18 наурыз 2014 16:01

"Барыс" спорт клубы жеткіншектерге белбеу тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Абылайхан Қылышбаев Фото: Абылайхан Қылышбаев

Алматыда "Барыс" таэквондо клубы өрімдей жас спортшыларын аттестациядан өткізіп, белбеу тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Барыс" таэквондо клубының бұл рәсімінде жас бүлдіршіндерден бастап, жасөспірімдерге дейін аттестациядан мүдірмей өткендер сары белбеуден қара белбеуге дейін иеленді. Барлығы 110 жеткіншек өз шеберліктерін паш етіп, олардың ішінде үшеуі қара белбеу иегері атанды. Басым көпшілігі – халықаралық додаларда жүлдеге ілігіп жүрген өрімдей қазақ жастары. Жалпы, "Барыс" таэквондо клубы (орталығы) 2008 жылы құрылған. Орталықтың құрылу мақсаты – таэквондоның біздің елдегі даму барысына үлес қосу және Қазақстан құрамаларына жоғары деңгейлі спортшылар дайындап отыру. Бұл орталықтың президенті – елімізге танымал спорт қайраткері Амалбек Тшанов. Жақында вице-президенті ауысып, бұл қызметке Рүстем Тұрғанбаев бекітілді. Қазіргі таңда орталықтың құрамында жасы бар, ендігі бұғаналары бекіп, халықаралық додаларда жүлдеге ілініп жүргендері бар, яғни деңгейлері әр түрлі 500-ге тарта спортшы бар. Барлығы дерлік – қазақтың қара домалақ ұл-қыздары. Оларға 12 бапкер шығыс өнерінің осы түрін үйретіп, қыр-сырына қандыруда. Осы бапкерлердің төртеуі жоғары дәрежелі маман да, біреуі – халықаралық деңгейдегі төреші. Бұл клубтың жас таэвондошылары орталықтың іргесі қаланғалы бері республикалық және халықаралық додаларға қатысып, бапкерлерін көңілге қонымды нәтижелерімен қуантып жүр. Кезінде қазақ топырағына марқұм Мұстафа Өзтүрік әкеліп, "дәнін" сепкен спорт түрі осыдан бірер жыл бұрын жаңа бір орталықпен толыққан екен. Сол клуб жабылып қалмай, қазақтың қарадомалақтарын осы бір шығыс өнеріне абыроймен баулып жүр. Әрі мұнда ай сайын төленетін жаттығу (дәріс) бағасы да – едәуір төмен. Өз кезегімізде, "Барыс" таэквондо клубы бапкерлеріне еңбектеріңіз жемісін беріп, бейнетеріңіздің зейнетін көріңіздер демекпіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети