25 шілде 2014 20:43

Әлемдік "Гран-При": Қазақстан волейболшылары Австралияны тас-талқан етіп жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Турнирге қатысушылар: ©volley.kz Турнирге қатысушылар: ©volley.kz

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт ғимаратында воолейболдан әйелдер арасындағы әлемдік "Гран-При" турнирінің бірінші күні өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт ғимаратында воолейболдан әйелдер арасындағы әлемдік "Гран-При" турнирінің бірінші күні өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірден айта кетейік, биылғы "Гран-При" турнирінде Қазақстан құрамасы "С" дивизионында ойнайды.Өйткені, үстіміздегі жылдан бастап Халықаралық волейбол федерациясы ұлттық құрамалардың рейтингіне қарап, үш топқа, яғни "А", "В" және "С" дивизионындарына бөліп тастаған.

"С" тобында біздің құрамадан бөлек Чехия, Хорватия және Австралия құрамалары Алатау баурайына өзара мықтыны анықтауға келді. Турнир алдындағы тартылған жеребенің қорытындысы бойынша Алматыдағы "Гран-При" турнирінің шымылдық ашу матчында Чехия мен Хорватия құрамасы кездесті.

Бұл өте тартысты өткен кездесуде чех қыздары 3:1 есебімен басым түсті. Тең дәрежеде өткен алғашқы кезеңде олар жігерлік танытып, 32:30 есебімен жеңсе, екінші кезеңді 25:21 есебімен ұтты. Қатарынан екі партияда қарсыластарына есе жіберіп алған "шақпақ" жейделі қыздар естерін жиын, 19:25 есебімен үшінші кезеңді өз пайдасына аяқтады. Бірақ Хорватия құрамасы қыздарының төртінші кезеңде қарсыластарына шамасы жетпей, 25:20 есебімен ұтылып қалды.

Чехия - Хорватия 3:1 (32:30, 25:21, 19:25, 25:20)

Чехия - Коссаниова, Ходанова, Трнкова, Гавличкова, Вукличка, Смутна, Ванзурова, Млежкова, Чилмучка, Квапилова, Спасилова.

Хорватия - Бозичевич, Грбач, Сенна, Йелич, Калеб, Топич, Цитуб, Йерков, Милош, Ковачич, Сучич.

Турнирдің бірінші матчы аяқталған соң "Гран-Придің" ресми ашылу салтанаты болды. Елімізде осымен үшінші рет өтіп жатқан турнирді биыл Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ашып, қала қонақтары мен спортшыларға сәттілік тіледі. "Құрметті қонақтар мен "Гран-Приге" қатысушы спортшылар, Алматыға қош келіпсіздер. Алматы Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық орталығы емес, сонымен қатар еліміздің мәдениет және спорттық орталығы болып табылады. Өздеріңіз білесіздер, біз қазір 2017 жылғы қысқы Универсиаданы қабылдауға дайындалып жатырмыз. Одан бөлек біздің қала 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер үш қаланың тізімінде. Мен осы орайда Алматыға бұл турнирді өткізуге сеніп тапсырғаны үшін Халықаралық волейбол федерациясы мен Қазақстанның волейбол федерациясына алғысымды білдіргім келеді. Спортшыларға сәттілік, жанкүйерлерге жақсы ойын көруді тілеймін", - дейді қала әкімі.

Ал турнирдің бірінші күнінің екінші ойынында Қазақстан құрамасы Австралия волейболшыларымен ойнады. Негізі бұл ойынның басында рейтинг бойынша да, деңгейі бойынша да Қазақстан құрамасы қарсыласқа қарағанда жоғары тұды. Оны Александр Гутор шәкірттері алаңда да дәлелдеп, "жасыл" құрлықтан келген аруларды 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Кездесудің бірінші кезеңінде австралиялықтар әжептәуір қарсылық көрсеткен еді. Бірақ Корина Ишимцева бастаған Қазақстан арулары қарсыластың қарқынын басып, бірінші партияны 25:21 есебімен өз пайдаларына шешті. Екінші кезеңде жас ойыншылардан құралған Аустралия құрамасы шаршап қалғандай болды. Бұл олқылықты орынды пайдаланған Қазақстан құрамасының әуедопшылары екінші кезеңді де, үшінші кезеңді де 25:16 есебімен өз пайдаларына шешті. 

Қазақстан-Австралия 3:0 (25:21, 25:16, 25:16)

Қазақстан - Мудрицкая, Анарқұлова, Исаева, Ягодина, Фендрикова, Омельченко, Ишимцева, Стороженко, Анарбаева, Береснева,  Наседкина.

Австралия - Осадчук, Пайн, Гуннингхам, Годфрей, Савеа, Уолтер, Кудзиэла, Донаван, Риив, Хайнес, Райдер. 

Енді біздің бұрымдылар «Гран-Придің» екінші күні, яғни 26 шілдеде  Хорв,атия құрамасымен, ал Аустралия қыздары Чехия құрамасымен ойнайтын болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети