24 қаңтар 2021 16:45

Алматы облысында үш адам мінген көлік жартастан құлай жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ТЖМ "Республикалық жедел құтқару жасағының" құтқарушылары жартастан құлай жаздаған үш ер адамды құтқарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ТЖМ "Республикалық жедел құтқару жасағының" құтқарушылары жартастан құлай жаздаған үш ер адамды құтқарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 23 қаңтар күні сағат 3:50-де ҚР ТЖМ РЖҚЖ кезекшідиспетчерлік бөліміне хабарлама келіп түскен. Қарасай ауданындағы көк-лай-сай шатқалында құтқарушылардың көмегі қажет болды.

"Жас жігіттер отырған көлік тауға шыққан кезде жолдан шығып кетіп, оң жағындағы екі доңғалақ жартастың үстінде қалған. Көлік артқы бөлігі ағашқа тірелір, жартастан құлауына жол бермеді. Көлікте үш адам болған, олар салоннан шыға алмады, өйткені жеңіл көлік құлап кетуі мүмкін еді. Жағдай әр минут сайын қиындаған: көліктің жанармайы таусылып, жастар тоңып қалған", - деді РЖҚЖ-ның баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар эвакуацияны бастамас бұрын, полиспаст көмегімен машинаны бекітіп, оны жартастан шығарып, екі трос жіптің көмегімен машинаны қауіпсіз жерге қарай сүйреген. Кейін зардап шеккендер көліктен шығарылған. Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети