25 наурыз 2017 21:15

Димаш Құдайберген 3-орын алып, байқаудың финалына шықты - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Hunan TV арнасынан байқаудың 10-шы кезеңі көрсетілді. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.

Осылайша Димаш Құдайберген автоматты түрде байқаудың финалына шығып отыр. "Ол 11-ші кезеңге қатыспайды, себебі байқауға орта жолдан қатысатындар өзара бақ сынайды. Ал Димаш шығып отырған финалдың өзі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде ол жалғыз ән айтса, екінші кезеңде дуэт болып ән орындайды. Алайда әзірше оның кіммен ән шырқайтыны белгісіз", - деді әншінің өкілі Алпамыс Шаримов.


© Алпамыс Шаримов

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов I am a Singer музыкалық байқауының финалында қазақстандық әншінің кімдермен сынға түсетіні жайлы айтып берді. 

"Дәл қазір финалдамыз. Финалға жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Димаш және онымен бірге Сэнди Лэм (Sandy Lam), гонконгтық топ Lions бар. Әрине, бұл біз үшін өте қуаныш. Осы кезге дейін қазақтың халық әнін де орындадық, еуропалық танымал әндерді де орындадық. Әлемге танымал және қытайдың сүйікті әндері орындалды. Димаш көрермендерді барынша таңғалдыруға тырысты. Соның арқасында бүгін финалға жетіп отыр", - деген еді әншінің өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети