04 желтоқсан 2018 09:26

Дамир Ысмағұлов қарсыласына сыйлық жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей атынан шыққан қазақ файтері Дамир Ысмағұлов қарсыласы Алекс Горджеске сыйлық жасады. Ол төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жеткен еді. 


Ресей атынан шыққан қазақ файтері Дамир Ысмағұлов қарсыласы Алекс Горджеске сыйлық жасады. Ол төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жеткен еді. 

Лақапаты "Хитмэн" аустралиялық спортшы Горджес жекпе-жектен кейінгі әсерін бөлісіп, жеңімпаздан алған сыйлығын, Қазақстан шоколадын көрсетті. 

"Өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Қарсыласым Дамир Ысмағұловты үлкен жетістігімен құттықтаймын. Жеңіліс сағымды сындырмады, келесіде одан да күшті болып келемін. Шоколад пен бейсболкаға рақмет, сақтап қоямын", - деп жазған Горджес Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Дамир Ысмағұлов Аустралиядағы Аделаида қаласында өткен UFC Fight Night 142 турнирінде дебютін жасады. Оның қарсыласын октагонның қожасы Алекс Горджес болды. Үш раундтан кейін Ысмағұлов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Октагонға ол қазақ әнінің сүйемелдеуімен Ресей және Қазақстанның туын желбіретіп шықты. Кейінірек ол неге мұны істегенін түсіндірді. Сонымен қатар, Ысмағұлов UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ болды.

Осы жекпе-жек үшін Ысмағұлов 23 500 доллар алды: 10 000 доллар рингке шыққаны үшін, 10 000 - жеңісі үшін және 3 500 долларды демеуші ретінде Reebok берді. Оның қарсыласы Горджес 13 500 доллар алды. Ал турнидегі ең көп гонорар Марк Хантке, 765 000 доллар берілді. Оның 750 000-ы жекпе-жекке шыққаны үшін және қалған 15 000 долларды Reebok берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Unfortunately I didnt get the win today, congratulations to my opponent @ismagulov_damir on the great win, I'm humble in defeat and I will be back bigger and stronger... by the way thank you for the chocolate and amazing hat I will cherish this and hold this forever ???? This is only the start of my career, I took this fight on 9 days notice with 12kgs to cut theres no excuses but what iam thankful for is that im at the age of 23 and just been signed to the UFC my future will be bright ❤ My friends, family and fan if I dont reply to you I'm sorry but I'll be back with a bigger post tomorrow, untill thwn iam eating cakes and fast foods ???????????????????????????????? #Teamhitman #att4lyf #ufc #assyrian #kazakh #illbeback #humble #poletto #supplementwarefare #fratellipizzeria #blacktownphysioclinic #blessed #ufcadelaide #choclate #kazakhhat #thankyou #warrior #sujitsu #kaliljujitsu

Публикация от The Hitman #ATT4LYF (@hitman_att)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети