21 қазан 2014 16:37

Астанада "Әлем Барысына" қатысатын балуандардың салмағы өлшенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

23 қазанда кешкі сағат 19:00-де "Хан Шатыр" сауда жəне ойын-сауық орталығында қазақ күресі тарихында алғаш рет өткелі
отырған "Əлем Барысы" халықаралық турнирінің қатысушылары арасында ресми салмақ өлшеу рəсімі өтеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлап отыр.


23 қазанда кешкі сағат 19:00-де "Хан Шатыр" сауда жəне ойын-сауық орталығында қазақ күресі тарихында алғаш рет өткелі
отырған "Əлем Барысы" халықаралық турнирінің қатысушылары арасында ресми салмақ өлшеу рəсімі өтеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Салмақ өлшеу рəсіміне əлемнің ең мықты балуаны атағы үшін белдесетін 35 мемлекеттің спортшылары қатысады. Турнирге əлемнің тəжірибелі тарландары қатысады, олардың қатарында дзюдодан Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кубалық Видал Брайсон, Чехияның дзюдода өз есімін қалыптастырған  мықты балуаны, дзюдодан әлем чемпионы Лукаш Крпалек, дзюдодан Австралияның абсолюттік жеңімпазы Джейсон Безуденхут жəне басқа да атақты балуандар бар. Турнирде Қазақстанның намысын 4 балуан қорғамақ, олар:

- Бейбіт Ыстыбаев, "Қазақстан Барысы – 2012" республикалық турнирінің жеңімпазы;
- Айбек Нұғымаров, "Қазақстан Барысы – 2013" республикалық турнирінің жеңімпазы;
- Асыл Барменов, "Қазақстан Барысы – 2014" республикалық турнирінің күміс жүлдегері;
- Руслан Əбдіразақов, "Қазақстан Барысы - 2014" республикалық турнирінің қола жүлдегері.

Турнир 25 қазан күні сағат 12:00-де Павлодар қаласының "Астана" мұз сарайында өтеді. "Əлем Барысы" халықаралық турнирінің жүлде қоры - 150 мың доллары, ол сома төмендегідей етіп бөліске түседі:

- 1 орын - $100 000
- 2 орын - $20 000
- 3 орын - $10 000
- 4 орын - $6 000
- 5 орын - $4 000
- 6 орын - $3 000
- 7 орын - $2 000
- 8 орын - $2 000
- 9 орын - $1 500
- 10 орын - $1 000

Дәстүр бойынша көрермендер арасында автокөлік ұтысқа салынып, жеңімпаздардың бірі Nissan Almera көлігін иеленеді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети