22 қазан 2017 14:35

15 жастағы алматылық қыз греплингтен әлем чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Динара Муратова. © instagram.com/igoldanduniverse Динара Муратова. © instagram.com/igoldanduniverse

15 жастағы алматылық қыз Динара Мұратова Қазақстаннан шыққан тұңғыш рет греплингтен әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


15 жастағы алматылық қыз Динара Мұратова Қазақстаннан шыққан тұңғыш рет греплингтен әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Әлем біріншілігі Әзірбайжан астанасы Баку қаласында қазанның 18-21 аралығында өтті. Динараның айтуынша, ол осыған дейін джиу-джитсудан өткен әлем чемпионаттарында екі рет жеңімпаз атанған.

"Қазақстаннан Бакуге әр түрлі салмақта және әр түрлі жастағы шамамен 60 адам бардық. Менің әр елден жиналған қарсыластарым көп болды, бірақ мен оларды еш қиындықсыз жеңдім. Мен секілді тағы бір қазақстандық қыз "алтын" медаль жеңіп алды, алайда оның бірде-бір қарсыласы болмағандықтан, ол автоматты түрде бас жүлдені алды", - дейді жас спортшы.

Динараның айтуынша, ол мектеп табалдырығын аттаған бастап спортпен шұғылданып келеді екен. Ата-анасы өзін өзі қорғай білуі үшін спорттық секцияларға берген. Динара отбасында ең кішісі, оның әпкесі мен ағасы бар. Ағасы да спортшы. Динара Fight club: Mascarenas team клубының мүшесі. Оның бапкері бразилиялық Иран Маскаренас.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети