27 қазан 2021 11:55

Бейжіңде өтетін Олимпиаданың медальдары қандай?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дейін 100 күндік тойлау аясында ұйымдастыру комитеті спортшыларға берілетін медальдар дизайнын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сайтына сілтеме жасап.


Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дейін 100 күндік тойлау аясында ұйымдастыру комитеті спортшыларға берілетін медальдар дизайнын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сайтына сілтеме жасап.

Марапаттар "Тун Синь" деп аталды, бұл "бірге, біртұтас" деген мағынаны білдіреді. Медальдың алдыңғы жағына бес олимпиада сақинасының логотипі салынған, айналасына ағылшын тілінде ойындардың толық атауы бар. Артқы жағында эмблема және қытай тілінде ойынның толық атауы бейнеленген.

Медальды жасағанда Қытайдағы дәстүрлі әшекейлерді безендіруден шабыт алғаны аталды.

"Олимпиада ойындарының қағидаларына сәйкес, алтын, күміс және қола медальдардың пішіні қарапайым және 2008 жылғы жазғы ойындардың медальдарына ұқсайды, сонымен қатар, Пекинді жазғы және қысқы ойындарды өткізетін алғашқы "Қос олимпиадалық қала" ретінде көрсетеді", - делінген ХОК хабарламасында.

Еске салайық, 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжің қаласында өтетін Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтетіні туралы шешім қабылданған болатын. Билеттер тек Қытай тұрғындарына сатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети