17 желтоқсан 2015 13:56

Талдықорғанда мешіттен аяқ киім ұрлағандар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда мешіттен аяқ киім ұрлағандар видеоға түсіп қалды Талдықорғанда мешіттен аяқ киім ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Талдықорғанда мешіттен аяқ киім ұрлағандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews TV


Талдықорғанда мешіттен аяқ киім ұрлағандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews TV

Видеожазбаны Интернетте аяқ киімі жоғалған жігіттің бауыры Салауат Еркебаев жариялапты. Видеодан белгісіз ер адамның мешітке кіріп, аяқ киімін шешіп, оны шкафқа қойғаннан кейін ішке кіргенін көруге болады. Бірақ біршама уақыт өткенде ол шығып, телефон арқылы сөйлесе бастайды. Салауаттың айтуынша, ер адам телефон арқылы сөйлесіп тұрғанда өзіне аяқ киім таңдаумен болған. Төрт минутқа созылған видеоның соңында ер адам бөтен адамның аяқ киімін киеді де, кетіп қалады. Қазіргі уақытта ағайындылар видеодағы ер адамды іздестіріп жатыр, тіпті мәлімет бергендерге сыйақы да дайындап отыр екен. Оқиға 2015 жылдың 11 желтоқсанында болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети