23 қыркүйек 2014 20:36

Азия ойындарының төртінші күні тоғыз жүлде жеңіп алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоны түсірген Данияр Майлыбаев Фотоны түсірген Данияр Майлыбаев

ХVІІ жазғы Азия ойындарының төртінші тәулігі Қазақстан қоржынына жүлде жауған күн болды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


ХVІІ жазғы Азия ойындарының төртінші тәулігі Қазақстан қоржынына жүлде жауған күн болды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Азия ойындарының алғашқы үш күні 9 (2 алтын, 2 күміс, 5 қола) медаль алсақ, бүгін тура сол үш күн бойы титықтап жинаған жүлделерімізді бір-ақ алдық. Яғни – 2 алтын, 2 күміс, 5 қола.

Сонымен дәл қазір жалпы командалық есепте өзіміз меже тұтқан ІV орынға орналастық. Еншімізде – 18 медаль (4 алтын, 4 күміс, 10 қола).

Алтын

Қазақстан құрамасы (Анастасия Давыдова, Мария Дмитренко, Оксана Середа) – стенд ату, трап, командалық сын;

Дмитрий Баландин – жүзу, брасс, 200 метр;

Күміс

Екатерина Руденко – жүзу, шалқалап жүзу, 50 метр

Қазақстан құрамасы (А.Мұқанов, Д.Ықыбаев, А.Қалқаманұлы, М.Раков, Т.Болат, Е.Шынкеев, Е.Сметов) – дзюдо, командалық сын;

Қола

Қазақстан құрамасы (Диана Паманша, Юлия Живица, Тамара Почекутова, Татьяна Приходько) – семсерлесу, қылыш, командалық сын;

Қазақстан құрамасы (Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексанин) – семсерлесу, шпага, командалық сын;

Қазақстан құрамасы (Александра және Екатерина Немич, Дания Талғатова, Әйгерім Анарбаева, Айсұлу Наурызбаева, Әмина Ермаханова, Кристина Тыныбаева, Юлия Кемпель, Алина Маткова, Ксения Качурина) – суда мәнерлеп жүзу, командалық сын;

Қазақстан құрамасы (Кәмилә Керімбаева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева) – теннис, әйелдер арасындағы командалық сын;

Нұрсұлтан Тұрсынқұлов – ушу, 75 келі.

Сонымен қатар, ауыратлет Карина Горичева жүлдеге іліге алмай, төртінші орынды қанағат тұтты. Негізі, қоссайыс қорытындысы бойынша Карина да үшінші орын алған Солтүстік Корея қызы да, 247 келіні еңсерген болатын. Бірақ Горичеваның салмағы 61 грамм ауырлау болғандықтан, қола жүлде КХДР қызына бұйырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети