Азиада-2014: Алтын дәметкен қызымыз күміспен шектелді

28 Қыркүйек 2014, 20:38
0
Азиада-2014: Алтын дәметкен қызымыз күміспен шектелді - Фотоны түсірген - Данияр Майлыбаев
Фотоны түсірген - Данияр Майлыбаев

ХVІІ жазғы Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан қоржынына алтын түскен жоқ. Бір күміс, екі қоланы қанағат тұттық, - деп хабарлайды "Алаш айнасының" Оңтүстік Кореядағы арнаулы тілшісі.

Азия ойындарында алтын әперемін деп сендірген әйелдер күресіндегі Гузель Манюрова күміспен шектелді. Ол ширек финалда Корея, ал жартылай финалда Тайпэй қыздарын жеңгенімен, финалда Қытай аруы Ф.Жоуға қарсылық көрсете алмады. Есеп 0:11-ге жеткенде белдесу тоқтатылды.

55 келіде бақ сынаған Айым Әбділдина 7-орынды қанағат тұтты. Ол бірінші айналымда өзбек қызын ұтқанымен, ширек финалда үнді үмітінен ұтылып қалды.

Еркін күрестен ерлер арасында да бір жүлдемен шектелдік. 97 келідегі Мамед Ибрагимов үшінші орынға ие болды. Ал 65 келідегі Дәурен Жұмағазиев 9-орынға табан тіреді.

Жеңіл атлетикадан 100 метрлік қысқа қашықтыққа жүгіретін қыздарымыз финалға өте жоғары нәтижелермен шыққан. "Мүмкін алтын да бұйырып қалар" деп тықыршып едік. Болмады.

Мәре сызығын Қытай және Жапония қыздарымен иық тіресе қиған Ольга Сафронова тек үшінші болды. Өкінішті. Жүлдегерлер секундтың ондаған бөліктері арқылы ғана жіктелді. Ал Виктория Зябкина төртінші орынды иеленді.

Жалпы, дәл қазір ел қоржынында 40 медаль (9 алтын, 11 күміс, 20 қола) бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай