Алматы марафонына қатысушыларды тіркейтін орын ашылды

25 Наурыз 2014, 10:59
0
Алматы марафонына қатысушыларды тіркейтін орын ашылды - ©Аlmaty-marathon.kz
©Аlmaty-marathon.kz
Алматыда қайырымдылық марафонына қатысушыларды тіркеу жалғасып жатыр. Ұйымдастыру комитеті бұған дейін тіркеуді сайтта іске асырса, енді марафонға қатысушылар ұйымдастырушылармен бетпе бет отырып та өтініш бере алады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жуырда Mega Alma-Ata сауда – ойын-сауық орталығында марафонның тіркеу орны ашылды.

Тіркеу орны Mega-ның екінші қабатында, тамақтану аймағында орналасқан. Бұл жерге келіп өтініш берген адам мәре нөмірі мен қажетті жадынамаларға ие болады. Жадынамада марафонға қатысатын адамға арналған пайдалы кеңестер мен таңдалған қашықтықтың бағыттары жазылған. "Мәре нөміріне барлық халықаралық стандартқа сай келетін нидерландылық MyLaps хронометраж жүйесінің электронды чипі бекітілген. Бұл жүйе чекпойнттарға алаңдамай жүгіруге мүмкіндік береді және жүгірген адамның уақыт көрсеткішін онлайн режимде тіркейді", - дейді ұйымдастырушылар.

Марафонға қатысушы ретінде тіркеліп, мәре нөмірін алу үшін жеке куәліктің көшірмесі, алғашқы жарна және өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті мойнына толық алатыны туралы қолхат талап етіледі. Қолхаттың үлгісі мына жерде. Тіркеу тұрағында еріктілер қызмет етеді, олар өтініш білдірушілерге көмектесіп, тиісті кеңестер береді. Тұрақ сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады, тіркеу сәуірдің 10-ына дейін созылады.

Еске сала кетейік, "Бірінші болуға батылдық!" атты ІІІ қайырымдылық марафоны Алматыда 20 сәуір күні сағат 06.00 – 15.00 аралығында өтеді. Халықаралық мәртебесі бар шараға қатысушылар төрт түрлі қашықтық және экиден сыны бойынша жүгіре алады. Марафоннан түскен қаржы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеуге және онкологтарға қажетті жабдықтар алуға жұмсалады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай