30 мамыр 2017 15:38

Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты жерге, ал Димаш Құдайбергенді көкке теңеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қазақстандық әншілер Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.


КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қазақстандық әншілер Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

Айта кетейік, таяуда Желіде Бибігүл Төлегенованың "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатының үзіндісі пайда болған еді. Видеода ол Димаш Құдайбергенді "көкке", ал Қайрат Нұртасты "жерге" теңеген.

Осы пікіріне қатысты ойын толық жеткізуін сұрағанымызда Бибігүл Төлегенова шын мәнінде екі әншіге осылай баға беретінін растады. 

"Бізде Қайрат сияқтылар мыңдаған. Мен қазір 88-демін. Осы жасыма дейін осындай қаншама "құбылысты" көрдім. Ал солар қайда? Қайрат тойларда ән айтатын адам, ол жергілікті орындаушы. Қайратты бізден басқа кім таниды, сұрап көріңіздерші (...) Ал біз оны Димашпен салыстырамыз. Екеуінің арасы жер мен көктей (...) Мен Қайрат Нұртасты әнші деп есептемеймін, тілімді кесіп алсаңыздар да солай. 5 жылдан кейін Қайрат болмайды, оған қазірдің өзінде еліктеп шығып та жатыр. Себебі мұндай өнер бәрінің қолынан келеді. Ал Димашқа еліктеу өте қиын. Димаштай болу үшін нәпақа табуға тойға бармай, бала күніңнен бастап оқуың керек", - деді Төлегенова.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың продюсері Гүлзира Айдарбекова Қайратты Мейрамбек Бесбаевпен, Төреғали Төреәлімен, Ернар Айдармен, қала берді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс емес екенін мәлімдеген болатын. 

Осының алдында Төлегенова Димаш Құдайбергенге I Am a Singer байқауы финалында жеңіске жетуін тілеп, батасын берген болатын. Айта кетейік, байқауда қазақстандық әнші екінші орын алды.

Еске салайық, Бибігүл Төлегенова 2014 жылы да Қайрат Нұртасты дарынсыздығы үшін сынап, қазіргі эстрадада сол сияқты "біркүндік жұлдыздардың" толып кеткенін айтқан болатын. Ал кейін Қайрат Нұртас Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети