05 ақпан 2014 14:20

2050 студент отандық олимпиадашыларды қолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет kaznau.kz сайтынан Сурет kaznau.kz сайтынан

ҚазҰАУ студенттері Сочиде ел намысын қорғайтын спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында арнайы флеш-моб акциясын ұйымдастарады деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2014 жылдың 7 ақпан күні күні сағат 9:30-да ҚазҰАУ бас ғимаратының алдында, Сочи қаласында өтетін XXII Қысқы Олимпиада Ойындарына еліміздің намысын арқалап баратын спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында, университет жастарының ұйымдастыруымен 2050 студент қатысатын (Елбасының "Қазақстан-2050" стратегиясын қолдау символикасы ретінде) арнайы флеш-моб акциясы өтеді. 7 ақпан – бұл Сочи Олимпиадасының басталатын күні. Ресми деректерге сүйенсек, аталмыш дүниежүзілік додада Қазақстан намысын қорғауға спорттың он түрі бойынша 52 спортшы аттанған. Төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі спорт додасына әлемнің 90 мемлекетінен 3000-нан астам спортшы қатыспақ. Сочи-2014 Олимпиадасында спорттың 15 түрінен 98 медаль сарапқа салынбақ. Байрақты бәсекеде бап пен бақ сынайтын спортшыларымызға зор табыстар тілейміз. Аталған Шара Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментіне қарасты салауатты өмір салты орталығының қолдауымен өтеді. Өтетін орны: ҚазҰАУ, Бас ғимараттың алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети