24 қаңтар 2021 11:34

Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Olympic.kz сайтынан Фото Olympic.kz сайтынан

Қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарына төрт рет қатысқан спортшы жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған. Апат 24 қаңтарға қараған түні Ақмола облысында Бурабай ауылына жақын жерде болған.

Николай Чеботько универсал шаңғышы болғандықтан, ол жарысқа кез келген қашықтықта  қатыса беретін.

2013 жылы Валь-Ди-Фьемде әлем чемпионатында үшінші орын алған. Сондай-ақ ол Азия ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иегері болатын. 

"ҚР-ның Ұлттық Олимпиада комитеті елдің спорт қауымдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Оны талантты шаңғышы, нағыз олипиадашы, керемет адам ретінде еске аламыз", - делінген сайтта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети