22 маусым 2019 11:28

Алматыда Денис Тен ескерткіші ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге ескеркіш қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған. 

Осыған дейін, мүсінші Санкт-Петербургтен келген Матвей Макушкин екені айтылған еді. Ол сондай-ақ Алматыдағы Төлебаев көшесіндегі Виктор Цойдың мүсінінің авторы. Оны 2018 жылдың маусым айында орнатты.

Сонымен қатар, 20 шілдеде "Алматы Арена" спорт кешенінде Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді. Шоуға атақты мәнерлеп сырғанаушылар, жаттықтырушылар мен Денистің достары қатысады.

Денис Тен Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 2018 жылы 19 шілдеде автоұрылармен қақтығыс салдарынан қайтыс болды. Олар спортшының сан артериясына пышақ ұрған. Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар сот алдында жауап берді. 2019 жылы 17 қаңтарда оларға үкім шықты - ерлер 18 жылға, ал қыз - төрт жыл бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети