05 маусым 2020 20:39

Неліктен ана ұлға көбірек көңіл бөледі? i-balaqai жобасында Ирина Млодик

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психолог, гештальт-терапевт Ирина Млодик ата-ананың билігі туралы айтты. Сарапшы балалар неліктен ашуға булығатынын және аналардың ұлына, әкенің қызына жұмсақ қарауы туралы әңгімеледі. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психолог, гештальт-терапевт Ирина Млодик ата-ананың билігі туралы айтты. Сарапшы балалар неліктен ашуға булығатынын және аналардың ұлына, әкенің қызына жұмсақ қарауы туралы әңгімеледі. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Психологтың сөзінше, бүгінде ең көп таралған сәттердің бірі-ата-аналар билігі. Ата-аналар бала кезінде қатаң жүйеде тәрбиеленген немесе керісінше ата-аналары жұмыста болған және балаларға көңіл бөлмеген.

"Ата-аналар полярлы әрекет етеді, егер бұрын олардың әке-шешесі қатал болса, оларға назар аудармаған болса гипербақылауды қолға алады. Ата-ана билігінің мәселесі, баланың шекарасын қалай қою керек деген сұрақ, олардың бәрін қалай реттеу керегін шешу керек. Бұл бұрынғыдай негізгі мәселе болып қала бермек", - дейді маман. 

Ирина Млодик Ата-аналарда қиындық балалар виртуал әлемде жүргендіктен пайда болатынын, олар барлық ақпаратты Google-дан немесе іздеу функциясы арқылы таба алатынын айтады.

"Көптеген ата-ана мұндай жағдайда сасып қалады, қалай жауап беру керегін білмейді. Ресейлік ата-аналарға әдетте "Мен кіммін?" деген сұраққа: "Мен сенің ата-анаңмын. Сен мені Ресей Федерациясының заңына сәйкес тыңдауың керек" деп жауап берген дұрыс екенін айтамын. Сіз заң бойынша әрекет етіп отырсыз" деп айтуы мүмкін", - дейді психолог. 

Сарапшы ата-аналар балаға бұрынғы түсінікпен қарағысы келетінін айтады. 

"Мен сіздерге ең қарапайым тәсілін түсіндірейін. Біз үнемі белгілі бір модельді қолданғымыз келеді. Кез келген жағдайда қолданатын лайфхак. Ал шын мәнінде егер біз балаларды әдепті тәрбиелегіміз келсе, біз заманауи болуымыз керек, яғни, ішкі контекстке қарай білу керек. "Менің балам кім?" дегендей", - дейді Ирина Млодик. 

Ата-ананың міндеті - замануи болу. 

"Сіздің міндетіңіз - жағдайға икемделіп, заманауи болуға тырысу. Себебі бұл - заман талабы. "Неліктен қазіргі балалар мұны таңдады? Әлемде, саясатта, техникалық прогресте не болып жатыр?" және тағы басқа. Бұл сұраққа жауап әр адамға жеке беріледі. Балаға байланысты. Қандай модель таңдаймын, оны қалай тәрбиелеймін деген секілді", - дейді маман. 

Психологтың сөзінше, балаларда агрессия пайда болмайды, ол бірқатар себептерге байланысты байқалады.

"Агрессия - қорқыныш, ауру, шекараның бұзылуы. Егер бала ашулы екенін байқасаңыз, онда сіздің қолыңыздан келетін ештеңе жоқ, оған жауап ретінде агрессивті әрекет етуге тура келеді. Егер балаңыз өзінен кіші інісіне не қарындасына тиіссе: "Тоқта. Вася, тоқта" деп ескертіп, сосын: "Вася, неліктен ашулысың? Неліктен Вася үнемі інісіне тиседі екен?" деп сөйлесе бастау керек. Менің сіздерге айтарым - оның да бір себебі бар, мысалы, өзіне дұрыс көңіл бөлінбегенде немесе отбасында әділетсіздік орнады деп ойлауы мүмкін", - деп түсіндірді психолог. 

Бірақ жағдайды түсінетін, заманауи ата-ана да баршаға белгілі модельді алмастырып алатын кезді түсінбей қалады. 

"Мысалы, менің бала кезімде үш түрлі тамақ жеу must have болатын. Міндетті түрде сорпа, екінші, үшінші тамақ. Мен АҚШ-қа барғанда балаларға сорпа беру міндетті емес екенін естігенде таңғалдым. Оларға арнайы ланч береді, ата-анасы "күндіз құрамында ақуыз барын же, содан кейін тәтті жесең болады" дейді. Яғни, біріншіге сорпа емес, құрамында ақуыз бар тағам жесе жеткілікті", - дейді маман. 

Ирина Млодик егер балалар карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе ата-анасының ажырасуы секілді жағдай болмаса, баланың санасында психологиялық жарақат болмайды деп санайды. 

"Себебі қазіргі балалар қолды жиі жуып, егер ЖРВИ-мен ауырып қалсаң маска тағып жүру не жұмысқа бармау керек деген заманда өмір сүріп жатыр. Балалар жаңа ережелерге сенеді, өйткені біз оны жаңа норма деп есептейміз. 

АҚШ-та алып ғимараттар қираған кезде бұл біздің барлығымыздың өмірімізге өзгеріс әкелді, біз ұшақтардағы басқаша ұша бастадық, тексеріс жиі бола бастады. Тіпті бір кездері ұшақтарға сұйықтықты алып кіруге болатын кездерді елестету қиын. Компьютерлер жоқ кезде тексеріс қалай жүргені қызық. Компьютер пайда болғаннан кейін туғандарға бір кездері бұл мүмкін емес жағдай болып көрінді. Балалар біздің заманда компьютер болғанын, алайда олар жеткілікті түрде дамымағанын айтады", - дейді Ирина Млодик.

Сондай-ақ сарапшы онлайн режимінде оқу туралы пікірін білдірді. Ирина Млодик ата-аналар баласы шаршаңқы әрі оқуға қызығушылығы болмағанын аңғарғанын айтады. Оның сөзінше, кей балаларға қашықтан оқу керісінше жақсы әсер еткен. 

"Бұл әлеуметтік дағдылары төмен балалар. Шартты түрде айтқанда, олар үнемі абыржып, нақты байланыс орнату олар үшін қиынға соғады. Бәлкім, мұндай балаларға арналған онлайн форматта оқу пайда болса, бұл өте пайда болуы мүмкін. Олар қиналмай білім ала алады", - дейді ол.

Маман ата-ананың негізгі міндеті - баланы үлкен өмірге дайындау екенін айтады. 

"Біртіндеп ересек өмірге дағдылану қиынға соғады. Барлық ата-ана бала туыла сала оны кейін үлкен өмірге жіберетінін, қартайғанша әке-шешесіне көмектеспейтінін түсінеді", - дейді психолог. 

Сондай-ақ Ирина Млодик ұл бала мен қыз балаға қатысты айырмашылықтар туралы айтты. Ол анасының ұлдарға мейіріммен қарау сезімі соғыстан кейінгі жылдары күшейіп, көптеген ер адам майданда қаза болған кезде, әйелдер өзінің бар махаббатын және қамқорлығын ер азаматының жалғасы ұлдарына береді.

"Соғысты өткерген әйелдер балаларын тым еркелетіп жібергендіктен сондай ұрпақ тәрбиеленді. Ол балалар өздерінің табиғи күшін ешқайда көрсете алмады. Бұл ұрпақтан ұрпаққа тарай бастады. Үлкен мәселеге айналды, егер үйде бірнеше бала болса, анасы ұлына назар аударып, оны аяп, қорғаштайтын болады. Ал әкесі ұлын "сен мықтысың, сенің қолыңнан келеді" деп жиі айтады. Ол дұрыс. Себебі егер әйел адам ұлын жалғыз тәрбиелесе, ер адам еркекке тән қасиетін көрсете алмауы мүмкін", - дейді психолог. 

Сарапшы әкелер көбіне қыздарын еркелетіп өсіретінін айтады.

"Әкесі қызын еркелетіп өсіргенде мәселе туындамауы мүмкін. Себебі қыз бала "Иә, маған көмектесетін ер адам кездеседі. Маған жақтасатын ер адам болады ғой" деген оймен жүреді. Бұл жақсы база. Ұл бала "Мен қиналмауым керек, мен күшімді көрсетпеуім керек, қырсыққан кезде әйел адам маған керекті әкеліп береді" деген оймен жүрсе, бұл - қиын мәселе", - дейді сарапшы. 

Ирина Млодиктың сөзінше, ондай ұл балалар әке болуға дайын емес, себебі әке болу - инвестиция. 

"Сондықтан әйел адам қиналып, тіпті ажырасып кететін қиын сәт туады. Ал ажырасқан кезде ол әкесімен кездестірмей қоюы мүмкін. Бала әкесінен айырылады. Оны әке болуға дағдыламақ болған адамынан да айырылады. Бұл әбден мүмкін жағдай", - дейді маман. 

Сондай-ақ психолог Ирина Млодик жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның сөзінше, балаға интернетті дұрыс пайдалануды үйрету керек. 

"Балаға манипуляцияның не екенін үйретіп, оның торына түсіп қалмауды, бейтаныс адамдарға телефон нөмірін, мекенжайын айтпау керегін түсіндіру керек. Кез келген жағдайда әке-шешесіне жүгіну керегін түсіндіру керек", - дейді психолог. 

Эфир видеосын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан тамашалауға болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети