18 наурыз 2014 15:19

Бабенко бабына енді келе бастағандай

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет alau.info сайтынан Сурет alau.info сайтынан

Конькимен жүгіру спортынан алыс қашықтықтарға жүгіретін стайеріміз Дмитрий Бабенко Голландияда өткен әлем кубогының ақтық сынында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Херенвенде (Голландияда) өткен әлем кубогының ақтық сынындағы 5000 метрлік қашықтықта бақ сынаған қазақстандық Дмитрий Бабенко 8-орынға ие болды. Ол бірінші жұпта голланд жүйрігі Франк Врегденхилмен бірге жүгіріп, одан озып кетті. Уақыты – 6.27,45. Бірақ 5000 метрлік бәйгенің қорытындысында сегізінші болды. Үшінші орынды иеленуге 2,2 секунд қана жетпеді. Бір көңіл аударарлығы, ол бұл бәйгені өте жоғары қарқында бастады. Сөреден шыққаннан кейін 200 метрлік белгіге дейін екінші нәтиже көрсетті. Бұл жолы да голланд дүлдүлдерінің шоқтығы биік болды. Олар бірінші және екінші орындарды иемденді: Джоррит Бергсма (6.13,80) және Ян Блокхайзен (6.19,03). Осы бәйгеден соң 5000 метрлік қашықтықтың әлем кубогы аясындағы қорытындысы шығарылды. Дмитрий Бабенко қорытынды есепте 128 ұпаймен 16-орынға ие болды. Негізі, 15-орындағы ресейлік Иван Скобревтің еншісінде де – 128 ұпай. Бірақ ол әлем кубогының үш кезеңіне ғана қатысып, осынша ұпай жинаған. Ал біздің Бабенко алты кезеңнің бәріне, атап айтқанда, Калгаридегі (16 ұпай), Солт-Лейк-Ситидегі (12 ұпай), Астанадағы (11 ұпай), Берлиндегі (32 ұпай), Инцельдегі (21 ұпай) және Херенвендегі (36 ұпай) кезеңдік жарыстарының бәріне қатысып шықты. Осы қашықтықтағы қорытынды есепте голланд дүлдүлі Джоррит Бергсма теңдесіз шықты. Ол әлем кубогының бес кезеңіне ғана қатысып (Астанаға келмесе де), жалпы есепте 500 ұпай жинап, өзгелерден қара үзіп кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети