23 қыркүйек 2014 10:28

"Барыс" клубы бас бапкерінің жазасы қысқартылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Назаров. РИА Новости© Андрей Назаров. РИА Новости©

Құрлықтық хоккей лигасы тәптіптік бақылау комитетінің басшысы Валерий Каменский "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаровтың жазазын қысқартудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Құрлықтық хоккей лигасы тәптіптік бақылау комитетінің басшысы Валерий Каменский "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаровтың жазазын қысқартудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз Назаровтың хатын қарау, оның жаза мерзімін қысқартуды мүлдем ойластырып жатқан жоқпыз. Жаза сол күйінде қалады. Ол ҚХЛ-ның барлық тәртібіне сай, әділетті шықты. "Барыстың" бас бапкері лиганың ережесін бұзып, өзіне тиісті жазасын алды. Менің ойымша, кешірім туралы сұраудың да қажеті жоқ. Бұл барлық бапкерлерге сабақ болуы керек. Мақсатымыз Назаровты жұрт алдында қаралау емес. Бірақ тәртіптік бақылау комитеті өзінің шешімін орындау керек, басқа жағдайда шу шығуы мүмкін", - дейді ол. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, елордалық клубтың бас бапкері алты ойыннан шеттетілген еді. "Барыстың" бапкері үш тармақ бойынша жазаға тартылды: өзін тәртіпсіз ұстағаны үшін, мұзайдынға зат лақтырғаны, төрешіні жәбірлегені және әдепсіз қылығы үшін. Сондай-ақ оған 160 мың рубль (752 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Содан кейін Назаров сұхбатында Астанадан кетпейтінін және оның жазасы командаға еш әсерін тигізбейтінін айтты. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети