10 қазан 2021 09:05

Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде қарсыласын сенімді жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/ufc Фото: instagram/ufc

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 39 турнирінде ол колумбиялық Сабина Мазоны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

24 жастағы спортшы қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. 

Жекпе-жек бойы екі файтер де белсенді болып, шабуылдауға тырысты. Бірақ басымдық қазақстандық спортшыда болды. Үшінші раундта Мазо жекпе-жекті белсенді өткізе бастады. Бірақ Мария да сәті келгенде шабуыл жасап тұрды. Агапованың бір соққысы қарсыласқа дөп тиіп, Сабина нокдаунға түсті. Артынша қазақстандық спортшы қылқындыру әдісін жасап, жеңіске жетті.  

View this post on Instagram

Публикация от ufc (@ufc)

Еске салайық, бұл Агапованың әлемдегі промоушендегі үшінші жекпе-жегі болды. Кейінгі рет октагонға 2020 жылы тамызда шығып, америкалық Шэна Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілген. Сол кездесуден екі ай бұрын UFC-де дебютін өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті жеңген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети