01 маусым 2020 21:58

Волонтерлік пен ақша жинау - екі басқа. i-balaqai жобасында Адель Оразалинова

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова әртүрлі жастағы баланы мейірімді болуға баулу туралы айтты. Сондықтан "науқас балаларға" ақша жинайтын алаяқтардың құрығына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова әртүрлі жастағы баланы мейірімді болуға баулу туралы айтты. Сондықтан "науқас балаларға" ақша жинайтын алаяқтардың құрығына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Адель Оразалинова волонтерлік - ерікті түрде жасалатынын, ал волонтер - қайтарымсыз, халықтың игілігі үшін ерікті түрде қызмет ететін адам екенін айтады. Яғни, волонтер болу үшін ауқатты не мейірімді адам болу міндетті емес. Оның ұйымдастырушылық және жауапкершілік қасиеті басым болуы керек. 

Тележүргізушінің сөзінше, волонтер болу үшін үш қасиет керек: жауапкершілік, тұрақтылық және мотивация.

"Мен көпшіліктен адамгершілік қасиетті күтемін. Адамгершілік, мейірім, шындық, әділдік, жан мен тәннің тазалығы бізді құтқарады. Біз өзімізден кейін жақсы ісімізді, ескерткіш не батырлық туралы әңгімелерді қалдыра алмаймыз. Біз өзімізден кейін бұл өмірді одан әрі құлпырта түсетін ұрпақ қалдыруымыз керек. Шынайы өмірді қалыптастыра білетін адамдарды", - дейді маман. 

Оның сөзінше, балалар, көп адам ойлайтындай, мейірімсіз емес, олар шыншыл. 

"Балалар мейірімсіз" деп көп айтады ғой. Мені бала күнімде семіз деп мазақтаған кезде анам: "Сен оларға ренжіме. Сен арықта, себебі балалар мейірімсіз" дейтін. Ал балалар шыншыл, олар менің толық екенімді көргендіктен солай айтқан. Мейіріміз бала болмайды", - дейді спикер. 

Адель Оразалинованың сөзінше, балаға міндет қоюдан гөрі жауапты болуға баулу керек. 7-8 жасынан бастап балаға қоршаған ортаны ойындар арқылы тануға болатынын түсіндіру керек. Бастауыш сынып оқушыларына квест ұйымдастыруға болады. 

"Менің қызым бірінші сыныпта оқыған кезде оның сыныбымен мейірім қағазын жасадық. Оны бір-бірімізден сатып алып, сол ақшаға мандарин сатып алып, балалар онкологиясына, балалар хосписіне бардық. Мен оларға мынадай байланысты түсіндірдім: "Сен ашық хат жасапсың, ол маған ұнап қалды. Біз оны бір-бірімізден сатып алып, Жаңа жылда сыйласақ болады. Бірақ еңбекпен тапқан бұл ақшаң басқа жақсы іске жұмсалады".

Әрі қарай 13, 14, 15 жасында эгоизм, бәлкім жобаны жүргізетін монтессори не мамандар, педагогтер басқаша санауы мүмкін. Бірақ меніңше, сол эгоцентризмге кіріп, "бақытсыз адамға, көршіге, математикасы нашар көрші балаға сен көмектесе аласың" деп айту керек. Осыдан баста. "Сен мықтысың. Сен ерекшесің, бұл әлемді сен құтқарасың" дегендей", - дейді маман. 

Спикердің сөзінше, ата-ананың әрекеті олардың көрсететін үлгісі.

"Қинамау керек. Мен әр демалыс асыранды балалармен жұмыс істеймін. Сен де барып балалармен жұмыс істе. Жоқ. Егер анасы кетіп қалса, мен кейде асыранды балалармен жұмыс істеймін, егер менімен барсаң кенже қызыммен сабақ оқып, түскі асын жасап, үйде жинап қойсаң. Сен маған көмектес, біз жақсылық пен мүмкіндікті байланыстыруымыз керек", - дейді Адель Оразалинова. 

Волонтерліктің бірнеше түрі бар. Балаларға олар туралы айтып, ұсынуға болады. Оған жануарларды қорғау, іздестіру жұмыстары, эко-волонтерлер мен қажет зат жинастыру да жатады. 

"Бізде бір бала болған. Ол Моңғолиядан келген. Жатақханада тіпті көрпесі болмаған. Қысы-жазы бір пальтомен жүретін. Костюм, пальто және папка. Біз оған төсек жабдықтарын алуға бардық. Осыдан бастаңыз. Егер жаныңызда жақындарыңыз, таныстарыңыз, көршіңіз, достарыңыз болса келесі кезекте таныс әріптестеріңіз. Егер жан-жағыңызда көмекке мұқтаж адамдар болса, одан әрі кетудің қажеті жоқ. Үйіңіздің подъезінен бастаңыз. Сол кезде ғана ауқымды түрде көмек көрсете бастаймыз", - дейді ерікті. 

Баланы жақсылық жасауға итермелеу үшін оған сөзбен баға беріп отыру керек. Ал ақшалай баға беруді квест арқылы жасауға болады. Мысалы анасы ұлына не қызына бір жұмыс жасатып, сол жұмысының ақысына "жақсылық жасауға мүмкіндік" беруге болады. 

Адель Оразалинова оның тобындағы жас волонтердің оқиғасын бөлісті. Ол кезде еріктінің жасы 10-да болған. Ол ата-анасының рұқсатымен әпкесі екеуі қоймаларда, жәрмеңке кезінде және аукциондарда көмектескен. Ол онкологиялық ауруы болған Артем есімді баланың волонтер-кураторы болған. Бір күні Артемнің қайтыс болғаны туралы хабар келген, мұны естіген бала қатты қынжылған. Ол Артемнің құрметіне мектеп ішінде қор ашпақ болған. Ал достары оны түсінбей, мазақтай бастаған. Сөйтіп ерікті бала көзіне жас алып, көңілі түскен. Алайда оның көңілі достары оны мазақтағаны үшін емес, олар оны түсінбегені үшін түскен. Ол бұл әділетсіздікке нүкте қою үшін достарына төрт жасар Артемнің оқиғасын, ата-анасы оның өлімін қалай өткергенін, жалпы ауруханадағы жағдайды айтып берген. Сөйтіп, оның достары мен мектебі сыйлықтар, ойыншықтар мен ашық хаттар салынған қорап жинап берген.  

"Балалар бізге үлгі көрсететін кездер болады. Бірақ мына оқиға менің балаларға деген көзқарасымды өзгертті. Олар - біздің ұстазымыз. Біз оларға құлақ асуымыз керек", - дейді спикер. 

Кейде жақсылық жасаймын деген, ерікті болуға шешім қабылдаған балаға қиын жағдайға тап болған адамдар кезігуі мүмкін. Сондықтан балаларға куратор, тьютор жол көрсетуі керек. Оның өзінің ата-анасы болуы міндетті емес.  

"Мысалы бала арбаға таңылған не денесі күйіп кеткен адамды бірінші рет көруі мүмкін. Бала психологиялық жарақат алуы мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау мен психологиялық қолдау қажет. Яғни, жаттықырушы мен боксер секілді, сен "Жекпе-жекке шық!" деп айтқаныңмен оның аман-сау екеніне көз жеткізу үшін бақылап отырасың", - дейді Адель Оразалинова. 

"Волонтерлік пен ақша - екі түрлі дүние, волонтерлік пен ақша жинау да - екі түрлі зат"

Жасөспірімдер мен студенттер әлеуметтік желіде топ ашып, сол жерде ақша жинай алады. Cондықтан олардың алаяқтар тобына жатуы екіталай. 

"Мен жоғары оқу орындарынакелген кезде заң бойынша волонтердің ақша жинауға құқы жоғын айтамын. Қаржылай көмек жинау - егер сіз қор, үкіметтік емес ұйым, мекеме болмасаңыз заңға қайшы. Волонтер адамдардан жайдан-жай ақша жинай алмайды. Сонда маған: "Қалайша? Дәріханалардың жанында қыз-жігіттер "Солнышко" қорына ақша жинап тұрады ғой" дейді. Сол кезде мен мен олар алаяқтар екенін айтамын. Ондай волонтерлерді мен қайыршы деп атаймын. 500, 200 теңгеден жинайтын волонтерлердің алатын пайызы болады. Мен оны "заңсыз ақша жинау" деп атаймын", - дейді спикер. 

Егер волонтер шын мәнінде көмектескісі келсе, ол подъезд еденін жуып, тұрғындардан 100 теңгеден болсын жинап, науқас баланың қорына әкеле алады. Сондай-ақ ескі кітаптарын сатып не макулатура жинап, сатса болады. 

"Ол баласының жағдайы нашар екенін айтқан шеше болуы мүмкін. Ал келесі күні аккаунтын жойып жіберуі мүмкін. Оны таппай қаласыз, ал ақшаны жинаған сіз. Сені өксіп жылаған шешеге ақша жинаған адам ретінде есте сақтап қалады. Бұл балаларға да қауіпті. Оны балалар білмеуі мүмкін, сондықтан балаларды ешқандай қаржылық мәселеге араластырмаған жөн", - дейді маман. 

Сондай-ақ тележүргізуші Адель Оразалинова жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның сөзінше, балаларды 5-6 жасында интернет қолдануға үйрете бастаған дұрыс. 

"Балаларымда фильтр қосылған. Балаларды жүйелік фишканы, қауіпсіздік опциясын көрсете отырып 5-6 жасынан бастап интернетті қолдануға үйрете бастаған дұрыс. Яғни, мектепке дейінгі балаларға күніне бір сағат, ал мектеп жасындағылар күніне екі сағаттан көп қолданбаған дұрыс", - деп түсіндірді спикер. 

Эфир видеосын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан тамашалауға болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети