29 қыркүйек 2021 14:20

Ауыратлет Линдердің өлімінен кейін құраманың бапкері қызметтен шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Седов. Фото: wfrk.kz Сергей Седов. Фото: wfrk.kz

Сергей Седов ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сергей Седов ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федерация құраманың бұрынғы мүшелері бапкерлік штабты айыптау туралы істі тергеу аясында комиссия құрылатынын мәлім етті. Оған сарапшылар мен спорт ардагерлері енді.  

Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Тапсир Меңдіхан төраға болатын комиссия ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Сергей Седовті қызметінен шеттету туралы шешім шығарды.  

"Тергеу барысында Комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі Стерликов А.А.; I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі Соловьева О.; ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, ҚР спортшылар одағының мүшесі Подобедова С.; ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Нуралинов А. Д. енді.

Федерация баспасөз қызметі Алматы облыстық полиция департаменті ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Осыған байланысты ҚР ААФ тергеуге қажет барлық қолдауды көрсетуге ниетті екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети