1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға

Оралдағы атыс: дәрігер оқ тиген жігіттің жағдайын айтты29 қазан 2020, 17:53

Скрин видео Скрин видео

Оралда жанармай құю станциясында болған атыстан зардап шеккен науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда 24 жастағы Кималь Носков хирургия бөлімінде емделіп жатыр. Дәрігердің айтуынша, науқастың жолы болған. Маман Кималь жарақат салдарынан мүгедек болып қалуы мүмкін болғанын айтады.

Операция барысында дәрігерлер науқастың сол бүйрегін, көкбауырын, аш ішектің жартысын алып тастаған. Атыс кезінде оқ оның өкпесіне, диафрагмасына және тоқ ішегіне тиген.

"Науқастың жағдайы орташа ауыр. Ол өз күшімен тұрып, жүре алады. Оның жолы болды", - дейді облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ербол Есеев.

Оралдағы атыс: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

Жанармай құю станциясының жанында болған атыстан зардап шеккен жігіт "Жас дәурен" балалар үйінің тәрбиеленушісі болып саналады. Кималь Носков "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде тұрған. Кейін ол астаналық лицейге ауысып, слесарь мамандығы бойынша білім алған. Ол спортпен шұғылданғанды жақсы көреді екен. Мекеме директоры жанжал қызға байланысты туындауы мүмкін екенін айтады.

"Кималь жаман жігіт емес. Ол Ресейге барып, жұмыс істеп келді. Кейін Оралға қайта оралды. Жалдамалы жұмысшы болып еңбектенді. Балалардың ешқайсы шабуыл жасаған жігіттерді білмейді. Олармен Кималь бірге оқыған. Ауруханадағы Кимальға оның әпкесі күтім жасап жүр. Оларға көмек керек", - дейді "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов.

Еске салайық, 20 қазанда Оралда Шолохов көшесіндегі VenОil жанармай құю станциясында атыс болған. Салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!