкерлерді толықтыруды қосатын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құрылымы немесе ұйымы;

      3) қауіпсіздіктің мақсатты көрсеткіштерін орнатумен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі облысында жоспарлау мен стратегия, тиісті инициативаны жүзеге асырудағы құндылықтарды бөлу, азаматтық авиация туралы Конвенцияға 14 қосымша 1 томындағы Стандарттар мен Ұсынылатын тәжірибенің және азаматтық авиацияда саласындағы әрекет етуші басқа да нормативті құжаттардың талаптарын есепке ала отырып тәжірибелік негізделген деңгейге дейінгі қауіпті азайту үшін жағдайларды жасау;

      4) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасызету жүйелерін іске асыру, қауіпсіздікке жататын талаптарды орындауды қамтамасыз ететін және қауіпсіздікке жататын хабарларды тиімді жеткізу процедуралары мен әдістері, құралдары;

      5) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерінің критикалық жағдайларын анықтау тәртібі және осы жағдайды жоюға қатысты шаралар;

      6) әуеайлақта қауіпсіздіктің жағдайына үнемі бақылау жүргізу тәртібі және қауіпсіздік жағдайына ішкі тексерулер мен талдаулардың бекіткен процедурасы, оның ішінде әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралардыжүзеге асырудың сапасын бақылау бағдарламасы да толық анықталады;

      7) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әуеажайдың барлық құралдарына құжаттарды ресімдеу бойынша бекіткен процедура, әуежайларға техникалық қызмет көрсету мен пайдалану туралы деректерді тіркеу, оның ішінде жасанды жабындылар мен әуеайлақтың жарықтарды жобалау бойынша ақпараттар;

      8) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қызметкерлердің өз міндеттерін орындауға дайындығын анықтау (баға), біліктілігін көтеру мен оқыту тәртібі, сонымен қатар қызметкерлердң біліктілік деңгейін тексеруге арналған аттестациялау процедурасы;

      9) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен оларды орындауды қадағалауға қатысты құрылыс жұмыстарын орындауға шарт жасау бойынша әуеайлақта бекітілген тәртіп.

      30. Нұсқаулықта қамтылған мәліметтердің дәлдігін сақтау үшін әуеайлақты пайдаланушы:

      1) Нұсқаулыққа тұрақты түрде және уақтылы өзгерістер мен түзетулерді енгізу;

      2) Нұсқаулыққа енгізілетін кез келген өзгерістер туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті қызметтерді хабардар ету қажет.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуеайлақты пайдаланушыға Нұсқаулыққа тиісті өзгерістерді немесе түзетулерді енгізу туралы жазбаша өкім жіберуі мүмкін.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.06.2019 № 429 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы