20 қыркүйек 2014 12:33

Азия ойындарының алғашқы сынында мергендеріміз мүлт кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлделері. Фото incheon2014ag.org сайтынан7 ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлделері. Фото incheon2014ag.org сайтынан7

 Бүгін таңертең Инчхонда ХVІІ жазғы Азия ойындарының алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


 Бүгін таңертең Инчхонда ХVІІ жазғы Азия ойындарының алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Астана уақытымен таңғы сағат 5-те (жергілікті уақытпен 8:00-де) нысана көздеуден алғашқы жүлделер сарапқа салынды. Тапаншамен нысана көздеген мерген қыздар 10 метрлік қашықтықтан, ал жігіттер 50 метрлік қашықтықтан сынға түсті.

Осыдан төрт жыл бұрын Гуанчжоуда қыз-жігіттеріміз дәл осы жаттығуларда алғашқы алтылыққа іліккен болатын. Сондықтан қола жүлде болсын, бұйырып қалар ма екен деп дәмеленген едік... Алайда бұл жолы мергендеріміздің бақтары жанбады. Тіпті ондыққа ілігудің өзі мұң болды.

Қыздар арасындағы таманшаман 10 метрлік қашықтықтан нысана көздеу сынында Юлия Дришлюк 27-орынды, Зәуреш Байбосынова 30-орынды, ал Юлия Комендра 34-орынды қанағат тұтты. Яғни Қазақстан қыздары финалға да шыға алмай, тіпті нәтижелерінің қорытындысы бойынша командалық сында да жүлдеге іліге алмады.

Ерлер арасындағы тапаншамен 50 метр қашықтықтан нысана көздеуде Владимир Исаченко 12-орынмен, Вячеслав Подлесный 28-орынмен, Рашид Юнусметов 31-орынмен шектелді. Ауызекі тілмен айтқанда, жігіттеріміз де финалға шыға алмай, қыздарымыздың жолын құшты.

Алғашқы сыннан қыздарымыздың екеуін сөзге тартқан едік. Енді солардың пікірлеріне көз жүгіртіңіздер.

Зәуреш Байбосынова, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Осыдан төрт жыл бұрынғы Азия ойындарында соңғы сәтке дейін жүлдеден үмітімізді үзбей, тіпті бірінші орынға да таласқанбыз. Сәл ғана ұпай айырмасымен жүлдеден тыс қалып едік. Бұл жолы алғашқы ондыққа да іліге алмадық. Бәрі де жақсы, ауа-райы да жанға жайлы, нысана көздейтін иммарат та тамаша. Бірақ біз сенім үдесінен шыға алмадық. Себебін нақты кесіп айту да қиын. Енді 25 метрлік қашықтықтағы сынға дайындаламыз.

Юлия Комендра, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Әрине, алғашқы сайысты жақсы бастау маңызды еді. Өкінішке қарай, біз алғашқы сында жоғары нәтиже көрсете алмадық. Өз басым толғанғандықтан болар, нысана көздейтін иммараттың іші кең, қоңыр салқын болса да, ыстықтап кеттім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети