Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13538 болып тіркелді.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      11 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      11 ақпан 2016 жыл

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу (бұдан әрі – аккредиттеу) – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

      2) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылатын ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізеді.

2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      4. Аккредиттеуден өту қажетті құжаттар тізімі:

      уәкілетті органға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар;

      5) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері;

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал):

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      5) мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелерінің электрондық көшірмелері.

      Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін қажетті нәтижелерді алуға бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.11.2019 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте, уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 07.11.2019 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – Аккредиттеу туралы куәлік) немесе электронды және қағаз түрінде жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) ұйымның персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      4) есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдардың мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      5) мәлімделген түрі бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы ұйымды аккредиттеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      8. Аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды немесе қағаз нысанда үш жыл мерзімге беріледі.

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге:______________________
(уәкілетті орган
_________________________
басшысының тегі, аты,
________________________
әкесінің аты (болған жағдайда),
________________________
лауазымы)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлға басшысының тегі,
________________________
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда),
________________________
лауазымы (болған жағдайда)
Деректемелер:_______________
бизнес сәйкестендіру
______________________
нөмірі, мекенжайы,
_____________________
байланыс телефоны)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________ аккредиттеуді сұраймын

                  (заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________ жүзеге асыру үшін

      (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      __________________________________ қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша

      ______________________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      5. ___________________________________________________________

      6. ___________________________________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы_______________________________ _______

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Толтырылған күні 20__жылғы "____" ___________

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Елтаңба
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы
КУӘЛІК

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес

      _________________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________ жүзеге асыру үшін аккредиттеледі

      __________________________________ қауіпсіздік түрі(-лері) бойынша

      _________________________________________________________пайдалану

      (есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық-

      техникалық құралдары)

      Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды

      Уәкілетті органның басшысы

      __________________________________________________ _______

      Сериясы ______№ _______________

      Берілген күні:

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 270030
    Қазақ тілінде 134731
    Орыс тілінде 134320
    Ағылшын тілінде 979
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы