24 қаңтар 2021 15:12

Шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Tengrinews.kz Коллаж Tengrinews.kz

Жол апатынан қайтыс болған шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жол апатынан қайтыс болған шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 қаңтарда сағат 1.20-да Бурабай курорт аймағында жол-көлік оқиғасы болды деген хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері "Көкшетау-Бурабай" тасжолының 8 шақырымында Mercedes Benz 500G көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашқа соқтығысқаннан сол жерде қайтыс болғанын анықтады", - деді полиция өкілдері.

 Полиция өкілдері көлікте болған 1984 жылғы жолаушы түрлі дене жарақатын алып, "жабық ми жарақатымен" аудандық ауруханаға жеткізілгенін атап өтті. Жолаушының айтуынша, олар "Үлкен Шабақтыдан" балық аулап келе жатқан.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі іс ашылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды және тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қайтыс болғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети