Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді

14 Сәуір 2017, 16:11
1
Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді - © Astana Opera/Карла Нур
© Astana Opera/Карла Нур

Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бибігүл Төлегенова жас әншіге танымал  I Am a Singer байқауы финалының алдағы кезеңіні сәттілік тіледі. Айта кетейік, байқау жеңімпазы ертең 15 сәуірде сенбіде анықталады.

"Құрметті, Димаш, біз - сенің жанкүйерлерің, фанаттарың сенен үлкен жеңіс күтеміз. Мен саған "Славянский базар" байқауына қатысқанда батамды берген адам, саған тағы да осы үлкен байқауға батамды беріп жатырмын. Бүгінде тек бүкіл Қазақстан мен Қытай емес, сондай-ақ, бүкіл әлем саған жанкүйер болып жатыр. Біз сенің басты фанаттарыңбыз, себебі біз сенің жерлестеріңбіз", - деді Бибігүл Төлегенова.

Жақында Астана жастары Димаш Құдайбергенге қолдау көсрсету мақсатында флешмоб ұйымдастырған болатын. Флешмобқа шамамен 20 адам қатысқан, олардың ішінде Димаш Құдайберген оқитын Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері де бар.

"Біз оның мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз. Ол байқаудың барлық кезеңінде №1 болды деп санаймыз және ол финалда мұны дәлелдейді. Оған оның шығармашылығы үшін көп рақмет айтқымыз келеді. Ол еліміздің беделін, мәдениетін, тілін жоғары көтерді. Димашқа деген сезімдерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес деп ойлаймын", - деді флешмоб ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, ертең 15 сәуірде Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a Singer байқауының финалында өнер көрсетеді. Финал сағат 22:00-де, "Хабар" арнасынан көрсетіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, Димаш Құдайберген әлемге әйгілі әнші Майкл Джексонның репертуарынан поппури орындайды.

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай