29 қаңтар 2017 11:37

Алматыда Универсиада-2017 алауы эстафетасы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Алматыда 28-ші Халықаралық қысқы Униерсиаданың өтуіне ұйымдастырылған Эстафета алауы тұтанды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Алматыда 28-ші Халықаралық қысқы Униерсиаданың өтуіне ұйымдастырылған Эстафета алауы тұтанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Универсиада алауын ҚазҰУ студенті Айсұлу Ерниязова Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке табыстады. Қала әкімі алау эстефетасын Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге жеткізді. Қазір эстафета қала ішінде жалғасуда.

 

Алау эстафетасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан бастау алды, ал жалпы жолдың бағдары мынадай: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Тимирязев көшесі - Манас көшесі - Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Гоголь көшесі - Сейфуллин даңғылы - Төле би көшесі - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі - Сәтбаев көшесі - Достық даңғылы - Республика Сарайы. 

Еске салайық, осы бағыттар бойынша сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жолдар жабылады. Алматыда Универсиада факелын алып жүретін танымал адамдардың есімдерін мына жерден көре аласыз. Айта кетейік, Vesti.kz, Tengrinews.kz және Massaget.kz сайттары кіретін Effective Media Liaison ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин Абай мен Сейфулин даңғылдары қиылысқан жерден эстафета алауын алып жүреді. 

"Ардақты алматылықтар, қадірлі жастар, спортсүйер қауым! Сіздермен осы жұлдызды сәтте бірге болғаныма өте қуаныштымын. Қазақтың ежелгі түсінігіндегі оттың иесі, от киесі, от - ана, барша ізгіліктер мен жақсылықтардың бастауы. Халқымыз үшін ең қастерлі Отан, отбасы деген сөздердің түбірі осы от сөзінен шыққан. Универсиада ойындары тек студент жастардың ғана сайысы емес, бұл әлем халықтарының достық пейілі мен көтеріңкі көңіл-күйінің жарқын көрінісі. Дүние жүзіндегі ауқымды дода Елбасының қолдауымен қасиетті қазақ жерінде тұңғыш рет өтіп отыр. Бұл әлем жұртшылығының Қазақстан Республикасы мен оның жасампаз халқына, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ерекше сенімі және лайықты құрметі. Универсиада алауының тұтату рәсімі еліміздің барлық өңірлерінде өтіп, оған 100-ден астам ЖОО-ның студенттері қатысты. Астанадағы алауды Елбасының өзі тұтатты. Міне, Универсиада алауы Алматы төріне де келіп жетті. Баршаңызды бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Универсиада, қанатыңды кең серпі! - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.


©Владимир Дмитриев

Айта кетейік, Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети