24 қараша 2014 16:37

"Алматы-марафонға" дайындық аясында "Күзгі жүгіру" шарасы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы-марафон ©Алматы-марафон

22 қараша күні Алматыдағы Ботаника бағында "Алматы-марафон" дайындығы шеңберінде "Күзгі жүгіру" шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


22 қараша күні Алматыдағы Ботаника бағында "Алматы-марафон" дайындығы шеңберінде "Күзгі жүгіру" шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. Олар 10-нан 14 жасқа дейінгі балалар (екі шақырым) және ересектер (10 шақырымға жуық) болып жарысты. Алғашқы үш орынды иеленген желаяқтарға мақтау қағаздары, медальдер мен шара демеушісі дайындаған бағалы сыйлықтар берілді.

"Бүгін біз тұңғыш рет аралық жүгіруді өткіздік. Шараға қатысушылардың жүздеріне қарағанда, олардың бәрі риза! Келешекте біз "Алматы-марафонның" аралық жүгірулерін тоқсанына бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз. "Алматы-марафон" дайындығы үшін мұндай жарыстардың пайдасы зор деп есептейміз. Марафонның аясында өтетін шаралардың бәрі бір мақсатты көздейді: оңтүстік астанада салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау! Сонымен бірге, басқа да мақсаттар бар, оның бірі - қайырымдылық", - деді "Алматы-марафон" ұйымдастыру комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева. 

Бұл жолы қайырымдылық шарасына Алматыдағы Ботаника бағының ұжымы қолдау білдірді. Ботаника бағына жүгіруге келген адамдардан жиналған қаражат "Қайырымдылықтың ерікті қоғамы" ("ДОМ") қорына аударылды. "ДОМ" қоры ауыр дерттерге шалдыққан балаларды қаржылай қолдауға маманданған. Қаладағы бірегей қорықта желаяқтар түрлі табиғи аймақтар арасына салынған бағыттармен жүгірді. Атлеттер әдемі алқаптардан, қарағайлы орманнан, асфальт жолдардан және қамыстардың арасынан да өтті.

Еске сала кетейік, IV "Алматы-марафон" қайырымдылық жарысы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Қатысушылар 42 шақырым 195 метр қашықтықты жүгіріп шығуы керек. Мұның алдында "Алматы-марафон" ұйымдастырушылары жарысқа қатысқысы келетін адамдар үшін қалалық фитнес-клубқа төрт абонементті ұтысқа салды. Осылайша бұрын спортқа көңіл бөлмей келген қала тұрғындарына ірі спорттық шараға тегін дайындалуға мүмкіндік берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети