Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы марафонына 25 елден желаяқтар келеді

15 Сәуір 2014, 15:11
0
©Almaty-marathon.kz
©Almaty-marathon.kz

Үшінші рет өткізілетін Алматы қайырымдылық марафонына 25-тен астам елден адамдар қатысады. Тіркелгендердің қатары 10 мыңға жуық, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Түрлі қашықтыққа жүгіруге ниет білдіргендердің арасында АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Литва, Швеция, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің азаматтары бар. Биыл Алматы марафоны Марафондар мен жүгірулердің халықаралық қауымдастығы күнтізбесіне енген. Бұқаралық шарадан түскен қаржы науқас балаларды емдеуге жұмсалады. Соның ішінде, бірінші кезекте қаржы шұғыл операцияға мұқтаж Дарина Лик пен Артем Кузнецовтың емделуіне аударылады. Үш жасар Даринаның миында, екі жасар Артемнің көз торында қатерлі ісік бар. Науқас бүлдіршіндер қазір Оңтүстік Кореяда, олардың операциясына жалпы көлемі 350 мың доллар қаражат қажет.

Марафонға қатысушылар міндетті түрде жарна төлеуі керек, сондай-ақ оған тіркелмей-ақ қатысуға да болады. Тіркелмегендердің мәліметі есепке алынбайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш шақырым қашықтыққа жүгіруге тіркелгендердің арасында жас ана бар, ол қашықтықты арбадағы баласын сүйретіп жүгіріп шығады. Сол сияқты бір алматылық марафонға итімен бірге қатысады, қожайынға қауіпсіздік шарасын сақтау ескертілді.

"Алматылықтардың бәрін марафонға мереке тәрізді қарауға шақырамын. Бұл - бұқаралық шара, мұнда бастысы - көңіл күй, адамдардың өзара қарым-қатынасы. Сондықтан қашықтыққа жүгіргенде бар күшті салудың қажеті жоқ, марафонға өз нәтижесін жақсарту үшін қатысатын спортшылар бар, қалғандары жай ғана ләззат алу үшін жүгіруі керек", - дейді марафонның бас серіктесі Astana Motors компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов.

Еске салайық, "Бірінші болуға батылдық!" атты ІІІ қайырымдылық марафоны 20 сәуір күні өтеді. Жарыс сағат 08.00-де ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан басталады. Желаяқтар 3, 10, 21 және 42 шақырым қашықтықтары бойынша жүгіреді. Сонымен бірге, командалар қатысатын экиден сайысы болады. Бұл күні марафонның сөреден Орталық стадионға дейінгі жарыс жолында көлік қозғалысына түгел тыйым салынады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай