16 тамыз 2016 05:35

Ауыратлет Александр Зайчиков Қазақстан қоржынына оныншы медальді салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыратлет Александр Зайчиков қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ауыратлет Александр Зайчиков қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жұлқа көтеруде отандасымыз 193 келіні еңсеріп, алғашқы жаттығу бойынша үшінші орынды алған еді. Бірінші және екінші орындарда өзбекстандық екі зілтемірші Руслан Нурудинов пен Иван Ефремов жайғасты. Олар 194 келіні көтерді.

Ал серпе көтеруде Зайчиков 223 келі салмақты еңсерген. Кейінгі екі мүмкіндігін жерлесіміз пайдалана алмады. Сөйтіп, Зайчиков 416 ұпаймен үшінші орын алды. Ал бірінші орынды Руслан Нурудинов алды. Өзбек спортшысы 237 келіні еңсеріп, Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс медаль Армения спортшысына бұйырды.


© AFP

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети