08 қаңтар 2021 15:30

Емізулі баласы бар әйел аязда тасжолда қалып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

ШҚО полицейлері аяз салдарынан жолда қалып қойған жүргізушілерді құтқарып жатыр. Олардың көмегіне әйел жүргізушілер айрықша қуанышты. Полицейлер бір әйелдің көлігінің дөңгелегін ауыстырып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Емізулі баласы бар әйел Семей қаласының сыртындағы тасжолда көлігінің дөңгелегі жарылған соң бір сағаттай тұрып қалған. Оған полиция қызметкерлері көмектесті.  

"Артық дөңгелек те жарамай қалды. Біз тасжолда 40 минут тұрдық. Бұл кезде бірнеше көлік өтті, алайда біреуі де тоқтамады. Бір кезде патруль көлігі келді. Өздері көлігімнің дөңгелегін ауыстырып берді. Оларға алғыс айтамын", - деді жас ана Мәдина.

Осы жылдың алғашқы аптасында облыс жолдарында қырық градус аязда ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері 90 жүргізушіге көмектескен. 1 қаңтардан бері аймақта қатты аяз болып тұр. Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети