15 мамыр 2016 18:59

Ақтөбеде әжетханадан табылған нәресте салмақ қоса бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Уақытша Мәншүк Мәметова есімі берілген нәресте 200 грамм салмақ қосты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-неонатологы Гүлжан Жанина хабарлады.


Уақытша Мәншүк Мәметова есімі берілген нәресте 200 грамм салмақ қосты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-неонатологы Гүлжан Жанина хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, нәресте белсенді салмақ жинап жатыр. Табылған кезінде сәбидің салмағы 3 келі 80 грамм болса, қазір 3 келі 300 грамм. Мәншүк үш сағат сайын тамақтанады, оған жасанды тамақтандыру тәртібі қосылған. Жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп жоқ. "Мұндай балаларды біз "тастанды" дейміз, әдетте оларды перзентханадан 10 күннен кейін шығарамыз", - деді дәрігер. Айтуынша, әр жағдайда әр қалай болса да, бұл сәбидің жағдайына байланысты екен. 

Еске салайық, кеше Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алған еді. Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады. Кейін сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Ал анасы іздеуде жүр. Айта кетейік, нәрестесін әжетханаға тастаған әйел 4 жылға сотталуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети