13 мамыр 2016 11:11

Ақтөбеде нәрестесін әжетханаға тастаған әйел 4 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін көшедегі әжетханаға тастау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін көшедегі әжетханаға тастау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бабы бойынша тергеліп жатыр. Қылмыс дәлелденсе айыпты төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Полицейлер әйелдің аты-жөнін анықтаумен айналысып жатыр. Әзірше ол табылмаған.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алған еді. Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.

Кейін сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети